Ж.ДҮЙСЕКЕЕВ,
зейнеткер.
коллежский секретарь
Айтбакин, стремясь к
получению высшего
образования воспользовался разрешенным ему
двухмесячным отпуском для того, чтобы устроить
поступление свое во вновь открытый Томский
университет. Расставаясь с господином Айтбакиным,
объявляю ему благодарность за старательное и
добросовестное исполнение служебных поручений, в
особенности по управлению хозяйственным отделом
областного управления».
30 жасында бірінші курс студенті атанған Əміреге
оқу алғашында қиынға соққанымен, дəрігерлікке
жетелеген арманы оған қанат бітіріп, мақсатына
жетелей түседі.
Оның
Томск
университеті
қабырғасындағы
оқуы туралы «Сибирский вестник» газетінде
төмендегіше айтылады. «Оқу жылының басында
білім алушылардың қатарында Сібір ұлтынан бөлек
халықтың өкіле де болды. Бұл азамат қажетті деңгейде
білімі бар, мемлекеттік іске де араласып, қоғамдық
ортада болсын, жұмысында болсын абыройға ие
болған. Егер де ол жұмысын жалғастыра берсе,
қоғамдағы орны одан əрі бекіп, материалдық жəне
тағы да басқа жайын түзетіп алуына толық болатын
еді. Бірақ, Томск университетінің ашылуы оның алға
құрған жоспарларын басқа бағытқа бұрып, өміріне
түбегейлі төңкеріс əкелді. Өйткені, оны туған еліне,
жеріне, халқына пайдамды келтірсем деген бөлек
ықыласы оны осыған жетеледі...»
«Ағарту ісіне қатысты министрліктің қаулылары»
жиынтығында
Ə.Айтбақиннің
Томскідегі
университетке қабылдануы туралы деректер жа-
зылады.
Əміре оқу кезеңдерінің алғашқы сатысының барлық
емтихандарын жақсы нəтижемен қорытындылап
отырды. Оқудағы жетістіктері үшін Павлодар уезі
басшысының арнайы стипендиясы да беріліп тұрған.
Жоғарғы курста ізденгіш жас талапты тұлға
ғылыми-зерттеу жұмысына көп ден қояды. Бұл салада
өзіне жақсы таныс ұлттық тағам «қымыздың» емдік
қасиеттерін зерттейді. Бұл үшін Университет іргесінде
жұмыс жасаған зертхананың ықпалы мол болды.
Профессор А.И.Судаковтың басшылығымен оқу
ордасының 3-5 курста оқитын студенттер өздері таңдап
алған салалары бойынша ғылыми-зерттеу жүргізген.
Жыл сайын өтетін конкурста үздік ғылыми жобаларға
арнайы марапаттар беріліп отырған. Сол үздіктердің
сайысында Əміре Айтбақинның «қымыздың емдік
қасиеті жəне қымызды консервілеу» тақырыбы
бойынша жазылған жұмысы да енеді. Қымыз туралы
тың деректерімен бөліскен Əміренің жұмысы жоғары
бағаланып, конкурста күміс медальге ие болады. Бұл
жетістікке Əміре Айтбақин 1893 жылы 4-курс оқып
жүрген кезінде қол жеткізеді.
Томск
Университетінің
медициналық
сынақ
комиссиясының емтихандарынан мүдірмей өткен
Əміреге 1894 жылдың 19 қазанында «дəрігер»
(лекарь) дəрежесі беріліп, білім ордасын тəмамдаған
соң өмір арнасының жаңа кезеңіне қадам басады.
Енді дəрігер атанған Əміренің алдында туған еліне,
ұлтына, халқына пайдасын тигізіп, сүбелі үлесін
қосу үшін талмай еңбек етіп, санитарлық-гигиеналық
мəселелерді шешу тұрды.
Дəрігерлік еңбек жолын Қарқаралы уезінде бастай-
ды. Бұл турасында 1894 жылғы 28 желтоқсандағы
Семей облысының губернаторы А.Ф.Карповтың
бұйрығында Ə.Айтбақинді осы уезге дəрігер ретінде
жіберілгені жазылады.
Аз уақыт ішінде Томск университетінің түлегінің
біліктілігі, парасаттылығы, білімділігі жайлы жағымды
пікірлер ел арасында тарап кетеді. Дəрігердің қасиеті
жайлы туған жері Баянауылдан бөлек Қарқаралы,
Томск, Иркутск, Семей тіпті Мəскеудің өзі естиді.
