Бауыржан Момышұлының "Аманат" атты еңбегінде айтылатын ой өзінің соғыс кезінде көрген- білгенін келешек ұрпақ білсін деген мақсатта жазған хаттарын Мекемтас деген жігітке аманаттап архивке тапсыруы қарастырылады
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті
СӨЖ Тақырыбы: Концептілік талдау
Орындаған : Серікбай Амира
Тексерген:Г.Н.Смағұлова
Алматы, 2023
Аманат концептісі
Бауыржан Момышұлының “Аманат” атты еңбегінде айтылатын ой өзінің соғыс кезінде көрген- білгенін келешек ұрпақ білсін деген мақсатта жазған хаттарын Мекемтас деген жігітке аманаттап архивке тапсыруы қарастырылады.Еңбекке тоқталмас бұрын аманат сөзінің концептосферасына яғни қалай қолданылатынын қарастыратын болсақ: Аманат сөзінің өзіне мынадай анықтама береді: «...Аманат – дәстүрлі ортадағы әрі құқықтық, моральдық этикалық мәнді ұғым. Әлеуметтену үрдісіндегі адамдар арасындағы үлкен сенім мен жауапкершілік жүктейтін жосын...» Сонымен қоса, халық аузындағы «аманат аман сақтайды» деген қанатты сөзді де жазып, қағаз бетіне түсірген. Аманат – адам ақыл-ойының дәрежесіне байланысты орындалатын немесе табысталатын ұғым. Қазақ ұлтына тән бұл аманат концептісі ұлтымыздың адамгершілік қасиетінің жоғары болғандығын көрсетіп отыр.
Ислам дінінде Әлемді Жаратушы аманатты адамдарға жүктеген делінеді.
Аманат концептісіне «Қазақ энциклопедиясында» екі түрлі түсінік берілген. Біріншісі, «Сақтау үшін немесе екінші бір адамға табыс ету үшін берілген зат, нәрсе» Екіншісі, орындауға тапсырылған міндет, өсиет. Аманатты орындау адамдықтың, имандылықтың, инабаттылықтың көрсеткіші. Жетесіз, санасыз біреу болмаса, аманатты мойнына алған адам қайткен күнде де оны орындауға міндетті. Себебі аманатты беруші адам оны саған сеніп тапсырды. Сен оны орындауға тиістісің. Орындамасаң, ол сенің мойныңа қарыз болып табылады.Сонымен, аманат сөзі адамның өзінің ар-ұжданы алдындағы есебі болып табылады. Профессор Әбдуәли Қайдар өзінің «Қазақтар ана тілі әлемінде» атты 3 кітаптан тұратын сөздігінің бірінші «Адам» деп аталатын томында аманат, аманатты орындау мәселелеріне байланысты өз пікірін айтқан болатын.Мысал келтіретін болсақ, «... Әдетте, аманат ақысыз-пұлсыз біреуге тапсырылады. Ол міндетті түрде орындалуға тиісті. Өйткені, аманаттың жолы – ауыр жол. Аманатты орындамау аманаттаушының алдында ғана емес, Құдай алдында да, ар-ұждан алдында да күнә болып есептеледі. Егер саған біреу аманат тапсырса, сен оны қабылдама. Ал қабылдаған екенсің, қайткен күнде де оны орындауға тиістісің. Ата-бабаларымыздың (халқымыздың) әуелден келе жатқан салт-дәстүрі, жоралғысы солай. Аманатқа қиянат жасауға болмайды»
Аманат сөзі парыз, өсиет, борыш, кепілдік сөздерімен концептуалды жүйе құрайды. Ал аманат сөзіне қарама-қарсы мағынада жүретін сөз – қиянат.
Парыз— адамның ел-жұрт, мемлекет пен қоғам алдындағыборышын білдіретін әдептік ұғым. Парыз әр заманда, әр дәуірде тарихи-қоғамдық жағдайға орай анықталып түрленеді және толықтырылады. Парыз адамның бейімділігі мен белсенділігіне, сезімталдығы мен естілігіне байланысты. Сондықтан оны адам болмысы мен мүддесінен, туған ел тұрмысы мен туған жер қажетінен бөліп қарауға болмайды.Парыз дүниетанымдық бағдармен ұласып, астарласып жатады. Өйткені, парыз өмірдің қажеттілігін растау, құндылығын көбейту ынтасынан туындайды, адамның қоғамдық болмыстағы орнын жалғастыру қажетін қуаттайды. Пapыз – қaзaқ хaлқының өмip сaлты бapысындa қaлыптaсқaн epeкшe тәpбиeлiк мәнгe иe жоpaлғысы. «Пapыздaн биiк шың жоқ» дeп пapызды оpындaуды aлдыңғы оpынғa қойғaн ұлы дaлa eлiнiң aдaлдық пeн aдaмдықты ту eткeн хaлық eкeндiгiн aңғapуғa болaды.
Өсиет, уасийа (көпше түрі - уасайа; түрікше - уасиет, парсыша - уасият) -
дүние салар алдында айтылатын ең соңғы тілегі, аманаты.Адам өмірден
өтерде әр нәрсені аманаттауы мүмкін.Әр түрлі дереккөздерден жинақталған бұл түсініктердің барлығы да аманат сөзімен мағыналас екендігін анық байқауға болады. Аманатты орындау әр адамның адамгершілік парызы, борышы. Демек, қазақ халқының болмысын, жауапкершілік қасиетін көрсететін
аманат сөзін ядролық концепт ретінде қарастыруға негіз бар.