БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ
БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ
redakciyabayantau@mail.ru
Газет 1931 жылғы 4 қыркүйектен шыға бастады
Баянтау
Баянтау
30 қаңтар 2015 жыл №5 (10656)
ТАНЫМ
Ер есiмi - ел есiнде
Құлынтай
Сөзіммен халқым амал қылсын десең, Амал қыл өз сөзіңмен əуел өзің!
Мəшһүр Жүсіп
2 бет
2 бет
Бүгінгі
нөмірде:
Қ
азақтан шыққан тұңғыш
дəрігер Əміре туралы Сібір
медициналық журналының
2011 жылғы 1 шығарылымының №1
санының 26 томында нақты деректер
келтіріліп, өмірі жайлы егжей-
тегжейлі мəліметтер баяндалған.
Əміре Айтбақин 1859 жылы
Ақбеттау (қазіргі Баянауыл ауылы)
болысында өмірге келген. 1882 жы-
лы Омск қаласындағы мұғалімдер
даярлайтын
семинарияны
бітір-
ген соң, сол қаладағы əскери
гимназияға жұмысқа жіберіледі.
Біраз жыл қызмет еткеннен кейін
Əмірені Дала (Степной) генерал-
губернаторлығының
іс-қағаздарын
жүргізетін кеңсеге аудармашы етіп
тағайындайды.
Кейіннен
облыстық
басқарма
негізінде Семей қаласына осы сала
бойынша қызметі ауысады.
1886 жылдың мамыр айында ол
Қарқаралы уезінің басшысының аға
көмекшісі болып сайланады. Сол
кездегі Сенат бұйрығымен 1886
жылы 22 желтоқсанында еткен
еңбектері үшін аға хатшылыққа
ұсынылады. Бұл бағыттағы нəтижелі
жұмысы 1988 жылға дейін жалғасып,
1889 жылдың 2 қаңтарында қайтадан
Семей қаласына келеді.
Білімнен асқан жақұт, асыл қазына
жоқ екенін көкейіне мықтап түйген
Əміре қалайда болсын білімін одан
əрі жетілдіруді көздеді.
Дүние сыры тек біліммен ғана
ашыларын білген Əміре Айтбақин
Семей қаласында атқарған қыз-
метінде тиесілі мерзімді еңбек
демалысында
да
босқа
уақыт
кетірмейді. Дəл осы сəтте оның
оқу-ғылым жолын жалғастырсам
деген арманы орындалады. Талапты,
білімді жас Томскі университетінің
студенттері қатарына бірден ілігеді.
Əміре оқуға түсуіне байланысты
жұмысынан босату туралы өтініш
жазған. Өтінішке жауап ретінде
1889 жылдың 23 қаңтарында əскери
губернатор
Котюховтың
қолы
қойылған бұйрық жазылады.
«Младший
чиновник
особых
поручений при Военном губернаторе
ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН
ТҰҢҒЫШ ДӘРІГЕР
Ə
Ə
мiре десе бiрден дауысы алты қырдан асқан ұлы
мiре десе бiрден дауысы алты қырдан асқан ұлы
ншiмiздi еске аламыз. Ал дəрiгер Əмiре десек бiраз
ншiмiздi еске аламыз. Ал дəрiгер Əмiре десек бiраз
ойға шомып қалатынымыз рас.
ойға шомып қалатынымыз рас.
Кезiнде есiмi ұрпақтан-ұрпаққа тарап, отыз рулы
Кезiнде есiмi ұрпақтан-ұрпаққа тарап, отыз рулы
елдiң аңызына айналған тұлға жайлы бүгiнгi ұрпақ аз
елдiң аңызына айналған тұлға жайлы бүгiнгi ұрпақ аз
бiледi.
бiледi.
