Батыс Еуропаның ХХ-ХХІ ғасыр жастар субмәдениеті және олардың қазақстандық жастардың құндылықтар жүйесіне әсері Синквейн әдісімен



бет1/2
Дата14.11.2022
өлшемі5,34 Mb.
#50048
  1   2
Байланысты:
Культорология СӨЖ-2. Қалабаева Т.

Батыс Еуропаның ХХ-ХХІ ғасыр жастар субмәдениеті және олардың қазақстандық жастардың құндылықтар жүйесіне әсері Синквейн әдісімен

Тапсырған : Қалабаева Т. О.

Қабылдаған : Сарбасова А. Б.


Субмәдениет (лат. sub - төменгі, нем. kultur - мәдениет) - дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады.
Субмәдениет дегеніміз - қоғамнан оқшауланған өзіндік өмір сүру дағдысы бар, өмір сүріп жатқан қоғамдағы мәдениеттен өзгелеу, тіпті кейде оған наразы жастардың белгілі бір тобы жасаған мәдениет. Бұндай топтар өздерінің сөйлеу әдебімен, киім киісімен және басқа да белгілерімен ерекшеленеді. Имидж - бұл субмәдениет өкілдері үшін жай ғана киім емес, бұл өз кейпімен өзінің мәдениетін насихаттау болып табылады. «Субмәдениет» терминін 1950 жылы американдық социолог Дэвид Райзман ғылымға енгізген екен. Субмәдениеттің негізгі тірегі - жастар. Сол жастар арқылы жаман мәдениет жасап, қоғамға кері әсерін тигізуде.
Алғашқы кезде субмә­дениеттiң қалыптасуына музыкалық топтар әсер еттi. Мәселен, 1980 жылдан бастап Америкада роктың жаңа бағыты готик-рок өмiрге келдi. Нәтижесiнде готтар субмә­дениетi қалыптасты. Бұл мәдениеттi ұстанатындар готикалық әуендерге және мистикаға жақын келедi. Басты өзгешелiктерi – киiмдерi қара түстi, металл бұйымдарды тағуы және өздерiне тән макияж жа­сауын­да.
  • Готтар
  • Қорқынышты, дөрекі
  • Рок, қара(мрачно), макияж
  • Олар мұңды және суық, уақыт қаралаған күмістей.
  • Варварлар

90-жылдардан бастап жастар арасында эмо-кидтер мен киберпанктер субмәдениеті кең етек жайды. Қазіргі таңда эмолар мәдениеті ең жас болып есептелінеді. Соған қарамастан, жастар арасында аталмыш мәдениетке бой ұрғандар саны аз емес. Өйткені, жыл санап қоғамда жастардың білімнен алшақтауы белең алып барады. Көпшілігінің музыка мен білім-ғылымнан хабары болмағандықтан да «қараңғыда жеген тамақтың бәрі дәмді» демекші, қолы жеткен мәдениетінің жанына жармасып кете барады.
  • Эмо
  • Эмоционалды, депресивті
  • Романтизм, панк-рок, жұмсақ ойыншықтар
  • Бір чёлка жақсы, ал екеуі оданда күшті
  • Чёрно-розовый

ХХ ғ. 60-жылдары Сан-Францискода құрылған Хиппи субмәдениеті - жастар арасында пайда болған субмәдениеттердің ең алғашқысы. Оның мақсаты қоғамда болып жатқан күнделікті құбылыстарға, қалыпты жағдайларға қарсы шығу. Бұл мәдениетті ұстанатын топ өкілдері үнемі шулы жиындарды ұнатады, көңілді отырыстарда еркін көңіл көтеруді (ішімдік секілді) қалайды. Қарым-қатынастарға жеңіл қарайды. Табиғатты қорғауға, бітімгершілікке және жойылып бара жатқан жануарларды қорғауға қатысты көптеген қоғамдық қозғалыстар дәл хиппи субмәдениетінің негізінде пайда болды.
  • Хиппи
  • Босансыған, вегетарианшылар
  • Еркіндік, жиындар, радуга
  • «Соғыс емес, махаббат жасаңыз!»
  • «гүлдердің, көктемнің балалары»

ХХ ғ. 30-жылдары Америка Құрама Штаттарында
пайда болған топ – Байкерлер болды. Олар
мотоциклмен жүретін топтар. Киім үлгілері роккерлер стиліне
өте ұқсас. Түнгі клубтарды шарлап, кең трассаларда
мотоциклмен жүргеннен рақаттанады. Денелерінде
татумен жазылған түрлі бейнелер болады. Олар төрт дөңгелекті көлік құралдарының жүргізушілеріне, сонымен қатар жаяу жүргіншілерге агрессивті қарайды.
  • Байкер
  • Тәуелсіз, бүлікші
  • Мотоцикл, рок-н-ролл, сақалды ұзын шашты
  • Нағыз байкер үшін қайда бару маңызды емес
  • Түнгі қасқырлар

Ride to Work Day (орыс. «На работу на Байке"), халықаралық, 1992 жылы ұйымдастырылды, 2008 жылға дейін шілденің үшінші сәрсенбісінде, 2008 жылдан бастап маусымның үшінші дүйсенбісінде өткізілді.Labor Day (орыс. "Еңбек күні"), АҚШ-тағы ұлттық мереке қыркүйектің бірінші дүйсенбісінде атап өтіледі. Бұл күні клубтық іс-шаралар мен мотошерулер өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет