Батыс (отырықшы) және түркі (көшпелі) өркениеті: жалпы және жеке ерекшеліктері, дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі


Түркі дала өркениетінің пайда болу факторлары мен оның әлемдік өркениетке қосқан үлесі



бет2/3
Дата30.10.2022
өлшемі35,17 Kb.
#46195
1   2   3
Байланысты:
Тарих 1 сем жумыс (1)

Түркі дала өркениетінің пайда болу факторлары мен оның әлемдік өркениетке қосқан үлесі 
Жалпы, «Дала» деген ұғымды тек бір шөл деп ұғуға болмайды. Дешті Қыпшақ жерін басып не сан өзендер өтеді. Бір шеті Енесай, Онон мен Керулен, Ертіс, Тобыл, екінші шеті Жайық, Кәрі Каспий, Арал, Еділ Ұлы сахараның сәні мен әні еді ғой. Бүгінгі қазақ елінде 45000 өзен, 85000 көл атының болуы ойландырса екен. Ал Алтай, Ұлытау, Қаратау, Мұғаджар, Алатау, Орал таулары жер бедерін безендіріп тұрған жоқ па? Ендеше Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ сахарасы әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өркениет емес пе? Осы ұлан-ғайыр далада өркениет орнауға себеп болған факторлар қандай?
Бірінші, Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың басын қосты. Ол Еуропа мен Азияның қақпасы, тоқсан жолдың торабы еді.
Екінші, біздің жылсанауымыздан мың жылға жуық бұрын Алтайдан Донға дейін Еуразия сахарасында пайда болып, эволюциялық даму сатыларынан өтіп, бірегейлік, біртұтастық қадір-қасиеттерін сақтаған өркениет – Дала өркениеті 7000 км аралықта өрбіді. Бұл географиялық аймақта этномәдени тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара байланысты. Осы тектер тоғысында түркі тегі, оның бірегейлігі жеңіп шықты. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың аяқ шегінде адамдары ең жүйрік аңы — жылқыны үйретті. Салт атты көшпелілер пайда болды. Украинадағы Дерьевка елді мекені, Ресейдегі Воловад қонысы, Қазақстандағы (Көкшетаудағы) Ботай қонысындағы археологиялық қазбалар, т. б. осының дәлелі.
Үшінші, сайын дала Әму мен Сыр бойы арқылы Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен тоғысты.
Төртінші, Ұлы Далада барлық әлемдік діндер тоғысты. Шаманизм, тәңірге табыну, зердеш, пұтқа табыну, христиан, манихейлік, ислам – пенделердің рухани өміріне тірек болуға әрекет етті…
Бесінші, қыр баласы табиғи ортамен толық гармонияда болды. Дала перзенті еш бір шектеу дегенді білмеді. Оған творчестволық эволюция тән еді.
Алтыншы, Дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы еді. Бір ғана Сырдарияның орта және аяқ шегінде 300-ге жуық қалалар мен елді мекендер болды… Ендеше Еуразиялық сахарадағы көшпенділі дала мен қаланың синтезі еді.
Жетінші, аң стильді өнер дамыды.
Сегізінші, сайын даладағы көшіп-қону, экологияны сақтау, ұрпақ тәрбиелеу, демографиялық процесті жолға қою, сал-серілік дәстүр сияқты Дала этикасын, менталитетін орнатты.
Сонымен бірге Еуразия сахарасында мемлекеттік жүйенің небір түрлері шыңдалды. Ол түркі әлемі.
Түркі әлемінің алтын бесігі – Түркі елі (Бірінші, Түркі қағанаты 551-630; екінші, Түркі қағанаты 681-744 жж.) Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Ол сонау Маньчжуриядан Азов теңкізіне дейінгі жерді алып жатқан. Мұндай шексіз сахарада империяны кейін Моңғолдар, XVIII-XIX ғғ. Ресей ғана орната алды. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды. Біздің бабаларымыз тасқа қашап, болмыстарын хаттап кетті: «Когда вверху возникло Голубое небо и внизу Бурая земля, между ними обоими возник род людской и воссилени над людьми мои пращуры Бумын каган, Истеми каган. Воссев над царство, они учредили Эль (государство) и установили Тэрю (закон) народа тюрков. Имеющих головы они заставили склонить головы, имеющих колени они заставили преклонить колени. На восток и запад они расселили свой народ. Они были мудрые каганы, они были могущественные каганы».
Біздің жыл санауымызбен 545 жылы Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі келді. Сол кезден бастап, түркі елі халықаралық статусқа ие болды. Түрік қағанаты кейінгі Түргеш, Ұйғыр, Қарахан, Қырғыз, Хазар қағанаттарына, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттеріне, Алтын Орда Жошы ұлысына, Қазақ хандықтарына жол салды.
Дала өркениеті әлемдік дамуға қандай үлес қоса алды?
Бірінші, Тәңірлік дүниетанымды берді, Зердеш (Зороастр дінін таратты;
Екінші, металл қорытудың көне ордасы болды;
Үшінші, төл жазуын тапты;
Төртінші, жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі календарьлық дүниетанымды қалыптастырды;
Бесінші, әскери құрылымның далалық типін жасады, әскери өнердің ғажайып үлгілерін көрсетті;
Алтыншы, сымбат-архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін жасады, Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б.
Жетінші, дала гомерлері бай ауыз әдебиетін жасады. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келіпті.
Сегізінші, мемлекет басқарудың дала демократиясына сүйенген жүйесін жасады.
Тоғызыншы, шаруашылықтың негізі мал шаруашылығы бола тұра, адам баласы ойлап тапқан басқа түрлерін Дала перзенті қосалқы шаруашылық етті. Дала мен қала менталитетін будандастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет