Созылмалы үдемелі түрде дамитын диффузды полиэтиологиялық ауру. Ол гепатоциттердің некрозымен, фиброзымен және бауыр құрылымының өзгеруімен,нәтижесінде құрылымы аномальдық-регенераторлық түйіндер қалыптасып(d-3мм;d-5мм), қанайналымының бұзылуымен сипатталады,клиникасында портальды гипертензия және бауыр клеткалық жетіспеушілік дамып, өмірге қауіп төндіретін нозологиялық бірлік.
Этиологиясы
Вирусты гепатиттер B, C, D әсіресе, вирусты гепатит В- 10-23,5% жиілікте -циррозды дамытады.
ұзақ қабылдайтын дәрілер тобы: (изониазид,аспирин,метотрексат,стеройдты анаболиктер және транквилизаторлар);
5.Бауырішілік және бауырдан тыс өт жолдарының обструкциясы—биллиарлық циррозға әкеледі.
6.Этиологиялық фактордың үйлескен әсерінен.
7.Рандю-Ослет ауруы.
8.Криптогендік бауыр циррозы.
Бауыр циррозының патогенезі
Вирусты инфекцияның ұзақ сақталып, иммундық қабыну процесін шақырып аутоиммунды реакциялардың дамуы.Вирустардың В,С,D гепатотоксикалық әсері.
Аутоиммунды бауыр циррозының өрбуінде басты рөл- клеткалық және гуморальды иммунитеттің туа біткен кемістігінің нәтижесінде қабыну процесінің үдей дамып, бауыр тінінің әрбір құрылымына қарсы аутоантиденелердің түзіліп, қабыну процесін үдей дамытып фиброзды тіннің шамадан тыс түзіліп, гиперрегенереторлы түйіндерді қалыптастырумен сипатталады. Бұл ауру ауыр ағымда өтіп қысқа уақыттың ішінде науқастың шетінеуіне әкеледі.
Алкогольді бауыр циррозының даму негізінде гепатоциттердің этанолмен және ацетальдегидпен уланып некрозға және күшті білінген фиброзға ұшыраған гепатоциттер фиброздың дамуын үдетіп гиперрегенераторлық,микронодулярлық бауыр циррозының дамуына әкеледі.