Жергілікті
басылымдардың
тілшісі
өзінің
мақаласында Əміренің ел арасында өте жоғары
абырой-мəртебеге ие болғанын жазады. Қабылдауына
жер-жерден келген адамдардың ауру-сырқауының емін
тауып қана қоймай, сондай-ақ, түрлі отбасылық басқа
да мəселелер бойынша да барынша көмек көрсетіп
отырғанын жеткізеді.
Уез учаскесіне тұңғыш дəрігер болып қазақ ұлтынан
шыққан адам жайлы Өскемен уезінің «қырғыз
даласының газеті де» жазыпты. Онда Өскемен
уезінің 3-ші учаскесіне дəрігер болып тағайындалған
Ə.Айтбақин туралы жəне оның қабылдауына қырғыз
ұлтының өте көп келіп жатқаны баяндалады. Себебі,
Ə.Айтбақин қарауына келген əр науқасты жылы
мейіріммен, ерекше күтіммен қараған. Бұл 1901
жылдың сəуір айындағы кездер болатын.
1901 жылға дейін ол Павлодар уезінің 3 учаскесінде
дəрігер болады. Қарқаралы уезінің 1 учаскесіне
жүктелген дəрігерліктен де қол үзбейді.
Əміренің дəрігерлік қасиеті жайында ел арасында
тек қана жақсы пікірлер қалыптасады. Тіпті, ол
оқыған Томск университетінің ректоры, профессор
А.И.Судаков та жақсы пікір қалдырған. Онда: «Ол
өз отанына адал қызмет ете отырып, елдің рухани
дамуына да өз үлесін қосып келеді» деген.
Баяндалған бұл естеліктер Əміренің тек дəрігерлік
саладағы атқарған еңбектерін қамтып отыр. Қазақтың
қадірлі ұлына айналған баянауылдықтың қоғам
қайраткері ретіндегі өмірінің орны мүлдем бөлек. Ол
ағартушы, аудармашы болып та жұмыс істеді.
Сондай-ақ,
Əміре
əлеуметтік
маңызды
тақырыптарды қозғап, еліне ой салған қоғам
қайраткері. Оның мақалалары Омбы қаласында 1888
жылдың 1 қаңтарынан 1902 жылдың 12 сəуіріне дейін
қазақ, орыс тілдерінде шығып тұрған «Дала уəлаяты
газетінің» беттерінде жарияланып отырды. Бұдан
бөлек Семей облыстық тұрақты комитеті жанындағы
музей жұмысына да араласып, мұражай қорына түрлі
экспонаттарын да тапсырып отырған.
XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс
тарихы «Алаш» ұғымымен тікелей байланысты.
Қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды жəне қазақ
қоғамын өркениетті елдер қатарына жеткізу жолында
елеулі еңбек сіңірген біртуар азаматтары ең өзекті
қоғамдық мəселелерді талқылап, ұлттың мүддесі үшін
күресті. Дəрігер Əміре Айтбақин да сол біртуар дара
тұлғалардың қатарында болды.
1917 жылы қараша айында Семей облыстық Қазақ
комитетінің кезекті мəжілісінде облыстық земствоға
мүшелер сайлау мəселесі қаралады. Алқалы отырыста
земство басқару бұрынғыдағы мəні «дуан басылық, аға
сұлтандық, бектік емес, жұрт пайдасы мен шаруасын
ілгері бастыру үшін ерінбей жүріп қызмет қылу»
екендігі баса айтылды. Қазақ комитеттері земствоға
мүшелікке нақтылы нұсқау беріп тұрды. Өскемен
уездік земствосынан гласнойлыққа Əміре Айтбақин
сайланады.
Халқына адал, қалтқысыз қызмет етемін деп бар
ғұмырын тек еңбекке арнаған қазақтың тұңғыш
жоғары білімді дəрігері Əміре Айтбақин 1919 жылы
дүниеден өтеді.
Тiрi кезiнде-ақ жұрт сүйiспеншiлiгiне бөленiп, тарих
қойнауында өшпес өрнек салған жерлес ұлының
ұлылығын үлкен мақтанышпен жыр етіп, перзентін
басына асқақтата көтеру халықтың ғана шоқтығы.
Əркезде де елінің осындай сүйікті тұлғасы ұрпақтар
жадында мəңгіге сақталып, уақыт сарынымен
жаңғырып, ұмытылмас мақтанышқа айналары сөзсіз.
«Асылын ардақтаған ел ешқашан тозбайды»...
Қ.ТИТАН.
(Соңы. Басы 1-бетте).
Өткен 2014 жылдың жылдың желтоқсан
айында Павлодар облысының, Баянауыл ауданы,
«Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің»
табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің
басшысы
Дүйсекеев
Жұмагелді
Хасенұлы
Қазақстан Республикасы инвестициялар және да-
му министрлігінің министрі Ә.Исекешевтің қолы
қойылған №255-к 10.12.2014 жылғы бұйрығына
сәйкес туристік саланы дамытуға зор үлес қосып,
елінің, жерінің тарихын зерттеу жұмысына, жас
ұрпаққа Отанының патриоты аясында тәрбиелік
жұмыс жүргізіп, болашақ жастарына үлгі-өнеге
көрсетіп, осы салада көп жыл жұмыс атқарғанына
байланысты
«Еңбек
ардагері»
медалімен
марапатталғанын оқырман қауымға жеткізіп,
марапаты құтты болсын дегіміз келеді.
ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ДӘРІГЕР
Өткен аптада Ұлы Жеңістің 70
жылдығына арналған Баянауыл ауылының
Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп
гимназиясында во-лейболдан «Нұр Отан»
партиясының «Жас Отан» ЖҚ-ның
ауыспалы кубогі ойнатылды.
Аталған шарада 5 команда жарысқа
түсті. Салауатты өмір салтын ұстану жəне
жастардың демаласын дұрыс ұйымдастыру
мақсатында ұйымдастырылған ойында
жоғарғы оқу орындарының жəне арнайы
орта білім беру ордаларынан келген
студенттер өзара бақ сынасты.
Жарыс қорытындысында «Баянтау»
жастар командасы «Жас Отан» жастар
қанатының кубогын жеңіп алды.
А.ҚОШАНОВА,
«Жас Отан» жастар қанатының
атқарушы хатшысының орынбасары.
Спорт
Волейболдан
өткен жарыс
Сөйлейтін кітап
жарыққа шықты
Жақында аудандық балалар кітапханасы
зияткерлік технология негізінде əзірленген
«Даналық əліппесі» атты инновациялық
сөйлейтін
қаламы
бар
жинақпен
толықтырылды. Бұл жинақ балалардың
тіл мəдениетін игеруіне, халқымыздың
асыл мұраларымен танысуына жəне
рухани тұрғыдан баюына көп көмек
беретін құнды дүние.
«Даналық əліппесіне» ұмыт бола
бастаған қобыз бен домбыра үні, бесік
жыры, халық əндері, аңыздары, ертегілері,
жырлары, билер мен аталардың нақыл
сөздері, бабалар батасы енгізілді.
Баланың жас жəне жеке ерекшеліктеріне
сай рухани құндылықтар арнасында
тəрбиелеуге бағдарланған кітап бірізділік
ұстанымы негізінде біртұтас күйде
жүйеленіп берілді.
Жас ұрпақтың санасын ұлылыққа
ұмтылдыратын қа лам арқылы сөйлейтін
өте қажетті оқу құралын аудандық жəне
балалар кітапханаларының оқу залдарында
пайдалануыңызға болады.
АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР
КІТАПХАНАСЫ.
4
30 қаңтар 2015 жыл №5 (10656) Баянтау
ҚҰЛЫНТАЙ
БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ
№4
Беттің «Құлынтайдың» осы санында редакцияға «
Беттің «Құлынтайдың» осы санында редакцияға «Туған жер, атамекен
Туған жер, атамекен» тақырыбындағы оқушылардың
» тақырыбындағы оқушылардың
шығармалары жарияланып отыр.
шығармалары жарияланып отыр.
Беттің соңында келесі жолы шығатын айдардың тақырыбы алдын ала беріліп отырылатынын айтқанбыз.
Беттің соңында келесі жолы шығатын айдардың тақырыбы алдын ала беріліп отырылатынын айтқанбыз.
Осы тақырыпқа сəйкес жас оқырмандар дайындаған шығарма-жұмыстарын, салған суреттерін, танымдық
Осы тақырыпқа сəйкес жас оқырмандар дайындаған шығарма-жұмыстарын, салған суреттерін, танымдық
материалдарын жібереді.
материалдарын жібереді.
Келесі басылым бетінде «Баянауыл» тақырыбында өлеңдеріңізді жіберуді сұраймыз.
Келесі басылым бетінде «Баянауыл» тақырыбында өлеңдеріңізді жіберуді сұраймыз.
Балалар беті бойынша материалдарыңызды редакциямыздың электрондық поштасына немесе
Балалар беті бойынша материалдарыңызды редакциямыздың электрондық поштасына немесе
мына факс телефонына хабарласуларыңызға болады: 9-15-50.
мына факс телефонына хабарласуларыңызға болады: 9-15-50.
Кəмила Айтбай - əдебиетке бейім, көркем
шығармаларын ерекше қабылдап, образдарды
қиялдайды.
Аудандық оқушылар арасындағы ғылыми
жобалар сайысы, аудандық оқулардың жүлдегері.
Оқу үздігі, қоғамдық жұмыстарға белсенді
қатысады. Халықаралық Қ.Сəтбаев олимпиадасына
қатысқан.
Аудандық
пəн
олимпиадасының
жүлдегері (математика). «Алтын микрофон»
байқауының лауреаты атанды.
Ж.Мұса атындағы өнер мектебінің ақындар
сыныбына қатысады.
Туған жерімді мақтан етемін
Туған жерімді мақтан етемін
Əр адам өзінің туған жерімен тұғырлы.
Сондықтан
да
өзінің
түп-тамырын
ұмытпай, Отанымен бірге жасап, бірге
тыныстап, сол үшін өмір сүруі тиіс.
«Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел
болмас», - демекші туған жер – əр үйдің
табалдырығынан, шыр етіп дүниеге
келген жерден басталады. Менің туған
жерім – Баянауыл ауданындағы Ақши
ауылы. Менің ауылым өте əдемі,
табиғаты да сұлу. Жайқалған
шалғын, жайқалған гүл, керілген
кең дала. Ақши ауылы көркейіп
келеді. Бізде мектеп, мəдениет
үйі жəне дəрігерлік пункт жұмыс
істейді.
Есейгенде туған ауылымның
көркейуіне үлесімді қоссам мен үшін ол зор бақыт! Туған жерімді
əрқашанда мақтан етемін.
Жаннұр ЖҮНІСБЕКОВА,
Ақши жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы.
Менің елім
Менің елім мейірбаннан жаралған,
Жер бетіне байлығы да таралған.
Елім менің атың шығып əлемге,
Шаттық үні сезіліп тұр санамнан.
Жер қойнында қара алтының төгілген,
Алтын дəнің кең далама себілген.
Ғарышқа сапар шегіп батырлар,
Атанды ғой қазағымның жерінен.
Əнім де бар, тілім де бар мақтанам,
Салтым да бар, дінім де бар шаттанам.
Егеменді ел болдық біз тəуелсіз,
Кем емеспіз қатар тұрған басқадан.
Камила МАРАТОВА,
С.Торайғыров атындағы ЖОББМ-нің
оқушысы.
Туған жер
Сүйем туған жерімді,
Асқарымды, белімді.
Бір көрмесем сағынам,
Ақ күмістей көлімді.
Сəулетіндей бидайдың,
Сары даламды қимаймын.
Жаны жомарт елімді,
Мəңгілікке сыйлаймын.
Айым ЕГІНТАЙ,
Қызылшілік ауылы,
3-сынып оқушысы.
Менің ауылым
Менің ауылым
Атамекен ата-бабаларымыздың қоныс тепкен, мекен еткен жері. Туған жер – əр адамның дүние есігін
Атамекен ата-бабаларымыздың қоныс тепкен, мекен еткен жері. Туған жер – əр адамның дүние есігін
ашып, өмірге келген ыстық мекені. Менің туған жерім – Баянауыл ауылы. Өз ауылым қасиетті де,
ашып, өмірге келген ыстық мекені. Менің туған жерім – Баянауыл ауылы. Өз ауылым қасиетті де,
қастерлі. Ауылымыздың іргесінде балығы тайдай тулаған Сабындыкөл өзені ағып жатыр. Ауасы таза,
қастерлі. Ауылымыздың іргесінде балығы тайдай тулаған Сабындыкөл өзені ағып жатыр. Ауасы таза,
табиғаты тамаша. Туған жер ол өз перзентіне барын – нəрін береді, төсінде тербетіп аялап, əлпештейді.
табиғаты тамаша. Туған жер ол өз перзентіне барын – нəрін береді, төсінде тербетіп аялап, əлпештейді.
Əр адам өз туған жерін, ауылын мақтаныш етеді, қадір тұтады. Туған ауылға қызмет ету – əрбір
Əр адам өз туған жерін, ауылын мақтаныш етеді, қадір тұтады. Туған ауылға қызмет ету – əрбір
азаматтың парызы. «Өзге жердің бəрі жақсы, өз еліңдей қайдан болсын?!» дегендей туған ауылыңнан
азаматтың парызы. «Өзге жердің бəрі жақсы, өз еліңдей қайдан болсын?!» дегендей туған ауылыңнан
алысқа кетсең, оны сағынасың.
алысқа кетсең, оны сағынасың.
Мен үшін ауылымның маңызы қандай десеңізші?! Мен осы жерде туып, алаңсыз бақытты балалық
Мен үшін ауылымның маңызы қандай десеңізші?! Мен осы жерде туып, алаңсыз бақытты балалық
шағымды өткізіп жатырмын. Мектепте жақсы білім алып, аңсаған армандарыма жетуді мақсат етемін.
шағымды өткізіп жатырмын. Мектепте жақсы білім алып, аңсаған армандарыма жетуді мақсат етемін.
Біздің ауылымыздың адамдары жаны жайсаң, қамқор, адамгершіліктері мол жандар. Ауылымыз күннен
Біздің ауылымыздың адамдары жаны жайсаң, қамқор, адамгершіліктері мол жандар. Ауылымыз күннен
күнге көркейіп, гүлденуде. Ауылымызға жаңа мектеп, балабақшалар салынды.
күнге көркейіп, гүлденуде. Ауылымызға жаңа мектеп, балабақшалар салынды.
Бұл біз үшін үлкен қуаныш.
Бұл біз үшін үлкен қуаныш.
Аяулым ТӨЛЕГЕНОВА,
Аяулым ТӨЛЕГЕНОВА,
Ш.Айманов атындағы жалпы орта
Ш.Айманов атындағы жалпы орта
білім беретін қазақ гимназия мектебінің
білім беретін қазақ гимназия мектебінің
оқушысы.
оқушысы.
Ауылым – алтын бесігім
Ауылым менің күн нұрына бөленген,
Ғажап еді гүлдерің сенің не деген.
Тек жақсылық орнап тұрған заманда,
Алыстап сенен, алшақ кете алам ба?
Ауылым менің, жасыл жайлау
шалғыны,
Жылт-жылт етіп, мөлдіреген айдыны.
Тауы толы түрлі-түсті гүлдерге,
Сол гүлдері ұмыттырар қайғыңды.
Сүйіп өтем əрбір оның тау-тасын,
Қазағымда тек жақсылық орнасын.
Қуаныштың шаттығына кенеліп,
Ауылымды періштеміз қолдасын.
Айғаным БӨКЕНБАЙ,
Қ.Кемеңгеров атындағы
ЖОББМ-нің оқушысы.
Сəлеметсіздер ме, кішкентай достар!
Сəлеметсіздер ме, кішкентай достар!
Отан дегеніміз не? Отан дегенде əркімге өзінің туған жері мен
Отан дегеніміз не? Отан дегенде əркімге өзінің туған жері мен
туған елі көз алдына келеді.
туған елі көз алдына келеді.
Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Менiң елім мен
Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Менiң елім мен
үшін қымбат. Көп жылдар бойы біздің ата-бабаларымыз бізге мына
үшін қымбат. Көп жылдар бойы біздің ата-бабаларымыз бізге мына
кең-байтақ жерді мұра қылдырып қалдыру үшін барлық күштерін
кең-байтақ жерді мұра қылдырып қалдыру үшін барлық күштерін
салды. Қазақ халқы көп ауыр кездерді көрді.
салды. Қазақ халқы көп ауыр кездерді көрді.
Көп ауыр кезеңдерді басынан өткерген еліміз 1991 жылдың 16
Көп ауыр кезеңдерді басынан өткерген еліміз 1991 жылдың 16
желтоқсанында өзінің тəуелсіздігін алды. Сол кезден бастап қазақ
желтоқсанында өзінің тəуелсіздігін алды. Сол кезден бастап қазақ
халқының өмірі өзгерді.
халқының өмірі өзгерді.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ə.Назарбаев
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ə.Назарбаев
жаңа бағытқа елін бастады. Қазақ халқының өзінің елтаңбасы, туы, əнұраны
жаңа бағытқа елін бастады. Қазақ халқының өзінің елтаңбасы, туы, əнұраны
қабылданды. Бұлардың бəрі – біздің мемлекеттік рəміздеріміз. Олар
қабылданды. Бұлардың бəрі – біздің мемлекеттік рəміздеріміз. Олар
Қазақстаннның тəуелсіздігін көрсетеді.
Қазақстаннның тəуелсіздігін көрсетеді.
Мен өз елімді мақтан тұтамын. Сондықтан да елімнің дамуына көмектесу үшін
Мен өз елімді мақтан тұтамын. Сондықтан да елімнің дамуына көмектесу үшін
жақсы оқып, білімді азамат болуға тырысамын.
жақсы оқып, білімді азамат болуға тырысамын.
Жасұлан
Жасұлан ҚАЙРАТ
ҚАЙРАТ,,
З.Ақышев атындағы жалпы орта білім
З.Ақышев атындағы жалпы орта білім
беру мектебінің оқушысы.
беру мектебінің оқушысы.
Мен елімді сүйемін
Мен елімді сүйемін
Мен балауса бүршік жарған гүл
Мен балауса бүршік жарған гүл
едім,
едім,
Өзіңде өстім, қанаттандым, түледім.
Өзіңде өстім, қанаттандым, түледім.
Басқалардан маған ерек ыстықсың,
Басқалардан маған ерек ыстықсың,
Сен дегенде тулайды жас жүрегім.
Сен дегенде тулайды жас жүрегім.
Туған жерім сенсің алтын бесігім,
Туған жерім сенсің алтын бесігім,
Маған алғаш ашқан өмір есігін.
Маған алғаш ашқан өмір есігін.
Жүрегімде мəңгілікке сақталып,
Жүрегімде мəңгілікке сақталып,
Ұмтылмайды сенің нұрлы есімің.
Ұмтылмайды сенің нұрлы есімің.
Туған жер
Туған жер
Туған жер сенде туып, кіндік кескем,
Туған жер сенде туып, кіндік кескем,
Сан ғажайып күндерді бастан кешкем.
Сан ғажайып күндерді бастан кешкем.
Иісі гүлдеріңмен жусаныңның,
Иісі гүлдеріңмен жусаныңның,
Бұрқырап əрқашан да кетпейді естен.
Бұрқырап əрқашан да кетпейді естен.
Таныс маған өзен-көлің, тауларың,
Таныс маған өзен-көлің, тауларың,
Сұлулығы алатын көз жауларын.
Сұлулығы алатын көз жауларын.
Əр күндерім сенде өткен қызықты,
Əр күндерім сенде өткен қызықты,
Сенде от боп, жалын атып лауладым.
Сенде от боп, жалын атып лауладым.
Өтті сенде өмірдің жаз-күздері,
Өтті сенде өмірдің жаз-күздері,
Көз алдымда жатыр тізбегі.
Көз алдымда жатыр тізбегі.
Сенде менің өтті балғын шақтарым.
Сенде менің өтті балғын шақтарым.
Сенде жатыр табанымының іздері.
Сенде жатыр табанымының іздері.
Қойнауында байлық, ырыс-береке,
Қойнауында байлық, ырыс-береке,
Сенде өткізген əрбір күнім мереке.
Сенде өткізген əрбір күнім мереке.
Үлкендердің айтқан ақыл-кеңесі,
Үлкендердің айтқан ақыл-кеңесі,
Ұмтылмайды жадымда жүр өнеге.
Ұмтылмайды жадымда жүр өнеге.
Ыстық маған байтақ жатқан кең далаң,
Ыстық маған байтақ жатқан кең далаң,
Ыстық маған орман, тоғай, сай-салаң.
Ыстық маған орман, тоғай, сай-салаң.
Туған жерім маған мəңгі керексің,
Туған жерім маған мəңгі керексің,
Басқалардың жерұйығын не қылам?!
Басқалардың жерұйығын не қылам?!
Достарыңызбен бөлісу: |