Десе де «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейдi» деп
Десе де «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейдi» деп
жатады ғой ұлтымыз. Талай ғасырлардың қойнауына
жатады ғой ұлтымыз. Талай ғасырлардың қойнауына
енген төл тарихымызды сонау мұрағаттардағы
енген төл тарихымызды сонау мұрағаттардағы
хаттар арқылы танып бiлемiз. Өз уақытында аңызға
хаттар арқылы танып бiлемiз. Өз уақытында аңызға
айналған жарқын ұлықтыларымыздың бiрi - Əмiре
айналған жарқын ұлықтыларымыздың бiрi - Əмiре
Дүрманұлы Айтбақин туралы ескi тарих беттерiнен
Дүрманұлы Айтбақин туралы ескi тарих беттерiнен
алынған материалдар арқылы талантты тұлға
алынған материалдар арқылы талантты тұлға
жайлы тың деректермен бөлiспекпiз.
жайлы тың деректермен бөлiспекпiз.
(Жалғасы 3-бетте).
7 бет
7 бет
4 бет
4 бет
Батырлар ерлiгi-ұрпаққа үлгi
Батырлар ерлiгi-ұрпаққа үлгi
Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында аудан əкімдігінің кеңейтілген мəжілісі өтті.
Кеңейтілген мəжілісте ауданның экономика жəне бюджеттік жоспарлау бөлімінің
басшысы Т.Асқарова,
мəдениет
жəне
тілдерді дамыту, дене
тəрбиесі жəне спорт
бөлімінің басшысы
Қ . С а р б а с о в ,
Майқайың кентінің
əкімі О.Ермекбаев,
ауданның білім бө-
лімінің басшысы мін-
детін атқарушы Н.
Ермеков, ішкі саясат
бөлімінің басшысы
Т. Қ а л ы ш б е к о в ,
ауданның
қаржы
бөлімінің басшысы
Ж . У ы з б а е в а ,
жұмыспен
қамту
жəне
əлеуметтік
бағдарламалар бө-
лімінің
басшысы
С.Рақымова саласына
қатысты мəселелер бойынша баяндама жасады.
Алқалы жиында ауданның білім, мəдениет жəне денсаулық сақтау салаларын
мамандармен қамтамасыз ету, ауданның мəдениет кəсіпорындарында жəне ауылдық
округтерде ҚР-ның «Мəдениет туралы» Заңын іске асыру, Майқайың кентінде
қылмыстың алдын алу шаралары жан-жақты талданды.
Аудан əкімі Нұрлан Мұқатайұлы мекеме басшыларының баяндамаларын тыңдаған
соң, маңызды тапсырмаларды жүктеп, орынбасарларына жəне аппарат басшысына
жүйелі жұмыс жасалуын назарда ұстап отыруды жүктеді. Сондай-ақ, бірқатар
мəселеге байланысты қаулылар қабылданды.
Жоспарлы мəжілісте ауданның тұрғын үй,
коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар
көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің
басшысы
Б.Бижанов
жəне
«Серпіліс»
мемлекеттік
коммуналдық
кəсіпорнының
директоры Б.Жанахметов елді-мекендердің
ауыз-сумен қамтылуы мен аудан аумағындағы
автомобиль жолдарын қалыпты жағдайда ұстау
барысы төңірегінде сөз қозғады. Ал, ауданның
білім
бөлімінің
басшысының
міндетін
атқарушы Н.Ермеков биылғы жылғы ҰБТ-ға
дайындық жайы туралы баяндама жасады.
Осы
бас
қосудың
қорытындысында
аудандағы өзекті өзгерістердің бағыт-бағдары айқындалып, маңызды міндеттер алға
қойылды.
Қ.ТИТАН.
Аудан әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде
Аудан əкімінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы №2-23/07 өкімімен Төлегенова Нұргүл
Баяхметқызы аудан əкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің (кадр
қызметінің) басшысы лауазымына ауысу тəртібімен тағайындалды.
Аудан əкімінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №2-23/03 өкімімен Белгібаев Ерлан
Кенжебекұлы аудан əкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы лауазымына ауысу
тəртібімен тағайындалды.
«Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының
2015 жылғы 8 қаңтардағы №4-11-05 бұйрығымен Əбдікəрімов Мереке Талқайратұлы
«Дін мəселелері жөніндегі «Имандылық» орталығы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.
«Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының
2015 жылғы 6 қаңтардағы №4-11-04 бұйрығымен Мүбəраков Ержан Қазтайұлы
«Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне
тағайындалды.
ТАҒАЙЫНДАУЛАР
Аудан әкімінің кеңейтілген
жоспарлы мәжілісінде
Жүктелген міндет атқарылуымен маңызды
Жүктелген міндет атқарылуымен маңызды
2
30 қаңтар 2015 жыл №5 (10656) Баянтау
ТАҒЗЫМ
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында
(Мəліметтер аудандық мұрағат қорынан алынды).
1942 жылдың 12 наурызында Баянауылдағы
қазақ орта мектебінің 10-сыныбында оқып
жүргенде Қызыл əскер қатарына
шақы-
рылып, Қиыр Шығыс
өлкесіне аттанады.
В о р о ш и л о в
қаласында 40-
дивизия, 178-
полк 1- батальонда
курсанттар
дайындау
бө-
лімінде 3
ай оқып, кіші
сержант шенін
алады. Бөлім-
ше командирі
б о л ы п ,
ж о ғ а р ы д а
көрсетілген
полк
пен
дивизияның
қ ұ р а м ы н д а
Корея мемлекеті шекарасына
жіберіледі. 1944 жылдың аяғына дейін сол
шекара маңында күзетте болады. 1945 жылы мамырда
Германия жеңіліп, тізе бүккеннен кейін Қиыр Шығыс
соғысында болған жауынгерлерді Жапониямен соғысуға
дайындайды. Р.Ізбастин 126 атқыштар дивизиясының
1-ші жаяу əскер ротасының құрамында болады. 1945
жылдың 9 тамызында І-ІІ Қиыр Шығыс майдандарының əскерлері Жапонияның Кореядағы
шекарасынан өтіп, Жапонияға қарсы соғыс бастады. Р.Ізбастин да Маньчжурия, Солтүстік
Кореяның жерлерін жаяу жүріп, соғысып 29 тамыз күні Кореяның Канко қаласының
қасында болған ұрыста снаряд жарылысынан қатты контузия алып, госпитальға түседі.
Кейін жарақатынан жазылған соң да Солтүстік Кореядағы Қызыл əскер құрамында 1947
жылға дейін болады. Осы жылдың сəуірінде туған жері Баянауылға оралады.
«ІІ дəрежелі Ұлы Отан соғысы» ордені жəне көптеген жауынгерлік медальдардың иегері.
1947 жылдан бастап Р.Ізбастин бейбіт өмірдегі еңбекке араласады. 1955 жылға дейін
аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, аудандық атқару комитетінің
хатшысы жəне атқару комитетінің мүшесі болып қызметтер атқарады. Елімізде 1955-1960
жылдары тың жəне тыңайған жерлерді игеру кезінде өзі сұранып, Баянауыл машина-
трактор станциясында, Алексеевка, Александровка, Баянауыл совхоздарына барып, партия
комитетінің хатшысы қызметтерін атқарады.
1964 жылы аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1968 жылы
ауыл шаруашылығы кəсіподақтары аудандық комитетінің төрағалағына жіберіледі. Осы
қызметте зейнеткерлікке шыққанша, 1983 жылға дейін істейді. Зейнеткерлікке шыққаннан
кейін де аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін ұзақ жылдар атқарды.
Р. Ізбастиннің ширек ғасыр аудандық Кеңестің депутаты жəне аудандық партия комитетінің
мүшесі болып бірнеше рет сайланғандықтары туралы құжаттары жеке тектік қор құжаттары
құрамында сақтаулы.
Зайыбы Роза апаймен жарты ғасырдан аса өмір сүріп, алты бала тəрбиелеп өсірді. Ұлдарын
ұяға, қыздарын қияға қондырған ата-ана.
Р. Ізбастин 2008 жылдың 19 қарашасында 86 жасында қайтыс болды.
ІЗБАСТИН
РЫМТАЙ
1922 жылы Баянауыл
селосында, қарапайым от-
басында дүниеге келген.
Бастауыш
мектепті
ауылда, 5-7 сыныптарды
Баянауыл
ауылында
оқыған.
1943
жылы
Қызыл
əскер қатарына алынып,
Смоленск
қаласынан
соғысқа
аттанды.
ІІ-
Белорусь
майданында
болып,
Ұлы
Жеңісті
Германияда Эльба өзенінің
жағасында қарсы алған. Варшава, Берлин, Германияны азат етуге
қатысқан. 1945 жылы елге аман оралған.
Жеке тектік құжаттары бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқаны
туралы құжаттары бөлімінде «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны
жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Ұлы Отан соғысы
Жеңісінің жиырма жылдығы», «КСРО Қарулы Күштерінің 60 жылдығы», «І дəрежелі Отан
соғысы» ордені, «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков» медальдарын алғаны көрсетілген.
Еңбек жолына қатысты құжаттары бөлімінде «Кеңестік тұтынушылар кооперациясының
үздігі», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарының иегері екендігі жазылған.
Еңбек кітапшасындағы жазу бойынша Сталин атындағы колхозда «Алексеевка» совхозы
болып құрылғанға дейін колхозда 12 жыл еңбек еткен.
1957 жылдан 1959 жылға дейін «Алексеевка» совхозында №6 бригаданың есепшісі болып
жұмыс істейді.
1959 жылдан 1967 жылға дейін «Алексеевка» совхозрабкоопының Егіндібұлақ
бөлімшесінде дүкен сатушысы болды.
1968 жылдан 1979 жылға дейін Баянауыл аудандық тұтынушылар қоғамында «Алексеевка»
сауда бірлестігінде сатушы қызметін атқарды.
1979 жылдан 1980 жыл аралығында «Алексеевка» совхозының №2 бөлімшесінде
жұмысшы болды.
1980 жылдан бастап «Лекер» мал бордақылау пунктінде мал азығын дайындаушы болып
қызметін атқарып, сол жерден 1985 жылы жасына сай зейнеткерлікке шықты.
Ұлы Отан соғысына қатысып, бейбіт заманда көптеген салаларда еңбек етіп, зейнеткерлікке
шыққаннан кейін де өз білгенін жас мамандарға үйретіп, ақылшы бола білді.
Егіндібұлақ ауылында тұрып, зайыбы Ысқақова Бибіғайша Ақботақызымен бірге 5 ұл
бала тəрбиелеп өсірді.
2003 жылдың 18 қаңтарында 78 жасында дүниеден өтті.
ЖАҒЫПАР
КАНАФИН
1925 жылдың 9 мамырында
қазіргі Егіндібұлақ ауылында
дүниеге келген. Əкесі Қана-
пия пен анасы Бибіғайша
жұмысшы отбасынан болған.
Н . Н ұ р п е й с о в
1938 жылы Көкше-
тау қаласындағы
п е д а г о г и к а л ы қ
т е х н и к у м д ы
аяқтаған. Маман-
дығы мұғалім.
1938 жылы Сол-
түстік Қазақстан
облысы Щучинск
а у д а н ы н д а ғ ы
Щучинск
қазақ
орта
мектебіне
мұғалім
болып
қабылданып, 1939 жылға дейін жұмыс істейді.
1939 жылы осы облыстың Зеренді ауданының Ленин
атындағы қазақ орта мектебінің 7-9 сыныптарының мұғалімі болып қабылданып,
тамыз айында жұмыстан босатылады.
Осы жылы Ақмола облысы Молотов ауданы Максимовка селосындағы Сандықтау
ауыл шаруашылығын механикаландыру мектебіне мұғалім болып орналасады.
Кейін осы селодағы Максимовка орталау мектебіне қазақ тілінің мұғалімі болып
қабылданады. Онда 1941 жылдың мамырына дейін жұмыс істеп, Қызыл əскер
қатарына шақырылуына байланысты жұмыстан босатылады.
1942 жылы 7 наурызда (бір құжатта 1943 жылдың 21 маусымында) Целиноград
облысының Балқаш аудандық əскери комиссариаты арқылы Қызыл əскер қатарына
шақыртылады.
1943 жылдың 7 шілдесінде 188-ші атқыштар полкінде əскери ант қабылдады.
1945 жылдың қаңтарынан мамырына дейін 85-ші танкілер полкінің құрамында
старшина болды.
