Байланысты: Батыс Еуропаның ХХ-ХХІ ғасыр жастар субмәдениеті және олардың қа-emirsaba.org
Қазақстандағы субмәдениет жастардың батыс мәдениетiне елiктеуiнен, әр түрлi сән үлгiлерiне, әуендерiне қызығушылығынан туған. Елiмiзде, әсiресе, өрiмдей жастардың арасында рэппер мәдениетi кең тараған. Дегенмен, мұндай әуендi тыңдағанда “жастарға рэп несiмен қызықты екен?” деген сұрақ туады. Сонымен бiрге бұл мәдениеттiң астарында ұлттық мәдениеттен адасып, халықтық салт-дәстүрден мақұрым, ұлттық музыка өнерiнен хабарсыз жас ұрпақтың тағдыры жатқандай.
Мұндай топтарға жастар қай жолмен келеді немесе не әсер етеді дейтін болсақ, ол жастардың тікелей психологиялық ерекшелігімен байланысты, яғни ең алдымен, ата-аналары мен мектеп тарапынан болатын бақылаулардан босауға деген ұмтылыстан, эмоцияға аса берілгіштіктен, жасөспірімдік әсірелеушіліктен, өмірге қатысты ойларының тым мінсіздігінен, адамгершілік ұстанымдарының тұрақсыздығынан, жеке адами құндылықтарының қалыптаспауынан. Оларға нағыз өмір туралы нақты кеңестер беріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Сондықтан отбасы жағдайы, мектеп қабырғасы жастардың қалыптасуының негізі болып табылғандықтан жастармен тең дәрежедегі позициясын ұстанып, тәрбиеге көбірек көңіл бөлгені дұрыс.
Қорытынды
Қорыта келгенде , тарихи жастардың өсіп дамуы әр кезеңде ерекшеленіп өзгеріп отырған. Әр уақытта және әр елде маңызды рөл , орын алғандықтан күрделі проблемаларды шешу мақсатында жан-жақты қарастырып зерттеген. Әр заманында жастарға сын көзбен түсініспеушілікпен қараған. Жастар ұйымдарының саны бар да, сапасы жоқ.
Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор А.Н.Тесленко сұхбатында Қазақстан жастарының ондай топтарға деген қызығушылықтың төмен екендігін айтады. Себебі біздің ментальдық ерекшелігіміздің, тәрбиеміздің, салт-дәстүрді ұстанатындығымызға байланысты. Қазақстан жастарына «субмәдениет» ұғымы таныс болғанымен оған түбегейлі бетбұрыс жоқ деген пікірде.
Менің ойымша, дәл сол біздің менталитетіміздің, тәрбиеміздің арқасында жастарымыздың арасында ондай еліктеушілік аз. Әр қазақ отбасында діни сенім туралы көбірек айтылғанында дұрыс болар еді. Еліктеушілік түгілі ол туралы ой болмаста еді. Мысалы мен өзім кішкентаймнан әртүрлі субмәдениет топтарын көріп өскенмін. Түрлі мультик-киноларда көрсететін. Бірақ соған қарамастан менде ондай топтарға еліктеушілік мүлде болмаған, ерекше бір маңыздылық танытпадым. Себебі отбасымда Ислам дінін танып, қазақ салт-дәстүрлерін көріп өскенмін.
http://emirsaba.org