тарихи ғылымдар деп атауға болады
.
Тарихқа мұндай көзқарас
,
тарихты
және оның әдістерін зерттейтіндердің көпшілігінің өздерін қандай да
болмасын әмбебаптық тарихи заңдылықтар емес
,
жеке оқиғалар
қызықтыратынын, не үшін табанды тұжырымдайтынын түсіндіреді
.
Тарихтың міндетінің өзі осы жеке оқиғаларды талдау және олардың
себептерін түсіндіру болып табылады
.
Кімдерді заңдылықтар
қызықтырса, қорытындылаушы ғылымдарға жүгінуіне болады (мысалы
,
әлеуметтануға). Біздің көзқарасымызды басшылыққа ала отырып
,
неге
тарихты, әдетте, «өткен оқиғаны қаз
-
қалпында» сипаттау деп
ұғынылатынын оңай түсіндіруге болады
.
Тарихты бұндай ұғынуда
тарихты зерттейтіндердің және қорытындылаушы ғылымдарға қызыға-
тындардың мүдделерінің қарама
-
қарсылығы айқын көрінеді
.
Осы
позициядан қарағанда
,
басқа ғылымдардан гөрі тарихта
«
зерттеу
тақырыбының бітпейтіндігі» мәселесімен жиірек кездесетініміз түсінікті
де
.
31
Ең алдымен, табиғаттанулық біліммен салыстыра қарастырғанда,
тарих философиясының басты мәселесі тарихи білімнің ерекшеліктерін
сараптау алдыңғы қатарға шықты. Осының негізінде тарих филосо-
фиясының түбегейлі ұғымы – «мәдени-тарихи тип» ұғымы түйінделді.
Дильтей, Шпенглер және басқалары христиандық провиденциализмге
сүйенген бірегей дүниежүзілік тарихи процестің биологиялық
модельдерін ұсынды. Егер бұрынғы тарихи процесс идеясы ақыл-ойдың
шексіз прогресіне негізделген болса, тарихи-мәдени шектелген типтер
ілімі философиялық иррационалдық концептілерге сүйенді [16].
Батысеуропалық тарих философиясында гуманистік ойлармен
қатар антигуманистік, нәсілшілдік, астамшылдық көзқарастар да
жалғаса берді. Солардың арасында Ш.А. Гобиноның «Адамдық
нәсілдердің теңсіздігі туралы тәжірибе» еңбегін атап өткен жөн. Гегель
мен Гердердегі тарихи прогресс идеясын терістей отырып, Гобино
өркениеттің басты факторына «нәсіл тазалығы» деген жатады дейді.
Оның ойы бойынша, нәсілдердің араласуы өркениеттің құлдырауына
әкеп соғады, ал мұның салдарына адамзаттың «азғындауы» және бүкіл
әлеуметтік жүйенің қарапайымдалуы жатады. Гобино бойынша, қара
және сары нәсілдер тек қиратушы факторлар болған және адамзат
өркендеуіне оң әсерін тигізген ақ нәсілді 10 өркениетті ғана атап өтуге
болады. Гобино тіпті адамзаттың ортақ тарихи түп-тамырларын да
бекерге шығарып, қара нәсіл австралопитектерден, сары нәсіл
синантроптардан, ал ақ нәсіл кроманьон адамынан тараған дейді.
Әрине, осындай ашық нәсілшілдік пен еуропаорталықтық ұстын
батыстың озық ойлы тарихшы философтары санатынан әділ сынға
алынды. Батыстағы гуманистік бағыттағы тарих философиясының
қалыптасуына үлкен әсер еткен мектеп – тарихтың жаңакантшылдық
концепциясы. Оның өкілдері И.Канттың ізімен «Тарихи таным қалай
бола алады?» деген сұрақты ашық қояды. Осы мәселе төңірегінде
табиғи-ғылым және гуманитарлық білімнің айырмашылығы анық
талданады.
Тарихи
білімнің
мүмкіндігі
туралы
батыстық
тарих
философиясында үш басты шешімдерді атап өтуге болады: «өмір
философиясы» мен экзистенциализмнің интуитивизмі, экзистенциаль-
дық аналитика мен болмыс герменевтикасы (М.Хайдеггер), тарихи
болмыс пен ойлау тепе-теңдігінің жаңа гегельшілдік концепциясы
(Кроче, Джинтиле және т.б.). Бұл ілімдер арнаулы талдауды қажет етеді.
Мәдени-тарихи мектеп өз әдіснамасында неміс мәдени
антропологиясының бастаушысы В. Дильтейдің (1833-1911) “Рух
туралы ғылымдар” пәндерінің бір–бірімен принципиалды сәйкессіздігі
туралы тезисіне сүйенеді. Мәдени динамика мен өзгермелікті зерттеу
үшін өте жасампаз болған “өмір философиясы” категориясын В.Дильтей
ұсынды. (Неокантшылдықта мәдениет өзгермейтін “құндылықтар әлемі”
32
ретінде көрініс табады, онымен В.Дильтей мүлдем келіспейді).
Мәдениеттанулық білім үшін келесі маңызды идеяға, В.Дильтейдің
“Түсіну – түсіндіру” дихотомиясы жатады: түсіну шындықты интуи-
тивтік игеру, ал түсіндіру – дискурсивті-логикалық амал ретінде
қарастырылады [17].
Француздық “Анналдар мектебі” (Ле Февр, М. Блок, қазіргі
олардың ізбасары М. Бродель және т.б.) адамзаттың әлеуметтік-мәдени
тарихын зерттеудің жүйелік–модельдік, типологиялық, кроссмәдени
методтарын пайдаланды. Олардың жетістігіне макротарихи құрылымдар
мен оқиғаларды емес, ал “күнделікті тарихтарды” - өмір салттарын,
дәстүрлерді, әлем суреттемелерін, ментальдық формаларын зерттеу
жатады, этнографтардан ерекше, олар ауыл мәдениетін емес, ал қалалық
тұрғындар мәдениетін зерттейді. Соңғы уақытта “Анналдар мектебі”
әлеуметтік ғылымдар әдістеріне көбірек сүйеніп келеді.
«Анналдар» француздық тарихи мектебі қоғам тарихындағы
циклдердің сан алуан түрлерін зерттеуге қомақты үлес қосты. Адамзат
тарихындағы үш толқын – аграрлық, индустриялы және постиндус-
триалды – идеясын американдық футуролог Олвин Тоффлер негіздеді.
Орыс тарихшысы Ю.В. Яковецтің пікірінше, тарихи цикл идеясы
жаңа емес. Біздің дәуіріміз басталғанға дейінгі рим тарихшысы
Полибийдің 40 томдық «Жалпы тарихы» және қытай тарихшысы Сыма
Цяньнің «Тарихи жазбалары» қоғам тарихын айналым, циклдік қозғалыс
ретінде қарастырды. Үлкен тарихи циклдер идеясын біздің дәуіріміздің
басында орталықазиялық тарихшы әл-Бируни ұсынды; бірнеше
ғасырдан соң осы идеяны Тунистен шыққан Ибн Халдун жалғастырды.
Қайта өрлеу кезіңінде тарихи процестегі цикл идеясын Дж. Вико
қарастырды, ал неміс философы әрі тарихшысы Иоганн Гердер ХVІІІ
аяғында жазылған «Адамзат тарихының философиясына деген ойлар»
еңбегінде тарихтың генетикалық бастамасы мен ғарыштық масштабтағы
дәуірлер арасындағы кезеңдік ауытқуларды айрықша зерттеді [18]. ХІХ
ғасырдың екінші жартысында К. Маркс пен Ф. Энгельс тарихи
прогрестің түпкі негізі іспеттес қоғамдық-экономикалық формация-
лардың кезеңдік ауысу идеясының негізін қалады. Локальды
өркениеттің мәдени-тарихи типі туралы идеяны 1869 жылдың өзінде-ақ
орыс тарихшысы Н.Я. Данилевский ұсынған болатын; бұл идея дами
түсіп, 1918 жылы О. Шпенглердің «Еуропаның ақыры» атты кітабында
жарияланды.
Біртұтас тарих идеясын және айналмалы тарихи формаларды К.
Поппер ерекше маңыздылықпен зерделеді. Бұл пікірді негіздеу үшін,
адамдар тарихтың мағынасын сұрағанда меңзеп тұрған, әуелі «тарих»
ұғымы жайында айту қажет. Осы кезге дейін мен де «тарих» туралы
ешқандай түсініктің қажеті жоқ деп айтып келдім. Бірақ қазір олай
істеуге болмайды, өйткені менің түсіндіргім келетіні, көптеген
|