Батыс Еуропаның ХХ-ХХІ ғасыр жастар субмәдениеті және олардың қазақстандық жастардың құндылықтар жүйесіне әсері Синквейн әдісімен



бет2/2
Дата14.11.2022
өлшемі5,34 Mb.
#50048
1   2
Байланысты:
Культорология СӨЖ-2. Қалабаева Т.

Қазақстандағы субмәдениет жастардың батыс мәде­ниетiне елiктеуiнен, әр түрлi сән үлгiлерiне, әуен­дерiне қызығушылығынан туған. Елiмiзде, әсiресе, өрiм­дей жастардың арасында рэппер мәдениетi кең тараған. Дегенмен, мұндай әуендi тыңдағанда “жастарға рэп несiмен қызықты екен?” деген сұрақ туады. Сонымен бiрге бұл мәдениет­тiң астарында ұлттық мәдениеттен адасып, халықтық салт-дәстүрден мақұрым, ұлттық музыка өнерiнен хабарсыз жас ұрпақтың тағдыры жат­қандай.
Мұндай топтарға жастар қай жолмен келеді немесе не әсер етеді дейтін болсақ, ол жастардың тікелей психологиялық ерекшелігімен байланысты, яғни ең алдымен, ата-ана­ла­ры мен мектеп тарапынан болатын ба­қы­лау­лардан босауға деген ұмтылыстан, эмо­­цияға аса берілгіштіктен, жасөспірімдік әсірелеушіліктен, өмірге қатысты ой­ла­ры­ның тым мінсіздігінен, адамгершілік ұста­ным­­дарының тұрақсыздығынан, жеке ада­ми құндылықтарының қалыптаспа­уы­нан. Олар­ға нағыз өмір туралы нақты кеңестер бе­ріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Сондықтан отбасы жағдайы, мектеп қабырғасы жастардың қалыптасуының негізі болып табылғандықтан жастармен тең дәрежедегі позициясын ұстанып, тәрбиеге көбірек көңіл бөлгені дұрыс.
Қорытынды
Қорыта келгенде , тарихи жастардың өсіп дамуы әр кезеңде ерекшеленіп өзгеріп отырған. Әр уақытта және әр елде маңызды рөл , орын алғандықтан күрделі проблемаларды шешу мақсатында жан-жақты қарастырып зерттеген. Әр заманында жастарға сын көзбен түсініспеушілікпен қараған. Жастар ұйымдарының саны бар да, сапасы жоқ.
Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор А.Н.Тесленко сұхбатында Қазақстан жастарының ондай топтарға деген қызығушылықтың төмен екендігін айтады. Себебі біздің ментальдық ерекшелігіміздің, тәрбиеміздің, салт-дәстүрді ұстанатындығымызға байланысты. Қазақстан жастарына «субмәдениет» ұғымы таныс болғанымен оған түбегейлі бетбұрыс жоқ деген пікірде.
Менің ойымша, дәл сол біздің менталитетіміздің, тәрбиеміздің арқасында жастарымыздың арасында ондай еліктеушілік аз. Әр қазақ отбасында діни сенім туралы көбірек айтылғанында дұрыс болар еді. Еліктеушілік түгілі ол туралы ой болмаста еді. Мысалы мен өзім кішкентаймнан әртүрлі субмәдениет топтарын көріп өскенмін. Түрлі мультик-киноларда көрсететін. Бірақ соған қарамастан менде ондай топтарға еліктеушілік мүлде болмаған, ерекше бір маңыздылық танытпадым. Себебі отбасымда Ислам дінін танып, қазақ салт-дәстүрлерін көріп өскенмін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет