Батыс (отырықшы) және түркі (көшпелі) өркениеті: жалпы және жеке ерекшеліктері, дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі



бет3/3
Дата30.10.2022
өлшемі35,17 Kb.
#46195
1   2   3
Қорытынды 
Отырықшы және көшпелілер өркениетінің әлемдік өркениетке маңызы зор болды:
1)тәңірлік дүниетанымды берді, Зердеш(Зороастр) дінін таратты;
2)металл қорытудың көне ордасы болды;
3)төл жазуын тапты;
4)жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі календарьлық дүниетанымды қалыптастырды;
5)әскери құрылымның далалық типін жасады, әскери өнердің ғажайып үлгілерін көрсетті;
6)сымбат-архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін жасады, Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б.;
7)дала гомерлері бай ауыз әдебиетін жасады. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келіпті;
8)мемлекет басқарудың дала демократиясына сүйенген жүйесін жасады;
9)шаруашылықтың негізі мал шаруашылығы бола тұра, адам баласы ойлап тапқан басқа түрлерін Дала перзенті қосалқы шаруашылық етті. Дала мен қала менталитетін будандастырды.
Артына терең тарихи мұра мен айтулы оқиғалар қаддырған, өзіндік мәдениеті қалыптасқан көшпелілер өркениеті түрік тілдес тайпалар мен халықгардың одан кейінгі тарихи дамуына да айтарлықтай үлес қосты.
Ендеше қазақ тарихы әлемдік өркениеттің құрамды бөлігі, оның әлемдік дамуға қосқан үлесі, ол – адамзат баласының мақтанышы, болашақ даму, шарықтау басқышы біз тәуелсіз елдің перзенті Отан өркениетін мақтан ете аламыз, ұлттық санамызға одан нәр ала аламыз. Сондықтан, оны оқытуға үйрету біздің міндетті борышымыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Отан тарихы, 1999, №1, 19-бет.
2. Л.НГумилев «Этногенез и биосфера земли». 3-х томник. Л., 1979, том 2, стр 112.
3. А.Сейдімбеков «Қазақ әлем – эномәдени пайымдау». Алматы, 1997, 45-бет.
4. Қараңыз: Взаимодействие кочевых оседлых культур на Великом Шелковом пути. Алматы, 1991, 95-бет.
5. Мұрад Аджи «Полынь половецкого поля». Москва, 1994, стр 84.
6. А.Сейдімбеков «Қазақ әлем – эномәдени пайымдау». Алматы, 1997, 62-бет.
7. Ана тілі, 1993, 47-49, 195, 38-беттер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет