Батыс тарих философиясыныњ негізгі


Өзекті саяси-мәдени автостереотип және халықтың, биліктің



Pdf көрінісі
бет20/42
Дата21.09.2023
өлшемі1,93 Mb.
#109557
түріМонография
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Байланысты:
қazaқtanu-tarih-filos.

Өзекті саяси-мәдени автостереотип және халықтың, биліктің 
рәміздерімен байланыстылығын ұғыну.
«Бабырнама» мәтінінде автор 
өз халқының және әскерінің төмендегідей саяси құрылымдық 
ерекшеліктерін атап өтеді: 
- тектілік, даңқты ата-бабалар, басқа халықтар арасындағы бедел; 
- мұсылмандық құқық пен дәстүрлі ата-бабалар жолын сенімді 
сақтау; 
- басқа халықтар мен олардың заңдарынан, салт-дәстүрлерінен 
өзінің жоғарылығын сезіну; 
- жасасқан шарттарды орындау; 
- қабылданған шешімдердің «даналығы», «әділеттілігі» және 
«құдайылығы». 
Биліктің басты рәмізі – Алла берген патшаның жеке-дара 
қабілеттері. Тағы бір ескертетін жәйт – орталықазиялық әскери негіздегі 
мемлекеттерде тайпалар мен халықтардың ұрандары рәміздік сипатта 
болған. Осы жөнінде Захир ад-дин мынадай деректер келтіреді: 
«Ұран екі түрлі болады. Бірі - әр тайпаның өз ұраны, мәселен, бір 
тайпаның ұраны «дүрдана», енді бірінікі «тұқай», тағы бірінікі – «ұлу», 
бүкіл әскерге ортақ бір ұран болады. Соғыс кезінде екі сөзді ұран 


102 
белгіленеді, яғни айқасқа беттеген екі адамның алғашқысы ұранның бір 
сөзін айтқанда, екіншісі сол ұранның екінші сөзін айтуға міндетті, сонда 
барып дос пен дұшпанды ажыратады. Бұл соғыста белгіленген ұран 
«Ташкент» пен «Сайрам» болатын; «Ташкент» десе – «Сайрам», немесе 
«Сайрам» десе «Ташкент» деп жауап қайыруы керек. Бұл айқастың 
алдында Қожа Мұхаммед Әли деген сарт болатын, оның қатты сасқаны 
соншалық, «Ташкент!» «Ташкент!» деп ұран шақыра беріпті. Моғолдар 
мұны дұшпан деп ұғып аттандап, барабанын даңғыратып жіберіпті. Осы 
жалған дүрбеленнің кесірінен орын таппай қайтып кеттік. Ойлаған іс 
орындалмай, салпақтап Ошқа оралдық» [87, 199]. 
6. 
Орталықазиялық басқару жүйелеріндегі кеңеске, сұхбатқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет