123
Тарихи сана – қоғамдық сананың, оның барлық элементтерінің,
формалары мен жүйелерінің маңызды қыры. Сондықтан оны мейлінше
көп кездесетін сананың «формасы» арқылы анықтау (А.Ю. Левада, А.И.
Ракитов) дәл келмейтіндей көрінеді. Шын мәнінде, тарихи өлшем
адамның қоғамдық болмысының, оның құбылмалылығының шешуші
сипаттамасы болып табылады. Өткен жолын белгілей отырып, адам
өзінің әлеуметтік сапасын да, оның нақтылығын да аңғарады.
Сонысымен ол өзін әлеуметтік үдеріспен бірегейлендіреді және онан
бөліп айрықшалайды. Тарихи сана
әлеуметтік субъектті мәдени-
тарихи үдеріске енгізудің
факторларының бірі түрінде көрінеді.
Тарихи сана өзінің антиномияларымен ерекшеленеді. Ең алдымен
бұл
«өткен шақ – осы шақ»
оппозициясы, мұндағы өткен шақ ұзақ
мерзімділік, үдерістік, орнықтылық, қалыптасқандықты білдірсе, ал осы
шақ тез ағымдылық, ахуалдылық, қозғалмалылық, беймазалықты
білдіреді. Мұның шеңберінде барлық сәттері бойынша өзара
терістеушілік орын алады, қаншалықты мызғымас, маңызды болса да
өткенге бүгінгі күннің күйкі тіршілігі, мазасыздығы қарсы тұрады. Бұл
полюстердің арасында түпкі алшақтықты бірте-бірте игеру орын алады,
өйткені қазіргі заман оған қатынасына қарамастан қашанда жалпы
қозғалыстың бөлігіне айналады, ал оның рухани бейнелері тәжірибені
тасымалдау мен бекітудің шартына айналады. Тарихтың күрделі бетте-
рін ескермеуге, ұмытуға ұмтылу әрқашанда болады, бірақ тарихи
қызығушылық ақыры соңында сананың көкжиегін кеңейтеді. Тарихи
сананы үнемі құрастыру үдерісі, қазіргіні интеграциялау арқылы
«ақтаңдақтарды» алып тастау болашаққа жол ашатын және онымен
сіңісіп кететін
Достарыңызбен бөлісу: