мөлшерін білген жағдайда, олардың құнарлылығын немесе энергиялық құнын
анықтауға болады.
Тәулігіне 3000 ккал жұмсайтын адам,өз ағзасының энергиялық қажеттілігін
толығымен қанағаттандыруы үшін тәулігіне қанша мөлшерді қабылдауы
керек?
А. 732 грамм көмірсу.
В. 732 грамм май.
С. 150 грамм ақуыз.
D. 732 грамм ақуыз және 732 грамм көмірсу.
Сұрақ 2
:
Зат алмасу
Бұлшық ет қызметі, белсенді қозғалыс, дене шынықтыру жаттығулары және
спорт энергияны көп жұмсауды талап етеді. Нәрлі заттардың құндылығын
ескере отырып, оларды ауыстыруға болады.6-кестедегі пайымдаулар дұрыс па?
6-кесте – Зат алмасу
Р/с
Пайымдаулар
Иә/жоқ
1
Энергиялық құндылық тұрғысынан 1 г көмірсу 1 г ақуызға
тең
Иә/жоқ
2
Егер тағамға ақуызды көп пайдаланатын болса, онда артық
салмақ болмайды
Иә/жоқ
3
Ағза үшін тағамның жалпы құндылығы ғана маңызды
Иә/жоқ
4
Тағам мөлшерін құрастыру барысында қарқынды және
ауқымды жаттығу күндері спортшылардың энергия
жұмсауының ұлғаюын есепке алу қажет
Иә/жоқ
Жүйке жүйесі, жүрек, тыныс алу бұлшықеттері, бүйрек, бауыр және басқа
да ағзалар үздіксіз қызмет жасайды және энергияның белгілі мөлшерін
тұтынады. Мысалы, жүрек үлкен жұмыс атқарады. Ол әр сағат сайын қолқаға
300 л шамасында қан лақтырып отырады. Бұл жұмыс қышқылдану үдерісі
қарқынды жүріп жатқан жүрек бұлшықеттерінің жиырылуы есебінен жүзеге
асырылады. Босаған энергияның нәтижесінде бұлшық еттердің механикалық
жиырылуы қамтамасыз етіледі де соңында барлық энергия жылу энергиясына
ауысады, ол ағзаға тарайды және қоршаған кеңістікке беріледі. Ұқсас үдерістер
адам денесінің әр органында жүреді. Әр жағдайдың ең соңында
электр,механикалық және химиялық басқа да энергия түрлері жылу
энергиясына ауысады және сыртқы ортаға шығады.
Достарыңызбен бөлісу: