26
1. Тарихи сананың батыстық формалары мен құндылықтары қазір
үстемдік танытып, өздерін бірден-бір мүмкін ақиқат деп жариялап
келеді.
2. Батыстық тарих философиясы христиандық өркениеттің бүкіл
әлемдік батыстандыруға деген ұмтылысының өзіндік санасын
түйіндейді.
3. Қазақ және басқа түрік халықтарының тарихи санасы отаршылдық
қысым жағдайында қалыптасты.
Осы жағдайларды ескере отырып, қазіргі батыстық тарих
философиясының кейбір ой түзілімдеріне назар аударайық.
Тарихи үдерістердің онтологиялық қырларын (тарихтың мәні мен
мағынасы, бағыттары, тарих пен табиғат, тарихи прогресс, және т.б.)
зерттейтін арнаулы философиялық ілім – тарих философиясы негізінен
Жаңа заманда қалыптасып, толысты. Оның басты өкілдері Дж. Вико, Ш.
Монтескье, Ф. Вольтер, И. Гердер, Гегель христиандық сәуегейшілдік
формаларын сақтағанымен, тарихи процестерге терең философиялық
талдау бере білді.
Зерттеудің өзіндік мақсаттарын ескере отырып, батыстық тарихи
сананың мынадай үрдістерін топтастырып (типтік ерекшеліктерін
жіктеп) көрейік.
Алдымен көзге түсетіні – барлық халықтардың тарихты жеке
иеленіп, оны тек өзінікі деп түсінуі. Антик заманындағы бөлінулер:
грек-римдік және варварлар, христиандар және «жабайылар», Робинзон
мен
Жұма,
еуропалық
саяхатшылар
немесе
миссионерлер
суреттемелеріндегі
«қатігез,
топас,
жауыз,
жануарға
жақын
аборигендер» – осылардың бәрі тарихтың этноорталықтық тұғырна-
маларын қалыптастырды. Сондықтан, барлық адамдық бірлестіктердің
теңқұндылығы идеясы орнықпай әмбебапты тарих туралы айту мүмкін
емес еді. Басқаша айтқанда, тарихты аңғару үшін адамзаттың өзін ашу
керек болды. Әзірше әрбір халық тек өздерін нағыз адам, ал басқаларын
жай ғана адамсымақтар деп есептеп келді. Мысалы, жапондықтар XVIII
ғасырда португалдықтарды «мысық көзді, тарбиған мұрны бар, қызыл
шашты» деп суреттеген. Ресейлік жылнамалардағы қыпшақтардың да
«жетісіп тұрғаны» шамалы.
Тарихтың пайда болуы, алғашқы әмбебапты тарихи сана
Достарыңызбен бөлісу: