Батыс тарих философиясыныњ негізгі


мән беру, ауызекі коммуникация формаларының сакральдығы



Pdf көрінісі
бет21/42
Дата21.09.2023
өлшемі1,93 Mb.
#109557
түріМонография
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
Байланысты:
қazaқtanu-tarih-filos.

мән беру, ауызекі коммуникация формаларының сакральдығы

Түркі көшпелілері мен оазис дихандарының болмыс тәсілінің өзі о 
бастан олардың басқаға (мейлі ол басқа жер болсын, мейлі басқадан 
болсын) деген «ашықтығын» қамтамасыз етеді. «Ұлы дала, қуаң табиғат, 
көшпелі өмір салты маңдайға жазылған соң, сол жазмышқа көндігудің 
бірден-бір кепілі – адамдар бірін-бірі жатсынбай, біріне-бірі арқа сүйеп 
қана өмір сүруі қажет. Бұл қажеттілікті терең сезінген көшпелілер 
«адамның күні адаммен» деген принципті тіршіліктеріне тірек еткен» 
[95, 152]. Сондықтан болар, көшпелілердің, соның ішінде, қазақтардың 
қауымшыл, көпшіл, елжанды болып келетіндігі.
Түркі мәдениетінің сұхбатшылығының тағы бір тіреуі – оның 
ауызекі сөзге негізделгендігінде жатыр. Жазулы сөз өзінің болашақ 
оқырманын есте ұстағанымен, оның дәл қазір дәл осы жерде отыруын 
міндеттемейді. Ауызша айтылып, құлаққа естіліп қана қоятын сөз – 
ауызекі сөз қашанда айтушы мен тыңдаушының бірдей қатынасуын 
талап етсе керек. Соның нәтижесінде тыңдаушысын көз алдында ұстап 
отыруға тиесілі ауызша сөзге негізделген қауымдық, ұжымдық өмірде 
адам тек акустикалық (дыбыстық естілетін) кеңістікте өмір сүрді. 
Шетсіз-шексіз, бағыт-бағдарсыз дыбыстық кеңістік синкретикалы 
(бөлінбеген, жіктелінбеген) сананың негізінде қалыптасады. Ол 
түркілердің өздерін табиғаттан, қауымнан бөліп-жарып қарастырмай-
тындығының басты себебін айқындаса керек.
Көшпелілердің негізгі коммуникация (байланыс) құралы тіл 
болғандықтан, ауызекі сөзге негізделген салт-дәстүрлер, әпсаналар 
(мифтер, әдет-ғұрыптар немесе, жалпылама айтсақ, фольклор) кеңінен 
дамыды және ұрпақтар мирасқорлығының негізі де сол болып табылады. 
Жазу-сызудың пайда болуы адамзатты естілетін дыбыстық 
(акустикалық) кеңістіктен көзге көрінетін (визуалды) көрнекі кеңістікке 
итермеледі. Ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан ақыл-өсиет, даналық ой, көпжыл-
дық тәжірибе нәтижесі ендігі жерде тікелей ауызекі айтылмай, жазылған 
және көзбен көріп, оқылатын мәтіндерге (текстерге) айналды. «Үйрек 
қауырсынынан жасалған қаламсап тіл үстемдігіне шек қойды; ол 


103 
өмірдегі қасиетті құпияны жоққа шығарды; ол сәулет өнері мен 
қалаларды, жолдар мен әскерді, бюрократияны дүниеге әкелді. Ол 
сананы тылсым көлеңкеден жарыққа шығарып, өркениетке бастама 
болған түбегейлі метафора болды» (М. Маклюэн). 
Захир ад-дин Бабыр өзінің тарихи суреттемелерінде сөз өнеріне 
ерекше мән береді. Ол әсіресе Әлішер бек Науаидің ақындық өнеріне 
тәнті болады, оның айрықша дарындылығын атап өтеді: 
«Әлішер бек теңдесі жоқ дарынды адам еді. Ол түрік тілінде өлең 
жаза бастағаннан бері, ешкім де соншалық жақсы, әрі көп өлең жазған 
емес. Ол алты мәснауи кітап құрастырды. Оның бесеуін Шейх Низамиге 
еліктеп «Бестармаққа» жауап деп, алтыншысын Низамише «Құс тілі» 
деп атады. Бұдан тыс ол төрт диуан ғазел құрастырды, олардың 
әрбіреуіне былай деп ат қойды: Балалықтың балғын шағы, Бозбалалық 
дәурен, Орта жастың әсерлі сәттері, Кәріліктің тәлімдік уағызы. Оның 
жақсы рубаяттары да, тағы бірнеше шығармалары бар, бірақ бұлар 
жоғарыда аталғандардан солғындау. Солардың бірі оның хаттары; 
Маулан Әбдірахман Жамиға еліктеп, әр кезде дос-жарандарына, түрлі 
адамдарға жазған хаттарын жинастырған, онысы әжептәуір жинақ 
болыпты.
Өлең ұйқасы жайында «Өлең өлшемінің таразысы» атты кітап та 
жазды, бұл біраз мін тағарлық кітап, жиырма рубаяттың мөлшерін 
анықтай отырып, оның төрт мөлшерінен қателескен; өзге өлшемдерінен 
де кемшілік бар. Өлең сөздің парқын білген, зерделі жанға мұны аңғару 
қиын емес» [87, 204]. 
«Бабырнаманың» сөз өнеріндегі ерекше орнына Қазақстан 
әдебиетшілері де үлкен қызығушылық танытады және бұл кездейсоқ 
емес. Біріншіден бұл тарихи дастанда қазақ халқының да құрамында 
болған дулат, жалайыр, қыпшақ сияқты көптеген тайпалардың арасынан 
шыққан сөз өнерінің шеберлері туралы көптеген қызықты деректер мен 
сараптамалар келтіріледі. Мысалы, Хасан Әли Жалайырға мынадай баға 
беріледі:
«Хасан Әли Жалайыр деген әкімі де болды. Оның шын аты-жөні 
Құсайын Жалайыр, бірақ жұртқа Хасан Әли деген есіммен көбірек 
танымал-ды. Оның әкесі Әли Жалайырға Бабыр мырза қамқорлық 
көрсетіп, оған бек дәрежесін берді; содан кейін Жәдігер Мұхаммед 
Гератты алғанда, Әли Жалайырдан жоғары адам жоқ-ты.
Хасан Әли Жалайыр Сұлтан Құсайын мырзаның кезінде құсбегі 
болды, ол ақын еді, өлеңді жазғанда Туфаил деген тахаллус есімді 
пайдаланатын. Қасиданы да жақсы ұйқастыратын, бір кезде сонымен
атағы шыққан. Тоғыз жүз он жетінші жылы мен Самарқанды алғанымда, 
Хасан Әли Жалайыр маған қызмет етуге келді. Ол менің қасымда бес-
алты жыл болды; маған арнап та жақсы бәйіт жазды». 


104 
Екіншіден, Бабыр шығармашылығы кейінгі қазақ әдебиетіне өзінің 
үлкен ықпалын тигізді. Бұл жөнінде белгілі әдебиеттанушы Мекемтас 
Мырзахметов Бабыр және Абай шығармашылықтарының сабақтастығы 
мәселесін алға қоя отырып, дәлелді ойларын алға тартады.
«Бабырнамадан» Абайдың қазақ тарихы үшін пайдаланған жерлері 
– негізінен Бабыр мен Шағатай нәсіліндегі Жүніс ханның ұлдары мен 
Жошы нәсіліндегі Шайбақ ханға (Шайбани ханға) байланысты деректер 
желісі. Абай бұларды бастан аяқ баяндауды мақсат тұтпаған. Өз пікіріне 
дәлел ретінде ең ұрымтал жерлерін сөз арасында өз оқырмандарының 
ұғымына орай қысқа, нақтылы әрі жүйелі түрде қосымша дерек-
мағлұматтар ретінде беріп отырған. Мысалы Абайдың «Әмір Темір 
нәсілінен Құмар Шаих баласы, белгілі Бабыр патшаның шешесімен бір 
туысқан екі бауыры болған. Үлкені Ташкентке хан болып, кішісі қазақты 
билеген. Бұлар Шағатай нәсілінен Жүніс ханның балалары болған. Сол 
қазақты билегенінің аты Ахмет екен. Сол өз уақытында аттанысқа 
жарарлық қазақтың үш жүз әскерін шығарып, үш жүз басына билетіпті. 
Әр жүздің халқы өз ынтымағымен бір туысқанға есеп болыпты. 
Қазақтың «Үш жүздің баласы» дейтұғыны – сол», – деп жазуындағы 
Жүсіп хан, Ахмет хан туралы деректері нақтылы түрде «Бабырнамадан» 
алынып берілсе, үш жүздің баласы жайлы ойлары қазақ халқының ой-
санасында ұрпақтан ұрпаққа ауысып, ел аузында таралған шежіре 
аңыздарға сүйеніп берілгені көрініп тұр.
Абай айтылатын Ахмет ханның (1439-1483) не себепті Алаша хан 
аталып кетуі жайындағы: «Ахмет хан қалмақты көп шауыпты, көп 
қырыпты. Қалмақ рахымсыздығына қарай «мынау бір алашы болды ғой» 
депті, жан алушы болды дегеннің орнына. Сондықтан ол кісі Алаша хан 
атаныпты. «Бабырнамада» солай жазылған. Сонан соң хан бұл атты 
қалмақ қорыққаннан қойды ғой, енді сіздер шапқан уақытта «Алашы-
Алашы» деп ұран-сүрен салыңыз деп бұйырып, бұларға айқай салғанда 
көп жанның айғайымен «алаш-алаш» деп кетіпті. Содықтан «алаш-
алаш» болғанда, Алаша хан болғанда, қалмаққа не қылмақ едік» деп, 
«алаш ұранды қазақ танған себебі сол екен» дейтін пікірдің негізі де 
«Бабырнамадағы»: Сұлтан Ахмет хан Алаша хан деген атпен мәшһүр 
болған еді. Алаша ханның мағынасы қалмақ, мұғыл тілінде өлтірушіні 
«алашы» деп атудан шыққан. Қалмақты нешеме рет шауып, қалың 
қолын қырғаны үшін «Алашы-Алашы» дей-дей соның әсерімен Алаша 
хан аталып кеткен екен» деген деректе жатқандығы анық. Сонымен 
бірге сол тұстағы оқиғаның аңыз болып, қазақ халқының арасында 
ұрпақтан ұрпаққа ауысуы арқылы да жетуі мүмкін [96]. 
7. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет