Тәжірибені реконструкциялаудың үшінші, маңызды жолы - (ғылыми әдістер негізінде) ойлауды жетілдіру.
Дьюи пікірінше, философияның негізгі міндеті жаңа ғылыми әдістерді қолдану арқылы тәжірибені жетілдіру болғандықтан, ең алдымен ғылыми әдістің өзі туралы сұрақ туады:
Ғылыми әдіс деген не?
Оның басты сипаты қандай?
Дьюи философиясында әдіс туралы ілімге маңызды орьын берілген. Дьюи пікірінше:
әдіс — білім алудың және алынған білімнің адам өміріне қызметінің тәртібі (процесі);
ғылым мен ғылыми әдістің басты міндеті - адамның діттеген мақсаттына оптималды жетуіне жағдай жасау;
ғылыми әдістің ақиқаттығы - мақсатқа жетуге жағдай жасауына байланысты: қолданылған әдіс көмегімен мақсат орындалған болса - әдіс ақиқат (дұрыс); ал мақсатқа апармайтын немесе жету жолын күрделендіретін әдіс - жалған;
демек, ғылыми әдіс — адам әрекетінің табысты болуының, мақсатқа жетудің құралы.