1945 жылғы шілдеде «Ерлігі үшін», мамырда «1941-1945 жылдардағы Ұлы
Отан соғсында Германияны жеңгені үшін», маусымда «Будапешті алғаны үшін»
медальдерін алған.
КСРО-ның Жоғары Кеңесінің 1945 жылдың 22 маусымындағы жарлығымен
1945 жылдың 12 қазанында əскер қатарынан босайды.
Ұлы Отан соғысынан елге аман оралған соң осы жылдың 19 қарашасында Ленин
атындағы жеті жылдық мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып қабылданып,
1947 жылдың 1 сəуіріне дейін мұғалімдік қызмет атқарады.
Қорғалжын ауданына көшіп барып, 1947 жылдың 1 қыркүйегінде Куйбышев
атындағы бастауыш мектептің меңгерушісі жəне мұғалімі болып қабылданады.
1949 жылдың 1 тамызында Молотов атындағы, 1951 жылдың шілдесінде Киров
атындағы, 1954 жылдың тамызында Ынталы бастауыш мектебінің, 1965 жылдың
тамызында Қарғалы бастауыш мектебінің меңгерушісі болып ауыстырыла отырып,
жас жеткіншектерді білімге баулып, тəрбиелейді.
Мұғалімдік қызметті атқара жүріп 1953 жылы Қазақ ССР оқу ағарту министрлігі
Ақмола педагогикалық училищесін «Бастауыш мектептің мұғалімі» мамандығы
бойынша аяқтайды. 1977 жылы зейнеткерлікке шығады. Зейнет жасында болса да
1981 жылға дейін аталған мектепте мұғалім болып қызмет істейді.
1981 жылы Баянауыл ауданына көшіп келіп, Павлодар облыстық халық тұрмыс
қажетін өтеу басқармасының Павлодардағы құрылыс-жөндеу басқармасы
Баянауыл учаскесіне ұста болып жұмысқа орналасады. 1983 жылы денсаулығының
нашарлауына байланысты жұмыстан шығып, бір жола зейнет демалысында
болады.
Өмірінің соңғы кездерін Баянауыл ауылында өткізген Нұрғали ата екі ғасырдың
куəгері болып, 2000 жылдың 15 қазанында қайтыс болды.
НҰРҒАЛИ
НҰРПЕЙІСОВ
1917 жылдың 15 шілдесінде
Ақмола
облысы
Молотов
ауданы
Ленин
селосында
дүниеге келген. Анасы Балқаш
пен əкесі Нұрпейіс Əбішевтер
жұмысшы адамдар болған.
Қ.Шотаев 1933 жылдан алғашқы еңбек жолын бастап 1937 жылға дейін Қаражар
колхозында колхозшы, одан кейін 1940 жылға дейін Баянауыл ауданындағы Үлгі
машина-трактор станциясында тракторшы болып жұмыс істеген.
Баянауыл аудандық қорғаныс істері бөлімінен алынған есептік карточкада
көрсетілген мəліметтер бойынша Шотаев Қабдуахит 1940 жылдың қыркүйегінде
Баянауыл аудандық əскери комитеті арқылы Қызыл əскер қатарына шақырылады. Ұлы
Отан соғысы басталғанда майдан даласына аттанып, 1942 жылдың қаңтарына дейін
126 Қызыл тулы мотоатқыштар полкінің құрамында, 1942 жылдың мамырына дейін
атқыштар бригадасының 140-шы бөлімшесінде атқыш, 1945 жылдың сəуіріне дейін
115-ші Қызыл тулы полкінде бөлімше командирі, 1946 жылдың мамырына дейін 612-
ші атқыштар полкінде взвод командирінің көмекшісі болады. Осылайша аға сержант
Қ.Шотаев Ұлы Отан соғысына қатысып, 1946 жылдың маусымында елге оралады.
1943 жылдан партия мүшесі болған. Елге оралған соң 1946 жылдан 1949 жылға дейін
18 партконференция колхозында партия ұйымының хатшысы, одан кейін 1950 жылы
Сталин колхозында ферма меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1950 жылдан 1954 жылға дейін «Майқайыңалтын» комбинатына қарасты Жосалы
руднигінде слесарь-шебер, 1954 жылдан 1957 жылға дейін Баянауыл машина-трактор
станциясында, 1957 жылдан 1962 жылдар аралығында жаңадан құрылған Баянауыл
совхозында трактор бригадасының бригадирі болып жұмыстар жасады.
1962 жылдан 1967 жылға дейін Баянауыл совхозының бөлімшесінде, 1967 жылдан
1972 жылға дейін Жайма совхозының №3 бөлімшесінде бөлімше меңгерушісі
қызметтерін атқарған.
1972 жылы Баянауыл ауданының Қаражар ауылына көшіп келіп, трактор бригадасы-
ның бригадирі болып зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеді.
Кадрларды есепке алу бойынша жеке парағындағы жазбалар бойынша Қабдуахит
Шотаев Баянауыл ауданының колхоздары, машина- трактор станциялары мен жаңадан
құрылған совхоздарында, əр түрлі басшылық, меңгерушілік қызметтерге тағайындалып,
көптеген қызметтер атқарған жəне Баянауыл ауданының дамуына үлес қосқан.
Қ. Шотаев бірнеше рет аудандық партия комитетіне жəне Баянауыл аудандық
еңбекшілер депутаттары селолық Советіне депутат болып сайланды.
1943 жылы «ІІ дəрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен, «ІІІ дəрежелі Даңқ», «Ерлігі
үшін» ордендерімен 2 рет марапатталған.
1946 жылғы 7 наурыздағы СССР Жоғары Кеңесінің Президиумы жарлығымен
«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен
марапатталған.
СССР Жоғары Кеңесінің Президиумы жарлығымен 1946 жылдың 1 мамырында
«Кенигсбергті алғаны үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медалдерімен жəне тағы
басқа белгілермен марапатталған.
Ауданның тың жəне тыңайған жерлерін игеруге қатысқан, тракторшы ретінде трактор
бригадаларында, егін алқабында көп жұмыстар атқарған. 1957 жылы «Тың жерлерді
игергені үшін» медалімен марапатталған.
1980 жылы көп жылдық адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалін алған.
Қабдуахит ата мен зайыбы Сағида апа Баянауыл ауданының Қаражар ауылында
тұрды. Үлгілі отбасы атанып, 8 баланы өсіріп, жеткізді. 34 жыл бойы жарасып өмір
сүрді.
1981 жылдың 15 қазанында Қабдуахит Шотаев 61 жасында дүниеден өтті.
ҚАБДУАХИТ ШОТАЕВ
Қабдуахит Шотаев 1920 жылы Баянауыл
селосында дүниеге келген. Əкесі Нұртазин
Шотай мен анасы Нұртазина Жамал қарапайым
отбасы болды. Ұлы Отан соғысы басталғанда
əкесі Нұртазин Шотай да (1897 жылы туған)
Баянауыл аудандық əскери комитеті арқылы
соғысқа аттанған. «Боздақтар» кітабында (І том)
көрсетілген деректер бойынша Нұртазин Шотай
1942 жылдың 26 тамызында майданда қаза тауып,
Калуга облысы Думиничи ауданы Коши ауылында
жерленген.
Ер есімі - ел есінде
Ер есімі - ел есінде
3
Баянтау 30 қаңтар 2015 жыл №5 (10656)
ТАНЫМ
Солтанәлі Нағым - мақтауға лайық ардагер
Осы
мақалама
ар-
қау
болып
отырған
тұлға - кезінде өзінің туған жерінің
табиғатын қорғауға көп жылдар
атсалысқандардың бірі. Тіпті, кезінде
егемендігімізді жаңа ғана алып, етек-
жеңімізді жия бастаған жылдарда
жанын пида етіп, ерлікке лайық
батыл іс көрсеткендігі əлі күнге дейін
көптің аузында. Нақтысын айтсақ,
1991 жылдың жаз айында Жасыбай
аймағы
жөнінде
өзекті
мəселе
қозғалып: «Баянауылдың шырайлы
жері Жасыбай көлі демалуға қолайлы
орын, егер американдықтарға сатсақ,
көп табысқа ие боламыз, олардың
қолында көп мүмкіндік бар», - деген
пікірді қолдағандар да болса керек.
Мұндай өрескелдік сөздің төркінін
бірден түсінген Нағым ақсақал
мінбеге мініп: «Халықтың маңдайына
біткен киелі мекенді шет елге береміз
деу - естіген құлаққа ұят, ертең жас
ұрпаққа не айтпақсыңдар? Қалай
беттеріне қарамақсыңдар? Арымызды
сатқанымызша,
өлгеніміз
артық
шығар?», - деп, мінбеден түсіп келе
жатып, жан тəсілім еткен ардақты
тұлға.
Міне, содан бастап, Солтаналы
Нағымның тебіренісі мен туған жеріне
деген сүйіспеншілігі көпшілікке терең
ой салып, «жерді шет елге сатамыз»
деген əңгіме төркіні жабылған бо-
латын. Сондықтан, бұл ақсақалдың
туған жеріне, еліне деген құрметі
осындай болды. Ол кісінің бұл
əрекетін ерлікке лайық десек артық
болмас, сірə!
Ал, енді Нағым ақсақалдың өзіне
келетін болсақ, өмірдің қиын-қыстау
кезеңдерінен сүрінбей өтіп, ұлағатты
ұл, өнегелі қыз өсірген ұлықты
отбасылы əулеттен. Ауданның қоғам
өміріне белсене араласып, еліне елеулі
қызмет еткен сыйлы жан. Қадірлі
азамат. 1921 жылы желтоқсан айында
Баянауылда дүниеге келеді. Ұлы Отан
соғысы басталғанда ол 20 жастағы
қылшылдаған жігіт. Ел азаматтары
қатарлы ол да 1943 жылы жерін
қорғау үшін соғысқа қатысып, Мəскеу,
Ленинградты жаудан қорғайды. Ауыр
жарақат алады. Жарақаты асқынған
жауынгерді
арнайы
комиссия
мүшелері еліне қайтарады. Міне,
ардагер атамыз осыдан бастап ол
орман шаруашылығына жұмысқа
тұрып,
зейнеткерлікке
шыққанға
дейін 40 жылдан аса адал еңбек етеді.
Жан жолдасы Қапиза анамызбен
бірге тəрбиелеп-өсірген ұрпағы ата
жолын қуып, Балғабай, Балташ,
Ислам, Даржұман. Мереке сынды
бала-немерелері
əулет
дəстүрін
жалғастырып келе жатқанына 118
жылды құрап отыр. Нағым ақсақалдың
туған өлкесіне деген адамгершілік
парызын адал атқарып, артындағы
ұрпағы бүгінгі жас буынға тəрбиелік із
қалдырып,
ұрпақтар
таразысына
қалдырған ойдың жемісі, - деп
білемін.
Ойымды қорыта келе, Ұлы Отан
соғысының ардагері, қан майданда
ерлікпен шайқасқан ардагер атамыз-
дың соғыста көрсеткен ерлігін, туған
жерін қорғау мақсатында жанын пида
еткендігін ескеріп, кейінгі жас ұрпаққа
үлгі-өнеге етіп, жастардың бойында
отансүйгіштік, патриоттық тəрбиені
ұялатуда Солтанəлі Нағымның өмір
жолы айрықша деп, ойлаймын.
Кірген жылымыз тойға толы жыл
болмақ. Қазақ хандығының əлем
аренасында өз орнын дəлелдеп,
қазақ деген ұлттың мемлекет болып
қалыптасқанына - 550 жыл, Ұлы
Отан соғысының аяқталғанына -
70 жыл, Қазақстанның ұлтаралық
ассамблеясының құрылғанына - 20
жыл, мемлекет тарапынан ең алғаш
табиғатты қорғауға алған Баянауыл
мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің
құрылғанына - 30 жыл толмақ.
Ардагеріміздің ҰОС ардагері екенін,
БМҰТП-де көп жыл еңбек еткенін
ескере келе, жас ұрпаққа үлгі боларлық
ізін қалдыру үшін аудан орталығының
бір көшесінің аты берілсе деген
ұсынысымыз бар.
Достарыңызбен бөлісу: |