Бауыр циррозы (бауыр шемені)


Бауыр циррозын созылмалы гепатиттен ажыратуда мына белгілерді табу маңызды



бет5/8
Дата26.12.2023
өлшемі2,76 Mb.
#144018
1   2   3   4   5   6   7   8

Бауыр циррозын созылмалы гепатиттен ажыратуда мына белгілерді табу маңызды:

  • Патологиялық процесстің қайтымсыз сипат алуы.Биопсия жасағанда бауыр бөлікшелерінің деформациясы,портальды тракттың бір-бірімен және орталық венамен жақындауы,патологиялық процесстің өздігінен үдей дамуына жол ашып цирроздың бар екендігін дәлелдейді.
  • Бауырдың тығыздалуы.Ол фиброз тінінің шектен тыс дамуы себебінен пайда болады.
  • Бауыр бетінің бұдырлығы.Майда түйінді циррозда бұл белгі онша байқалмайды,ал ірі түйінді циррозда анық байқалады.
  • Лабараторлық- биохимиялық көрсеткіштер созылмалы акктивті гепаттитке қарағанда әлсіз білінеді(АЛТ;гаммаглобулиннің деңгейі І-ші дәрежеге дейін көтеріледі).
  • Сондықтан, бауыр циррозының белсенділігін анықтауда гистологиялық зеттеудің маңызы зор.Биопсиядағы аурудың белсенділік дәрежесін І-лік дәрежеде деп есептеуге болады.

Бауыр циррозының әртүрлерінің клиникалық ағымының ерекшеліктерін атап өтейік:

  • Вирустық цирроздар көп жылдар бойы жасырын ағымда өтіп созылмалы гепаттитен ажыратуда қиындық туғызады,бірақ бұл науқастарда спленомегалия күшті білініп тұрақты сақталады.Кей жағдайларда аса жедел ағымда өтіп паренхиматозды сарғаю синдромымен білінеді.Вирусты цирроздың холестатикалық варианты ферменттердің жоғары белсенділігімен білініп үдемелі ағымда өтіп,дәрілік емге көнбейді.
  • Аутоиммунды гепатиттен кейін дамыған цирроз - жас әйелдерде кездесіп, ол кезде вирусты маркерлер анықталмайды,бауырдан тыс ағзалардың аутоиммунды зақымдалуы қабаттаса келеді.Ауру ауыр ағымда белсенділігі жоғары дәрежеде өтіп бауыр жетіспеушілігіне,цитолиз синдромына,паренхиматозды сарғаюға әкеледі.Бұл цирроздар реммиссияны бермейді.
  • Алкогольді цирроз-науқастың жағдайы қанағаттанарлық болып дәрігерге келмейді,астеновегетативті синром әлсіз білінеді.Аурудың ауыр клиникалық көрінісі кенеттен дамып,бауырлық синдромдармен қатар асқорыту жолы мен орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен қабаттаса жүреді.
  •  
  •  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет