24-дәріс XX ғасырдағы тарих: тарихи білім берудегі дағдарыстар және революциялар тарих ғылымының тарихы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата02.12.2023
өлшемі0,92 Mb.
#131721
  1   2   3   4   5


24-дәріс
XX ҒАСЫРДАҒЫ ТАРИХ: ТАРИХИ 
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДАҒДАРЫСТАР 
ЖӘНЕ РЕВОЛЮЦИЯЛАР
ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТАРИХЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Тарих ғылымының тарихы
XX ҒАСЫРДАҒЫ ТАРИХ: ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДАҒДАРЫСТАР ЖӘНЕ РЕВОЛЮЦИЯЛАР
2
Дәрістің жоспары:
1.«Жаңа тарих ғылымы»
2. Қоғамдық тарих және тарихи антропология
3. «Жаңа жергілікті тарих» және микротарих
4. Тарихи биография және «жаңа биографиялық тарих»
Дәрістің негізгі идеялары:
Тарих ғылымының дағдарыстан шығуында жетекші рөлді жоғалған 
гуманистік мазмұнды тарихи білімге қайтарған шынайы жаңашыл тарихшылар болды. Тарихи ойды
дамытудың жаңа кезеңінің бастауында жаңа мәселелерді қалыптастыру, ескі дереккөздерді жаңаша оқу, 
жаңа, дәстүрлі емес әдістерді қолдану болды.
Дәрістің негізгі цитаталары: 
«Экономикалық және әлеуметтік тарих жоқ. Толық мәніндегі тарих қана бар. Тарих, ол өз табиғаты 
бойынша әлеуметтік болып табылады ... Біздің зерттеудің тақырыбы шындықтың кей фрагменттері 
емес, адам әрекеттерінің жеке бөліктерінің біреуі емес, біздің зерттеудің тақырыбы - өзі мүше әлеуметтік 
топтармен бірлікте қаралатын адамның өзі ... Тарих – адам туралы ғылым екенін ұмытпайық» (Февр).
«Тарихшы деп білгенді емес, ізденген ғалымды атайды» (Февр).
«өз уақытымен тығыз байланысты өмірбаян кейіпкері, екінші жағынан – өзінің дәуіріне, кезеңіне 
тәуелді автор. Осы диалектикалық қарама-қайшылық биографиялық тарих жанрының ерекшеліктерін 
анықтайды.» (Павлова Т. А. Психологическое и социальное в исторической биографии)
Көрнекті француз ғалымы ЛЮСЬЕН ФЕВР (1878-1956) тарих пен оған туыстас пәндер арасындағы 
қатынасты түсініп, олардың арасында тығыз байланыс орнату арқылы ғана тарихқа деген сенімнің 
жоғалуынан құтылуға болатындығын түсінген болатын. Ол тарихшылар, әлеуметтанушылар мен 
психологтар арасындағы ынтымақтастықты қолдаған , себебі, олардың ортақ мақсаты – адамды зерттеу.
Тарих ғылымының дағдарыстан шығуында жетекші рөлді тарихшылардың бірнеше ұрпақтары жазған
француз тарихнамасы ойнады, оның өкілдері ретінде жоғалған гуманистік мазмұнды тарихи білімге 
қайтарған шынайы жаңашылдар болған Февр және МАРК БЛОКТЫ(1886-1944) атап өтсе болады . 
Тарихи ойды дамытудың жаңа кезеңінің бастауында дәл Февр мен Блок тұрды, оған жаңа мәселелерді 
қалыптастыру, ескі дереккөздерді жаңаша оқу, жаңа, дәстүрлі емес әдістерді қолдану кірді.
1929 жылы Блок және Февр «Әлеуметтік және эконимикалық тарихтың жылнамасы» атты ғылыми 
журналды құрды. Әдетте бұл жай ғана «Жылнама (Анналы)» деп аталады. Экономика, әлеуметтану
әлеуметтік психология және басқа да әлеуметтік ғылымдардың өкілдерін бірлескен ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына қатысуға шақыруға және пәнаралық тарихқа бағыт алынған болатын . Бұл пәнаралық 
негізде «Жылнама мектебінің» ғалымдары кеңейтілген «жалпы» («ғаламдық») тарих бағытына сәйкес
тарихи ғылымының мазмұны мен әдіснамасын кеңейтуді және жақсартуды жалғастырды. «Жалпы тарих» 
әмбебап болуға тырыспады да . Бұл - әртүрлі мән-жайлар мен себептердің шым-шытырығындағы
адамдардың өмір сүруінің барлық аспектілерін қалпына келтіруге бағытталған адамдар және жеке адамдар 
қоғамдарының тарихы. «Жылнама мектебінің » тарихшылары адамдар өмірін саяси, экономикалық, діни 
және басқа салаларға бөлмейді. Олардың зерттеулері тарихи өткеннің шын мәнінде көп деңгейлі және 
«адами» бейнесін қалпына келтіреді.
Февр : «Экономикалық және әлеуметтік тарих жоқ. Толық мәніндегі тарих қана бар. Тарих, ол өз табиғаты 
бойынша әлеуметтік болып табылады ... Біздің зерттеудің тақырыбы шындықтың кей фрагменттері 
емес, адам әрекеттерінің жеке бөліктерінің біреуі емес, біздің зерттеудің тақырыбы - өзі мүше әлеуметтік 
топтармен бірлікте қаралатын адамның өзі ... Тарих – адам туралы ғылым екенін ұмытпайық.»
Сонымен , зерттеу тақырыбы (тарихтағы адамға айналды) да , тарихи ғылым да өзгерді.
Марк Блок «Тарихтың апологиясы немесе тарихшылардың қолөнері» (1940-1942 жж.) атты өз 
жұмысында тарихи ғылымның жастығын, оның әдістерінің жетілмегенін, аналитикалық пән ретінде оны 
дамытудағы туыстас әлеуметтік ғылымдардың рөлін атап өтті. Тарих ғылымына М. Блоктың қосқан 
үлесінің қатарына жаңа зерттеу мәселелерін шешуге көмектесетін құрал деп санаған салыстырмалы 
тарихи тәсілдің әртүрлі, бір-бірін алмастырмайтын әдістерін көрсетуін жатқыза аламыз. Ол француз 
аграрлық тарихындағы Англиялық қоршауларға ұқсас процестерді зерттеуде осы әдіске сүйене отырып, 
бұрынғы тарихшылар назар аудармаған 15-17-ші ғасырларда Прованстағы ұқсас өзгерісті тапты. Блок 
салыстыру әдісін бір қарағанда ұқсас көрінетін , алайда егжей-тегжейлі талдау барысында біршама 
айырмашылықтары байқалатын жеке үдерістердің ерекшеліктерін неғұрлым айқын көрсететін процедура 
деп санады. 


3
Кітап:
Дәріс:
Тарих ғылымының тарихы
XX ҒАСЫРДАҒЫ ТАРИХ: ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДАҒДАРЫСТАР ЖӘНЕ РЕВОЛЮЦИЯЛАР
Блок және Февр ғылыми тарих үшін дәстүрлі баяндау тарихнамасына қарсы күресіп, тарих-әңгіме 
тұрғысын түбегейлі қабылдамады, тарих-мәселе тұжырымдамасын дамытып, сол арқылы өткен 
оқиғаларын айқындаудағы жеңілдетілген оқиғалық көзқарасты ысырып тастады. Олар оқиғаларды 
баяндауға тарихи шындықтың терең қабаттарын зерттеуді қарсы қойды. Олар дереккөз мәтіндерінен 
еріксіз, мақсатсыз мәлімдемелерді іздеді, сондай-ақ тарихи мәтіндердің авторларының өз еркінен тыс 
мәлімдейтіндері жайлы білуге тырысты. Феврдың ұраны ғылыми ұстанымды өте жақсы анықтайды: 
«Тарихшы білген емес, іздеген».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет