146
5. Қауіп-қатер
5.1. «Экстремалды мамандықтар» кешенді тапсырмасы
Мәтіндерді оқып, 1-5 тапсырмаларды орындаңыз.
Экстремалды мамандықтар
Сіздердің көпшілігіңіз суда жақсы жүзесіздер, кейбіріңіз жақсы
сүңги аласыздар. Көпшілігі жүзуді үйренгісі келеді. Ата-анасымен
бірге саяхаттаған кейбір балалар, су астында кәсіби сүңгуірлермен
сүңгу мүмкіндігіне ие болды және су асты әлемінің әдемі
суреттерін бақылай алды.
Бірақ акваланг кәсібі болып табылатын адамдар бар.
Олар үнемі өздерін экстремалды факторларға ұшыратады -кейде
өмір мен өлімнің шекарасында болады. Біз сүңгуірлер мен су
астынан інжу-маржан теретін сүңгуірлер туралы айтып отырмыз.
Інжу-маржан сүңгуірлері бала кезінен бастап дайындалады,
игерілген шеберлік, олардың өзіндік кәсіби құпиялары болды.
Тәжірибелі сүңгуірлер су астында 2 минут, ал рекордшылар – 6-7
минут және 15-30 метр тереңдікке дейін түседі. Су тереңінен інжу-
маржан терушінің ағзасы үлкен тереңдікке үнемі сүңгу жағдайына
бейімделген.
147
Достарыңызбен бөлісу: |