Бауыржанова алтынай биология-6В01505 1-курс 10-аптаның тапсырмасы тақырып: сабақТЫҢ соңҒы анатомиялық ҚҰрлысы


үлкен көп клеткалы түктері бар (трихомалары) эпидермис жауып түрады, оның астында арқаулық үлпа — колленхима орналасады



бет2/3
Дата05.11.2022
өлшемі20,64 Kb.
#47639
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ботаника семинар

үлкен көп клеткалы түктері бар (трихомалары) эпидермис жауып түрады, оның астында арқаулық үлпа — колленхима орналасады. Колленхиманың астында алғашқы қабықтың паренхимасының аздаған қабаты жатады, ол эндодерманың иректелген қабатымен аяқталады. Паренхимада схизогендік смола жолдары болады. Сонымен, алғашқы қабық коллснхимадан, негізгі паренхимадан, эндодермадан түрады. Алғашқы қабықтан өзекке қарай, орталық цилиндр орналасады. Ол шеңбердің бойымен қабықшасы жүқа паренхималык, клеткаларымен алмасып келіп отыратын, склеренхиманың участкелерінен түратын, перициклдік зонадан басталады. Склеренхиманың сілемдері (тяжи), қалай болса солай емес, коллатеральды сосуд-талшық шоқтарымен комплекстс болады және олар шоқтың флоэмалық болігіне жанасып жатады. Шоқтық камбий соңғы флоэманың және соңғы ксилеманың элементгеріне, ал шоқаралық камбий тек өзектік сәулелерді түзетін паренхимаға айналады. Сонымен сабақтың соңғы құрылысында, өткізгіш ұлпалардың шоқ түзіп орналасуы сақталып отырады. Сабақтың мүндай құрылысьш бірқатар, шөптесін өсімдіктерден кездестіруге болады (кирказон, асқабақ, сүйелшөп-чистотел және басқалар). Кирказонның сабағының эпидермисі, кутикуламен жабылған болып келеді. Оның астында көбіне табақшалы, сиректеу бүрыштық колленхима орналасады. Паренхимасы қабықшасы жұқа, ірі клеткалардан түрады. Олардың кейбіреулерінде друз түрінде қымыздық (щавель) кальцийдің кристалдары болады. Алғашқы қабық қабаты эндодермамен аяқталады. Орталық цилиндрдің сыртқы қабатының клеткалары — склеренхималар перициклден пайда болған. Сабақтың көлденең кесіңдісіңде склеренхималар көпбұрышты, бір-біріне тығыз жанасып жататьш, қабықшалары қалың, қарапайым поралары бар клеткалардан тұрады. Склеренхималық шеңбердің ііпкі шекарасы толқынды болып келеді. Шоқтың үсіінде ол әдетте котеріңкі, ал шоқтардьщ арасында ойыстау болып тұрады. Коллатеральды өткізгіш шоқтары, шеңбердің бойымен, бір қатарға орналасады. Флоэмасы өзін қоршаған паренхимадан, біршама ұсақ клеткаларымен ажыратылады. Ол електі түтіктерден, серіктік клеткалардан және қабықшалары жүқа іін паренхималарынан тұрады. Шоқтың сыртында орналасқан алғашқы флоэманың түрі өзгеріске ұшырайды. Камбийден пайда болған соңғы ксилема, диаметрі үлкен түтіктерден (торлы түтіктерден), сүректік талшықтардан және сүректік паренхималардан тұрады. Алғашқы ксилема өзекпен шекерада орналасады. Ол диаметрі кішкентай, аздаған сақиналы, спиральды түтіктерден және трахеидтерден түрады. Ксилема мен флоэманың арасында камбий зонасы жатады. Камбийдің шоқтары, алғашқы өзектік сәулелермен бөлініп тұрады. Дамудың соңғы фазаларында, өзектік сәулелердің паренхимасынанда камбий түзіледі. Шоқаралық камбийдің участкелері шоқтық камбиймен жалғасып, тұтас камбийлі шеңбер түзеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет