Bay ake kedey ake 1 Роберт Кийосаки



Pdf көрінісі
бет18/41
Дата19.01.2023
өлшемі1,48 Mb.
#61899
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
«Бай әке, кедей әке» • Роберт Кийосаки

V-Тарау
Төртінші сабақ
Салықтар қалай пайда болды жəне
корпорациялардың артықшылықтары неде?
Мектепте Робин Гуд жəне оның көңілді жолдастары туралы
оқығандарыңыз есімде қалыпты.
Оқытушы бұларды байлардың ақшаларын тартып алып, кедейлерге
үлестіріп беретін, өмірлері романтикаға толы батырлар
еді,дейтін. Бұл солардың тарихы деп түсіндіретін.
Менің бай əкем, Робин Гудті батыр емес қарақшы дейтін. Қазір
Робин Гуд жоқ болсада, оның ісін жалғастырушылар бар. Мен
мынандай сөздерді жиі естимін: «Осы үшін неге байлар төлемейді?»
немесе «Кедейлер үшін байлар салықты көп төлесін». Мұндай
«робиңгудтық», яғни байлардан ақшаны тартып алып, кедейлерге
берушілік идеясы, аяғында айналып келіп, сол орта класс өкілдері мен
кедейлер үшін, үлкен проблемалардың бірі болды.
Өйткені, сол Робин Гуд идеясы негізінде орта класс өкілдері енді
салық төлеушіліктен запа шегуде. Шындығында, салықты байлардан
жинамайды. Мұның ауыртпашылығын негізінен орта класс өкілдері
көтереді, кедейлер үшін салықты олар төлейді, əсіресе оның жоғары
сауатты бөлігі.
Мұның механизімін дұрыс түсіну үшін, оның барлығын тағыда
тарихи перспективалық тұрғыдан қарауымыз керек.
Салықтар тарихын еске түсірелік. Менің оқымысты əкем, білім
беру тарихының маманы болатын, ал бай əкем- салық тарихының. Бай
əке, бізге Майк екеуімізге, алғашқы кезеңде Англияда жəне
Америкада салық болмаған,- деп түсіндіретін.
Кей уақытта соғыс шығындарын өтеу үшін, уақытша ақша
жиналатын. Король немесе Президент үндеу салып, əр адам өз үлесін


қосуды сұрайтын.
Мысалы, Англияда 1799-1816 жылдары Наполеонмен соғыс үшін
салық жиналған, ал Америкада 1861-1865 жылдарғы Азамат соғысы
кезеңінде.
Ақырында Англия 1874 жылдан бастап тұрақты салық төлеуді
өмірге енгізеді. Америка 1913 жылы өз Конституциясына 16-шы
өзгерісті енгізіп, табыс салығын төлеуді тұрақты түрге айналдырады,
дегенмен, Англияда да, Америкада да өз азаматтарының салықты
тұрақты түрде төлеу қажеттілігіне көздерін жеткізу үшін, 50 жыл
уақыт қажет болған. Бұл тарихи деректер, салық түрлері тек қана
байлардан ғана алынсын дегенді көрсетпейді.
Бай əке нақ осы жағдайға біздің назарымызды аударды. Оның
түсіндіруінше, салықтар идеясы кең таралып, халық тарапынан қолдау
тапқан себебі: кедейлер мен орта класс өкілдеріне, салық төлеушілік
байларды жазаға тарту үшін енгізіледі деп түсіндірген.
Міне, сондықтан халық осы Заң үшін дауыс беріп, оны
Конституциялық күші бар түріне айналдырған. Алайда, Заң байларға
қарсы қабылданғанмен, кедейлер мен орта класс өкілдері осы Заңды
қолдан дауыс бергендерімен, ақырында өздеріне қарсы қабылданған
болып шығады.
Мемлекет ақшаның түсе бастағанын көрген соң, оның араны
ашыла түсті дейді,- бай əке.
Біз, сенің əкең екеуіміз, қарама-қайшылықтамыз. Ол мемлекеттік
бюрократ, ал мен капиталистпін.
Біз ақша табамыз жəне өз жетістіктерімізге қарама- қайшылықты
тəсілдермен кол жеткіземіз. Мысалы, ол ақшаны, ақша шығарып,
адамдарды жалдау арқылы табады. Ақшаны көп жұмсап, көп адам
басқарған сайын, оның мекемесі үлкейе түседі. Мемлекет
құрылымында: неғұрлым кəсіпорындар мен Мекемелер үлкен болса,
солғұрлым оның қадірі арта түседі. Ал менің мекемеде инвесторлар
неғұрлым адамдарды аз алып жəне соғұрлым оларға аз ақша
жұмсағаным, үшін мені қадірлейді. Міне, сондықтан мен мемлекеттік
шенеуніктерді жақсы көрмеймін. Олардың мақсаттарының көпшілігі
іс адамдарының мақсаттарынан үлкен айырмашылықтары бар.
Мемлекет үлкейген сайын, оған сондай көп ақшалар қажет бола
бастайды, біз оны салықтар түрінде төлейміз.
Менің оқымысты əкем, мемлекет адамдарға көмектесуі керек,-
деп шынайы сенетін. Ол Джон Кеннедиді жəне оның "Бейбітшілік


корпусы" атты (американдық еріктілерді, даму жолындағы елдерге
жұмысқа жіберу) идеясын жақсы көретін. Мұның оған ұнағаны
соншалықты, ол мамам екеуі осы «Бейбітшілік корпусына» мүше
болып кіріп, Малайзия, Тайланд жəне Филиппин елдеріне еріктілерді
дайындауға ат салысты. Білім беру бөліміне жəне "Бейбітшілік
корпусына" адамдарды көптеп тарту мақсатында, ол бюджетке
гранттар мен ақшаның көп түсушілігіне құлшыныс жасайтын. Бұл
оның жұмысы еді.
Мен он жасымнан бастап, бай əкеден-мемлекеттік шенеуніктер
жалқау, ұрылар дегенді ести бастадым, ал керісінше кедей əкем, байлар-
сараң алаяқтар, оларды көп салықтар төлеуге мəжбүр ету
керек, - дейтін. Бір себептен екеуінікі де дұрыс еді. Бірі, қаланың ірі
капиталисі əкеме жұмыс істеп, кешке қоғам қайраткері өз əкеме оралу,
маған оңай емес еді.
Қайсысына сену керек?
Дегенмен, салықтар тарихын зерттесек, қызық тенденциялардың
барлығын көреміз. Мен жоғарыда атап өткенімдей, салықтар туралы
Заңның қабылдануы көпшіліктің «робингудтық» экономикалық
теорияға сенгендігі еді, яғни, байлардан барлығын тартып алып,
қалғандарға бөліп беру идеясы. Мұның проблемасы мынада: мемлекеттің
аранының ашылғаны соншалықты, салықты орта класс
өкілдерінен де алуға тура келеді, бүгінгі күнге дейін оның шекарасы
əлі төмен қарай түсуде. Ал, байлар бұдан бірден өздеріне жаңа
мүмкіншіліктердің бар екенін көреді. Олар енді бұрынғы ескі
ережелермен ойнамайды. Жоғарыда айтылғандай, сол уақыттың
өзінде байлар корпорацияны құруды үйренген еді. Меншіктің бұл
түрі, əсіресе əскери-теңіз флотын құру кезеңінде кең тараған болатын.
Бай адамдар əр саяхат сайын, күрделі салымдардың жойылып кету
Қаупін азайту үшін, корпорациялар құрған.
Саяхаттарды
қаржыландыру
мақсатында,
олар
өз
ақшаларын
корпорацияға
біріктерген.
Одан кейін корпорациялар, жаңа жерлерден асыл қазыналарды
алып келу үшін, арнайы командаларды жалдаған, кемелер қасіретке
ұшырап, командалар құрып кеткенде, байлар тек қана осы
корпорацияға бір саяхат үшін, қосқан ақшасынан ғана айырылған.
Төмендегі схемада, корпорацияның жеке адамның қаржылық есебінен
калай шығатындығы көрсетіледі:


Корпорация идеяларының құқықтық негізі- байларға, кедейлер
мен орта класс өкілдеріне қарағанда басымдылық береді.
Мені екі əке тəрбиеледі: социалист жəне капиталист.
Капиталистің қаржы жөніндегі философиясының ойға қонымды
екенін тез түсіндім, ал социалистер болса ақыр соңында қаржылық
білімдерінің жетіспеушілігінің салдарынан өз-өздерін жазалайды, деп
шешті. «Байлардағының барлығын тартып аламыз!»- деп қиқу
салатындар не ойлап тапсада, байлар оларды алдап кететін жолды
табады. Міне,сондықтанда салық төлеу ақырында орта класс
өкілдерінің үлесіне деген еді. Байлар зерделі қауымның көпшілігінің
қаржы туралы ештеңе де білмейтіндіктерін пайдаланып, алдап кетіп
отырған.
Барлығын алдап кетуді байлар қалай жүзеге асырған?
«Байлардағылардың барлығын тартып аламыз!»,- деген салық
өмірге енгенде, мемлекет қазынасына ақша құйыла бастайды. Бас
кезінде барлығы да риза болады. Сөйтіп, ақша мемлекеттік
қызметшілерге жəне байларға түсе бастайды. Қызметшілер ақшаны
еңбекақы жəне зейнетақы түрлерінде, ал байлар өздерінің заводтары
мен фабрикаларының мемлекетпен келісімшарт жасау түрінде.
Мемлекет үлкен көлемдегі ақшаның иегері болады, бірақ бұдан
қаржыны қазыналық басқару қиындығы туындайды. Бұл ақша
ағымының қолайлығын тоқтатқандаймен бірдей болады. Басқа сөзбен
айтқанда, мемлекет шенеуніктерінің тарапынан ақша
артықшылығынан қашқақтау, деген сөз. Егерде Сіз бөлінген қаржыны
игере алмасаңыз, онда келесі бюджетте ол Сізге берілмеуі де мүмкін.
Мұндай экономика үшін Сізді ешкімде мақтамайды. Ал бизнесмендер
болса мұндай жағдайға қуанышты болады, себебі: егерде оларда артық
пайда болса, өндірістері одан əрі тиімді жұмыс істейді. Дегенмен,
мемлекетке көп ақша жұмсауға тура келеді, сондықтан ақша
сұранымы арта түседі, сөйтіп «Байлардағылардың барлығын тартып
аламыз!» деген идея, енді қоғамның аз табысты бөлігіне де тарала
бастайды, ақырында осы идеяны қолдаған кедейлер мен орта класс
өкілдеріне де жетеді.


Нағыз капиталистер өздерінің қаржылық білімдерін епті
пайдалана отырып, бұдан шығу жолдарын тапқан.
Олар корпорациялық қорғау тəсіліне қайта оралған. Сөйтіп, өз
мүдделерін
қорғау мақсатында корпорациялар құрған. Жұрттың көпшілігіне
корпорацияның не екені белгісіз бұл шындығында өмірде жоқ көрініс.
Еш мемлекеттік тіркеу агенттігінен өтіп, бір заңгердің кеңсесінде
жатқан бірнеше парақ қағаздардан тұратын жəй папка ғана.
Маңдайшасына корпорация аталымы ілінген кішкене бір ғимарат, не
фабрика немесе адамдар тобы емес. Бұл тек қана занды құжат арқылы
құрылған жансыз -заңды тұлға.
Тұрақты
салық
туралы
Заңның
пайда
болғанынан
бастап,
корпорацияны құру кең тарала бастайды, оның себебі: корпорация
табысынан алынатын салық жеке тұлғалардан алынатын салық
көлемінен кем. Оның сыртында жоғарыда айтылғандай, кейбір
шығындарды салық төленгенше өз ішінде жабуға болады. Байлар,
сөйтіп тағыда ұтымды жағдайда қалады.
Байлар мен кедейлердің арасындагы бұл соғыс 100 жылдан бері
жалғасуда. «Байлардағылардың бəрін аламыз!», деп айғайлаушы
тобыр, байлармен əлі күресуде. Жаңа Заң қабылданғанда, соғыс
əрқашан болады, бұл ғұмыр бойы солай болады. Мұның проблемасы
сол: кімнің қолында нақтылы ақпарат жоқ. сол қашанда ұтылады. Ал,
олар: азаннан тұрып, жұмысқа барып, содан кейін салық төлеушілер.
Егерде олар байлардың қалай ойнайтындықтарын түсінсе, солай
ойнауға мүмкіндіктері болған болар еді. Сөйтіп, қаржылық
тəуелсіздікке қол жеткізген болар еді.. Сондықтан əке-шешем
тарапынан, мектепте жақсы оқып, тұрақты жұмыс табу керектігін
естіген сайын, мұрнымды тыржитумен болатынмын. Тұрақты жұмысы
бар, бірақ ешқандай қаржылық тапқырлығы жоқ қызметкердің, жаман
шеңберден шығуға мүмкіндігі жоқ.
Бүгінгі танда Американың орта тұрғыны, мемлекетке барлық
салықтарын төлеу үшін, кем дегенде 5-6 ай тегін жұмыс істейді. Мен
мұны үлкен мерзім,- деп есептеймін. Адам қаншалықты ынталы
жұмыс істесе, соншалықты мемлекетке төлейді. Сондықтан, мен
«Байлардағылардың бəрін тартып аламыз!», деген идея, бір уақытта
осыны қолдап дауыс бергендердің өздеріне қарсы болып шықты,- деп
есептеймін. Жұрт қашанда байларды тəртіпке саламыз деп
ұмтылғанда, байлар бағынбайды, қарсы қимыл жасайды.
Оларда ақша да, билікте бар жəне бірдеңелерді өзгертуге
ықыластары бар. Олар қолдарын қусырып жəй отырмайды. Өз
еріктерімен салықтар төлемейді. Керісінше, салықтарды аз төлеу
тəсілдерін іздестіреді. Жақсы заңгерлерді, бухгалтерлерді жалдайды,


саясаткерлерді заңдарды өзгертуге немесе бір мүмкіншілік жасауға
үгіттейді. Бұған оларда қаржы бар.
АҚШ-тың салық Кодексінде, салықтан үнемдеушілік жасайтын, басқа
жолдары да бар. Мұны барлық адамдар пайдалана алады, бірақта оны тек
қана байлар қадағалайды себебі: олардың өз
бизнестері бар.
Мысалы, «1031-ші бөлік» делінген ішкі табыстар кодексінің
бөлігі, жылжымайтын мүлікті одан да қымбат жылжымайтын мүлікке
сатудан түскен пайдадан, сатушыға салық төлеуді кейінге қалдыруға
мүмкіншілік береді, Жылжымайтын мүлік саудасы, салық төлеудегі
оңтайлы тəсілдерінің бірі. Сөйтіп, өзіңіздің жылжымайтын мүлігіңізді,
одан қымбат жылжымайтын мүлікке айырбастағанша Сізден салық
алынбайды. Осындай ашық түрдегі салық ауыртпалығын азайту
мүмкіншілігін пайдаланбаған адамдар, өздерінің активтер колонкасын
(бөлігін) көбейтуді уыстарынан шығарып алады.
Кедейлер мен орта класс өкілдерінде мұндай ресурстар жоқ.
Олар мемлекетке өз қандарын сорғызып, маңдай терлерін төгіп,
жайбарақат жүреді. Үкіметтен қорыққандықтарынан, үлкен салықтар
төлейтін көптеген адамдарды жиі қездестірем.
Салық жинаушылардың қатары да белгілі. Кейбір менің достарымның
компанияларын жауып та тастаған кездері болды, соңынан бұлардың
барлығы да қате екендіктері анықталды. Мен мұның бəрін түсінем.
Дегенмен, мемлектке қаңтардан мамырдың ортасына дейін тегін
жұмыс істеу- бұл үрей үшін төленетін ең жоғарғы баға. Менің кедей
əкем, мұндай ахуалға ешқашанда қарсы шықпайтын. Бай əке ол да
мұны істеген жоқ.
Ол корпорацияны (байлардың басты ұдайы) пайдалана отырып, бұл
ойынды ақылмен ойнайтын. Менің бай əкемнен алған, бірінші
сабағымды есіңізге түсіріңіз. Маған, 9 жасар балаға, ол мені қабылдап
сөйлескенше, қаншама күтуге тура келді. Содан кейінде, мен талай
рет, оның қашан көңілі түскенше қабылдауын күтумен болдым.
Мұның бəрін ол текке істеген жоқ. Ол, маған өзінде қандай биліктің
бар екенін түсіндірді, осындай билік менде де болуы керектігін
көрсетті. Бай əке қашанда, білім ол күш, деп түсіндіретін. Ақша үлкен
күш береді, ал оны ұстап жəне көбейту, тек қана тиісті білімнің
арқасында ғана жүзеге асыруға болады. Қажетті білімсіз- өмір Сізбен
футбол добы секілді ойнайды.
Бай əке, Майк екеуімізге, түбінде біздің негізгі жауымыз, қожайын
немесе бастық емес, ол салық инспекторы болатындығын
қайта-қайта айтатын. Егерде сендер салық инспекторына мүмкіншілік
тудырсаңдар, ол сендерден салықты қашанда көп алуға тырысады.
Ақша үшін жұмыс істемей, керісінше оны өздеріңе жұмыс істету


үшін, билік кімнің қолында, соны білу керек. Егер Сіз ақша үшін
жұмыс істесеңіз, онда билікті жұмыс берушіге бересіз. Егер ақша Сіз
үшін жұмыс істесе, онда билік Сіздің қолыңызда.
Майк екеуіміз бұл идеяны түсінгенімізде, бай əке бізге каржы
жөнінде білім алып, басқаларға жем болмауымызды талап етті.
Ақшаның барлық қызмет ету жүйесін, жəне заңдарды білу керек,-
деді. Сауатсызды алдап, пайдалану- оңай іс. Ал, егерде Сіз не айтып
отырғаныңызды білсеңіз, онда Сізде табысқа жету мүмкіншілігі бар.
Ол, сондықтан да бухгалтерлер мен заңгерлерге үлкен жалақы
төлейтін. Бұл бəрібір мемлекетке төлегеннен гөрі, арзанға түсетін.
Мен үшін үлкен сабақ болып есте қалғаны оның: «Ақылды бол, сонда
ешкімге жем болмайсың», -деген сөзі еді. Ол заңды білетін, себебі: ол
заңдылықты қастерлейтін адам еді. Егер заңдылықты
білмесе, ол мұндай дəрежеге жетпеген болар еді. «Егер сен, өзіндікі
дұрыс екенін білсең, кімге болса да, қарсы соққы беруден
қаймықпайсың»,- дейтін ол. Керек болса Робин Гуд жəне оның көңілді
достарына қарсы шыға аласың,-дейтін.
Менің жоғарғы білімді əкем, қашанда маған келешегі үлкен
корпорациядан жақ сы орын тауып алуыма кеңес беретін, сонымен
қатар «лауазым басқышымен жоғары көтерілуімді» жақсы көретін.
Алайда, егерде мен корпорацияға ақша үшін жұм ысқа кірсем, онда
сауы н сиыр сияқты болатындығымд ы, ол түсінбейтін. Бұ л кең ес
туралы, бай əкеге айтқанымда, ол мырс етті де, айтқаны:
-Өйткенше ол басқышты иемденсе қайтеді?»-деді.
Бала кезімде, бай əкенің «корпорация менің өзіме қарауы керек»
дегенін түсінбейтінмін. Бұл идея маған ол уақытта тіпті мүмкін емес,
əрі өзі қорқынышты еді. Ол мені қызықтырғанмен, балаға корпорация
қалай қарайды жəне оған ересек адамдардың қалай жұмыс
істейтіндіктерін елестету қиын болатын. Егерде, менің бай əкем
болмағанда, мен сөз жоқ оқымысты өз əкемнің кеңесін қолданған
болар едім. Егерде бай əке, анда-санда корпорацияны иемдену керек,-
деп ой салып отырмағанда, мен басқа жолмен кеткен болар едім.
Бірақ, мен 15-16 жасқа келгенімде, оқымысты əкемнің айтқан
жолдарымен жүрмейтінімді білдім. Мен оны қалай істейтіндігімді əзір
білмегенмен, өзімнің класстас достарымның көпшілігінің қалаған
бағыттарымен жүрмейтіндігімді анық білдім.
Бұл шешім менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Мен, 20 мен 30
жастың аралығында бай əкенің берген сабақтарын нақтылы түсіне
бастадым. Мен əскердегі қызметімді аяқтап, «Кегок» компаниясына
жұ мысқа орналастым. Көп ақша таптым, бірақ əр ай сайын еңбек ақы
чегін қолыма алғанда, көңілім қалатын. Төлемдер де жеткілікті еді,


жұмысты көп істеген сайын, олар да шапшаңдықпен. Ақырында
бастықтар қызмет бабында менің өсетіндігімді, жалақыға қосымшалар
төленентіндігі туралы айта бастады, мұны есту, мен үшін, əрине
қуанышты еді, дегенмен, бай əкемнің: «Кімге жұмыс істеп жүрсің?,
«Кімді бай қылмақсың?»-деген сездері басымнан шықпай қойды.
1974 жылы «Кегог» компаниясында жұмыс істеп жүріп, мен
өзімнің бірінші корпорациямды құрдым, сөйтіп «өз ісімді» бастадым.
Менің активтер колонкамда (бөлігінде) бірнеше пункттер бар еді, енді
мен бұлардың мөлшерін көбейтуге кірістім. Еңбек ақыдан алынып
төленетін төлемдер көрсеткендей, бай əкенің бізге ғұмыр бойы
айтқандарының қаншалықты шындық екені айқынд алды. Егерде, мен
оқымысты əкемнің кеңестерін басшылыққа алғанымда, мені не күтіп
тұрғанын сездім.
Жұмыс Берушілер көп жағдайда, жұмыскерлеріне өз
бизнестерінді ашындар, -деп кеңес бермейді“ өйткені бұл олардың
ісіне зиянын тигізеді, -деп есептейді. Əрине, кейбір жағдайлар да бұл
əділетті. Алайда, мен барлық зейінімді өз ісіме бағыттап, активтер
сатып ала бастағанымда, мен жұ мысты одан да ынталы істей
бастадым. Сөйтіп, менің алдымда нақтылы мақсат тұрды.
Жылжымайтын мүлік сатып алу үшін, ақша жинау мақсатында, мен
жұмысқа ерте келіп жəне үлкен жігермен жұмыс істеуге кірістім.
Гаваяда бұл кезенде нағыз дағбырт (бум) басталып, яғни байлық
жасауға мүмкіндіктер туған еді. Мен мұны жақсы түсінген сайын,
көшірме жасайтын аппаратты көбірек сата бастадым. Оларды көп
сатқан сайын, көп табыс таба бастадым , əрине менің жалақымнан
салықта көп алына бастады. Бұл маған шабыт берді. Бұл тұзақтан
шығу үшін, одан да шабытты жұмыс істедім.
1978 жылы, мен компанияның сауда агенттерінің бірінші
бестігіне еніп, талай рет бірінші орынды жеңіп алдым. Енді
«егеуқұйрық жүгірісі» шеңберінен шығуды армандадым. Үш жылдың
ішінде, мен өзімнің жылжымайтын мүлікке мамандандырыла бастаған
кішкентай жеке корпорациямнан табысты, «Кегог»компаниясындағы
табысымнан артық таба бастадым. Сөйтіп, Менің жеке
қоорпорациямнан активтер колонкасына (бөлігіне) түсе бастаған
ақша-бұ л ақшаның маған қызмет ете бастағанының белгісі еді. Мен
енді əркімнің есігін қағып, көшірме жасайтын аппаратты сатушы емес
едім. Бай əкенің кеңестері, нақтылы іс барысында, одан да тегеурінді
болып шықты.
Өз меншігімнен түскен ақша ағымының өскендігі соншалықты, маған
бірінші рет «Порше» автокөлігін сатып алуға жағдай туды.
«Кегогтағы»əріптестерім, мен жалақымды жұмсаудамын деп ойлады.
Бірақ, бұ л олай емес еді. Менің жалақым активтерді сатып алуға


кететін. Солай менін ақшаларым, өзіме үдемелі жұмыс істей бастады.
Активтер колонкасындағы (бөлігіндегі) əрбір доллар жұмыскер
болып, «жұмыскерлердің» көбейулеріне ықпал етіп қожайынына
салық алынбайтын жана «Порше» сатып алуына қолын жеткізді.
«Кегог» компаниясына үлкен тырысушылыкпен жұмыс істедім.
Жоспар іске аса бастады, оның куəсі менің сатып алған жана
машинам. Бай əкенің кеңестерінің нəтижесіңде «егеуқұйрық
жүгірісінен» тезірек шығуыма жағдай туды. Мен бұларды осындай
сабақтардан алған, қаржылық білімім негізінде жасадым.
Мұндай білімсіз, оны мен LQ деймін, мен үшін қаржылық
тəуелсіздік жолы əлде қайда қиын болған болар еді. Енді мен алған
біліміммен бөлісу ретінде, басқаларды семинарларда оқытудамын.
Қаржылық LQ -бұ л барлық салаларға қатынасы бар, білім
жиынтығы екенін оларға айтудан жалықпаймын. Біріншіден бұл
бухалтерлік есеп. Мұны қаржылық сауаттылық,-деймін. Бұл, өз
империясын құрушылар үшін, қажетті дағды болуы шарт. Көп ақшаға
жауапты бола бастаған сайын, одан əрі дəлдікпен нақтылы есеп талап
етіледі, олай болмаса салып жатқан үйіңіздін тас тапқаны шығады.
Қаржылық сауаттылық-бұл қаржы есебін оқу жəне түсіну. Ол
көрінген бизнестің əлді де, əлсіз де жерлерін көрсетеді.
Екіншіден, инвестициялар салуды білу. Мұны, мен ақша ақшаны
қалай жасайтындығы туралы ғылым, -деймін, Ол қажетгі стратегиялар
мен формулаларды қамтиды, творчестволық бастама керек.
Үшіншіден-ол нарық білімі туралы, Бұл ұсыныс жəне сұраныс
Ғылымы Нарықтың Эмоциямен басқарылатын «техникалық»
аспектілерін білу қажет. Нарықтың тағы бір факторы- бұл «негізгі»
немесе бір сөзбен айтқанда экономикалық тиімділігі. Ағымдағы нарық
жағдайында, көрінген капиталдық салымның маңызы бар ма?
Əңгіме осында. Көп адамдар инвестиция тұ жырымы жəне нарық
экономикасы балалар үшін, өте күрделі, -деп есептейді. Бірақ, олар
балалардың мұны инстинкті түрде білетіндіктерін түсінбейді.
Жұмыс берушілер көп жағдайда, жұмыскерлеріне өз
бизнестеріңді ашыңдар, -деп кеңес бермейді, өйткені бұл оларды ісіне
зиянын тигізеді, -деп есептейді. Əрине, кейбір жағдайлар да бұл
əділетті. Алайда, мен барлық зейінімді өз ісіме бағыттап, активтер
сатып ала бастағанымда, мен жұмысты одан да ынталы істей
бастадым. Сөйтіп, менің алдымда нақтылы мақсат тұрды.
Жылжымайтын мүлік сатып алу үшін, ақша жинау мақсатында, мен
жұмысқа ерте келіп жəне үлкен жігермен жұмыс істеуге кірістім.


Төртіншіден-ол Заң. Егерде Сіз, өз корпорацияңызды
бухгалтерлік іс, инвестиция жəне нарық негізінде құрып, оған
заңдылықты қоса білсеңіз, онда ол тез аяғынан тұрып кетеді.
Корпорацияның тиімділігін салық төлеу тұрғысынан жəне оның заңды
түрде қорғалатындығын жақсы білген адам, басқа қызметші немесе
ұсақ бизнес иесінен бұрын тез байып кетуіне жағдайы мол. Бұл жаяу
жүрген адаммен, самолетпен ұшқан адамның айырмашылығындай.
Байлықтың ұзақ мерзімді болашағы тарапынан да бұл өте маңызды.
Салық төлеудегі артықшылығы. Корпорацияның бір адамның
қолынан келмейтін істерді атқаратын көптеген мүмкіншіліктері бар.
Мысалы, салық алынғанға дейін, шығындарды төлеп тастау. Егерде
Сіздің қомақты активтеріңіз немесе өз ісіңіз болмаса, мұндай бөлек
жəне өте қызықты білім саласына онша тереңге барудың қажеттілігі
жоқ.
Себебі: «қызметшілер ақша табады, олардан салық ұстайды, сөйтіп
қалғандарына өмір сүруге тырысады. Корпорация табыс
табады, мүмкіншілігінше бəрін жұ мсайды, содан кейін қа лғанынан
ғана салық төлейді.
Бұл байлардың салық төлеудегі ең үлкен айлаларынын бірі. Егер
Сізде жақсы табыстар əкелетін инвестициялар көзі бар болса, онда
корпорацияны тез кұ рып, қолдануыңызға болады.
Сот істерінен қорғау. Біздің қоғамда соттасуды жақсы көреді.
Сіздің дастарқаныңыздан əркім, əйтеуір бірдеңе алғысы келеді. Ал бай
адамдар өздерінің активтерін кредиторлардан қорғау үшін, өз
байлықтарының үлкен бөліктерін корпорациялар жəне трестер арқылы
жасырады. Егерде біреу байды сотқа берсе, оны толып жатқан жүйелі
заң жүзіндегі қорғаушылықпен кезігеді, сөйтіп байдың есебінде
ештеңе жоқ екендігіне көзі жетеді. Ол бəрін басқарады бірақ өз
атында, одан іліп аларлық ештеңе жоқ сияқты болып көрінеді.
Кедейлер мен орта класс өкілдері өздерінде барлығының
болғанын жақсы көреді, бірақ олар өз мүліктерін мемлекеттің немесе
сот шешімінің талаптары бойынша, бірінші кезекте-ақ пəледен аулақ, -
деп таратып беруге даяр. «Байлардан тартып алып, кедейлерге
беріңдер», -дегенге олар Робин Гуд кезеңінен бастап үйренген.
Бұл кітапта мен корпорацияны қалай басқару керектігіне
топшылаймын. Бірақ, мынаны айтамын: Егерде Сізде заңды түрде
қандай да болмасын активтер бар болса, онда корпорациядан қандай
пайда бар екенін тезірек білуге ұмтылу керек. Бұл тақырыпқа
жазылған кітаптар жеткілікті, олардан корпорацияны қалай құруға
болатындығы жөнінде толық мағлұмат ала аласыз.


Қаржылық LQ бұл əдіспен дарындылықтың нақтылы қоспасы,
кұймасы. Бұлар жоғарыда атап көрсетілген 4 тармақтарының
комбинацияларын толық қамтиды. Егер Сіз бай болғыңыз келсе, оны
білуге құлшыныс жасауыңыз керек.Сөйтіп, корпорациялардың бай
иелері:
1.Ақша алады.
2.Ақша жұмсайды.
З.Салықтар төлейді.
Корпорацияларға жұмыс істейтін тұлғалар:
1.Ақша алады.
2.Салықтар төлейді.
З.Ақша жасайды.
Сондықтан, біз Сізге, өзіңіздің активтеріңіз бойынша, өз
корпорацияңызды құруға кеңес береміз. Сөйтіп, бұл Сіздің жалпы
қаржылық стратегияңыздың бір бөлігі болсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет