БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ
БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ
redakciyabayantau@mail.ru
Газет 1931 жылғы 4 қыркүйектен шыға бастады
Сөзіммен халқым амал қылсын десең, Амал қыл өз сөзіңмен əуел өзің!
Мəшһүр Жүсіп
Баянтау
Баянтау
6 наурыз 2015 жыл №10 (10661)
6 наурыз 2015 жыл №10 (10661)
Бүгінгі нөмірде:
Ер есiмi - ел есiнде
Имамндылық
Құлынтай
3 бет
3 бет
2-3 бет
2-3 бет
Халқымызда «Барлық жақсылық – күннің нұрынан, жылылық – әйелдердің
Халқымызда «Барлық жақсылық – күннің нұрынан, жылылық – әйелдердің
аялы алақанынан таралған» деген сөз бар, Сіздерді ару көктемнің арайлы мерекесі
аялы алақанынан таралған» деген сөз бар, Сіздерді ару көктемнің арайлы мерекесі
– 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
– 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Алтын құрсақ ананың амандығы мен баланың жарқын күлкісі – біздің басты
Алтын құрсақ ананың амандығы мен баланың жарқын күлкісі – біздің басты
байлығымыз.
байлығымыз.
Қазақстан Республикасының Президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы
Қазақстан Республикасының Президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың тікелей бастамасымен елімізде мемлекет тарапынан әйелдерге
Назарбаевтың тікелей бастамасымен елімізде мемлекет тарапынан әйелдерге
жасалып жатқан қамқорлық шаралары өте көп. Елбасы «Қазақстан-2050»
жасалып жатқан қамқорлық шаралары өте көп. Елбасы «Қазақстан-2050»
Стратегиясында жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі
Стратегиясында жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі
ретінде ана мен баланы қорғауды жариялады.
ретінде ана мен баланы қорғауды жариялады.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел – тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел – тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға
ғана емес, ол мемлекеттің өміріне және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам
ғана емес, ол мемлекеттің өміріне және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам
мүшесі. Қоғамдық сана «әйел – кәсіпкер», «әйел – саясаткер», «әйел – қоғам
мүшесі. Қоғамдық сана «әйел – кәсіпкер», «әйел – саясаткер», «әйел – қоғам
қайраткері» деген сияқты жаңа мәртебемен, бай мазмұнмен толығып отыр.
қайраткері» деген сияқты жаңа мәртебемен, бай мазмұнмен толығып отыр.
Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күретамыры, ыстық ықылас пен
Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күретамыры, ыстық ықылас пен
ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Біздің аналарымыз – жарқын
ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Біздің аналарымыз – жарқын
істерді бастаушы, ел бірлігінің ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі.
істерді бастаушы, ел бірлігінің ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі.
Еңбекте, денсаулық сақтауда, білім беруде, өнерде баршаға үлгі болып келеді. Кейінгі
Еңбекте, денсаулық сақтауда, білім беруде, өнерде баршаға үлгі болып келеді. Кейінгі
толқын осынау игі дәстүрді лайықты жалғастыруда.
толқын осынау игі дәстүрді лайықты жалғастыруда.
Көктемнің осы бір тамаша мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгілік
Көктемнің осы бір тамаша мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгілік
белгісі сияқты.
белгісі сияқты.
Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі, көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің,
Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі, көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің,
әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Осы ерекше қасиеттеріңіз
әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Осы ерекше қасиеттеріңіз
мәңгілік салтанат құрып, елімізге ырыс-құт дарысын. Сіздердің қолдауларыңыз
мәңгілік салтанат құрып, елімізге ырыс-құт дарысын. Сіздердің қолдауларыңыз
баршамызға сенімділік ұялатып, жігер береді. Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр
баршамызға сенімділік ұялатып, жігер береді. Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр
үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт,
үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт,
игілік тілеймін!
игілік тілеймін!
Н.М.Күлжан,
Н.М.Күлжан,
Баянауыл ауданының әкімі.
Баянауыл ауданының әкімі.
Ардақты аналар мен қымбатты әйелдер!
Ардақты аналар мен қымбатты әйелдер!
Аяулы да, ардақты нәзік жандар!
Аяулы да, ардақты нәзік жандар!
Сіздерді көктемнің жайма шуақ мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен
Сіздерді көктемнің жайма шуақ мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен
шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңізге мәңгілік жастық алауын, шынайы
шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңізге мәңгілік жастық алауын, шынайы
сүйіспеншілік шуағын, адал махаббат жылуын тілеймін! Көңілдеріңіз көктемдей
сүйіспеншілік шуағын, адал махаббат жылуын тілеймін! Көңілдеріңіз көктемдей
көрікті болсын, жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдесін!
көрікті болсын, жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдесін!
Жан жадыратар қуаныштарыңыз мол болып, таңдарыңыз арайлап атып,
Жан жадыратар қуаныштарыңыз мол болып, таңдарыңыз арайлап атып,
күндеріңіз нұрға толсын! Сіздерге айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер
күндеріңіз нұрға толсын! Сіздерге айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер
ешуақытта толастамасын! Шаңырақтарыңызда әрдайым шаттық ұялап,
ешуақытта толастамасын! Шаңырақтарыңызда әрдайым шаттық ұялап,
елімізге ырыс пен жылулық сыйлап гүлдене беріңіздер!
елімізге ырыс пен жылулық сыйлап гүлдене беріңіздер!
Т.Қасен,
Т.Қасен,
аудандық мәслихаттың хатшысы.
аудандық мәслихаттың хатшысы.
6 бет
6 бет
8 бет
8 бет
Ғылым жолын қуған дарынды қыз
9 бет
9 бет
Таң нұрындай Таңсұлу
2
6 наурыз 2015 жыл №10 (10661) Баянтау
ТАҒЗЫМ
Ер есімі - ел есінде
Ер есімі - ел есінде
ОМАРОВ ОСМАН
1916 жылы Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылында
дүниеге келген. 1938 жылы отбасын құрып, сол
жылдың қыркүйек айында əскер қатарына алынады.
Ол кезде əскер үш жылдық болатын. Əскер қатарында
жүріп, сол жағынан соғысқа кеткен. Соғыста байланыс
батальонының 75-ші бөлімінде, 783 байланыс
автобатальонында шопыр болған. Соғыста өшпес
ерліктің өнегесін көрсеткені үшін «Кенисбергті алғаны
үшін», «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін»
медальдерімен марапатталған. 1945 жылы туған еліне
аман есен оралып, бейбіт еңбекке араласты. 1946-
1950 жылдары аудан орталығында Райисполкомда
жүргізуші,1950 жылдары Баянауылдың МЖС (мал
шаруашылығы станция) қойма меңгерушісі болады.
1952 жылы «20 лет Каз ССР» совхозында жүргізуші
болған. 1954 жылы Екібастұздың астық қабылдау
мекемесінде жұмыс істеген. 1955 жылы 1шілдеде
Жаңатілек колхозына жүргізуші, 1957 жылдары Алексеевка совхозына жүргізуші,
содан кейін механик болған. 1959 жылы Октябрьдің 40 жылдығы совхозына техника
қоймасы меңгерушісі, 1963 жылы автослесарь, 1968 жылы гаражда автослесарь
моторист, 1969 жылы жүк көтеруші кранында жүргізуші болып жұмыс істеген.
1971 жылдарыдан бастап, зейнет жасына дейін шаруаның жылқысын баққан.
Жұбайы Айтжамал Серікқызымен 8 бала тəрбиелеп өсірген, ұлын ұяға қызын
қияға қондырған отбасы болды. Ұрпақтары бүгінде əр салада абыройлы қызмет
жасап, ізін жалғастыруда.
Қарапайым еңбек ете жүріп ел арасында абыройлы, сыйлы азамат ретінде
танылды. Кеңес шаруашылығындағы еселі еңбегі үшін «Еңбек ардагері», «Тылға
50», «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «КСРО-нің Қарулы Күштеріне 50, 60
жыл» толуына орай мерейтойлық медальдаріне ие болған. 1999 жылы 83 жасында
дүниеден өтті.
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында
САДЫҚОВ НЫҒМЕТ
1903 жылы Баянауыл ауданы, Ақсаң ауылында
дүинеге келген. 8 жасына дейін əкесі Садық марқұмнан
діни хат таныған, əкесі Садық Троицкий қаласының
діни медресесін бітірген білімді адам болған. 8 жасы-
нан əке, шешеден жетім қалған соң, ағасы Ыбырайдың
қолында тəрбиеленеді. 20 жылдары Кереку қаласында
татар саудагерде жалшылықта жүріп жаңаша оқудан
хат таниды, сол кездегі білімі қазірше 4 класс. Соғыс
басталғанша елде əртүрлі жұмыс істейді. 1941 жылы
І-ші Сталинград майданына аттанады. Соғыста 6 ай
болып, бір поселканы босату майданында сол қолынан
жарақат алып, 1942 жылы соғыстан оралады. 1942
-1944 жылдары Жаңатілек ауылына сельсовет болып
тағайындалады,кейін 1944-1947 жылдары Ворошилов
колхозының бастығы, 1947 -1950 жылдары осы
колхозда сельсовет болды, 1950-1962 жылдары Александровка совхозында ферма
меңгерушісі болып кетеді. 1963 жылы зейнетке шығып, 1979 жылы дүниеден өтті.
Марапаттары:
Ұлы Отан соғысына «30» жыл, КСРО-ның Қарулы күштеріне 50-60 жыл
медальдарымен марапатталған.
РАХМЕТОВ БЕЙСЕН
1924 жылы дүниеге келген. 1931 жылы ашаршылықта
əке-шешесінен, туған-туысқандарынан айы-рылып, балалар
үйіне түседі. Осы жерде 7 сыныпқа дейін оқып, кейін
Майқайың селосында шахтада «Заваевшик» мамандығы
бойынша жұмыс істейді. 1942 жылғы күзде осы жерден 18
жасында майданға аттанады. Майданда «Максим» пулеметін
игеріп, маңызды Курск-Ореовск шайқасында көрсеткен ерлігі
үшін ІІІ – дəрежелі орденімен марапатталды. 1944 жылдың
наурыз айында ауыр жарақаттанып, Самарқан қаласындағы
госпитальде 6 ай емделіп, туған елге оралды. 1949 жылы тыл
ардагері, жары Қайыржанды кездестіріп, отау құрды. Он бала
тəрбиелеп өсірді. Соғыстан кейін жылдары жауапты қызметтер атқарды. Бірнеше
мəрте адал қызметі үшін құрмет грамоталарымен марапатталды. 1999 жылы
дүниеден өтті.
Марапаттары:
Ұлы Отан соғысына «20» «30» «40» «50» «60» жыл, КСРО-нің Қарулы күштеріне
60 жыл, «Ерлігі үшін», медалімен «ҰОС 25 жыл» төс белгісімен, 1,3 дəрежелі
ордендерімен марапатталған.
СМАЙЫЛОВ КƏРІПБЕК
1898 жылы туған. 1942 жылы соғысқа аттанып
бірден Сталинград түбіндегі шайқасқа түсті. 73 гвардия
дивизиясында қатардағы жауынгер болды. 1943
жылы жарақат алып госпитальға түсіп, емделгеннен
кейін қайтадан соғысқа аттанды. 1945 жылы аман-
есен соғыстан елге оралды. Қатардағы жауынгер «73
гвардиялық дивизия «Сталинградтық» деген медальмен
марапатталды.
Соғыстан кейін жұбайы Шəрипамен отбасын құрып,
бала-шағалы болды. Балалары ер жетіп, қазіргі уақытта
бір-бір отбасын құрып отыр. Совхозда көп жылдар бойы
мал бағып, елге адал қызмет істеді. 1986 жылы дүниеден
өтті.
Марапаттары:
Ұлы Отан соғысына «30», «40», «60» жыл, КСРО-нің Қарулы күштеріне 60 жыл
медальдарымен марапатталған.
1914 жылы Қаражар ауылының тұрғыны.
Туған жері: Майқайың кенті, Шөптікөл ауылы.
Əкесі Ахмет ауылда молда болған, араб тілін жақсы
меңгерген елге сыйлы мұғалім болған. Ағалары:
Бердірақым, Əшім ауылдың үлкен молдалары
болған.
Бірнеше жыл Майқайын кентінде госбанкіде жұмыс
атқар-ған. Шөптікөл көмір кешенінде көмір артушы
экскаваторда жұмыс істеген.Өмірінің ақырына дейін
Қаражар ауылында тұрған
1942 жылы маусым айында соғысқа аттанды, 979 –
атқыштар полкында соғысқан. Əскери білімі: атқыш
1943 жылы Сталинград түбінде ауыр жарақат алып,
1943 жылы шілде айында отанға қайтып келеді .
Ұлы Отан соғысы жылдары көрсеткен ерлігі үшін
бірнеше орден медальдармен марапаталған, атап өтсек
«Ұлы Отан Соғысының 2 дəрежелі Орденімен», «Ерлігі үшін».Туған еліне оралған соң,
бейбіт өмірде еңбекке араласып, іскерлігімен танылады.
Бірнеше жыл Майқайын кентінде госбанкте жұмыс атқарған. 1957-1966 жылдары
Шөптікөл көмір кешенінде көмір артушы экскаваторда жұмыс істеген.
1965 жылы Павлодар облысының халықтық сайлауы бойынша Шөптікөл ауылында
еңбекті қорғау инспекторы міндетін атқарды.
1966 жылы Қаражар ауылына отбасы жағдайына байланысты көшіп келеді. Музафар
ата Қаражар ауылының қоймасың басқару міндетін атқарған.
1974 жылдарынан бастап «Азат» фермасында мал бағу кəсібімен шұғылданады.
Қаһарман майдангер 1998 жылдың 29 желтоқсан айында өмірден өтті.
АХМЕТОВ МУЗАФАР АХМЕТҰЛЫ
ЛАДЫГИН
НИКОЛАЙ РОДИОНОВИЧ
Майқайың мектебінде 1938 жылдан жұмыс істейді. 1939
жылдан мектеп директоры болған. 1940 жылы Карело-Фин
соғысына кеткен.
1943 жылы Ленинград майданында қайтыс болған.
ЖАНКИН
ХАМИТ ШУКЕЛОВИЧ
Мектеп ашылғаннан бері №2 Майқайың жалпы орта
білім беру мектебінен қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс
істеген. 1942 жылы Қызыл Əскер қатарына шақырылған.
1943 жылы Орёл қаласы үшін ұрыста қайтыс болған.
ПИНЧУК МИХАИЛ
СЕМЁНОВИЧ
1941 жылы Майқайың №2 жалпы орта білім беру
мектебін бітірген соң.
Ұлы Отан соғысына кеткен.
ЧЁРНЫЙ СЕРГЕЙ
РОМАНОВИЧ
1941 жылы мектепті бітірген. Мектепті бітірсімен Қызыл
Əскер қатарына шақырылған. 1943 жылы соғыста қайтыс
болған
МАЛКОВ ИННОКЕНТИЙ
1941 жылы мектепті бітірген. Осы жылы соғысқа шақырылған.
Солтүстік-Батыс майданда миномётчик болып соғысқан. 1942
жылдың соңында қаза тапқан.
КОБЕЛЕВ ОЛЕГ
АЛЕКСАНДРОВИЧ
1941 жылы мектепті бітірген. Мектепті бітірсімен
соғысқа аттанған. Соғыста танкист болған. 1943 жылы
қайтыс болған.
3
Баянтау 6 наурыз 2015 жыл №10 (10661)
ТАҒЗЫМ
НҰРПЕЙІС ЫБЫРАЙ
1906 жылы Баянауыл ауданында қарапайым
жұмысшы отбасында дүниеге келген. Сол ауыр
заманда 3 жылдық мектеп білімін тəмəмдаған.
Ауылда шопыр жұмысын атқарып жүріп, 1941
жылы Баянауыл ауданынан соғысқа аттанады.
Соғыста жасырын құпия түрде қару-жарақ тасумен
айналысады. Соғыс жылдары НКВД-ның жауынгер
жүргізушісі жұмысын атқарып жүріп, 1944 жылы
Жапон жеріне соғысуға аттанады. Жапондарды
2-3 айдың ішінде тас-талқан етіп, 1945 жылы
Отанына оралады. Соғыста көрсеткен ерліктері
үшін медальдармен, ордендермен марапатталады.
1945 жылы 31 тамыз «Сталин құрмет грамотасы»
мен марапатталады, 1947 жылы «Жапониядағы
жеңіс үшін» медалімен марапатталады, 1965 жылы
9 мамыр күні Ұлы Отан соғысына «20», «40» жыл,
СССР-дің Қарулы күштеріне 30 жыл. медальдары-
мен марапатталған.
Соғыстан кейін, Баянауыл ауданының Тəштай елді-мекенінде (қазіргі
Александровка) елді мекенінде гараж жұмысын басқарып, шопырлық қызмет етеді.
1946 жылы үйленіп, балалы-шағалы болып, өмірінің соңына дейін еңбек етумен
өткізеді.
Екі бала, төрт немере көріп, 1973 жылы дүниеден озды.
РАХИМЖАНОВ ЖАПАР
1920 жылы Баянауыл ауданы. Торайғыр
ауылында қарапайым отбасында дүниеге
келді.
Торайғыр
ауылдық
мектебінің
7-сынып білімін тəмамдаған. 21 жасында
1941 жылы Баянауыл ауданынан соғысқа
аттанған. 1944 жылы соғыста сол қолынан
жараланып, үйге оралады. 1970 жылы 9
мамыр күні «Фашистік Германияны жеңнені
үшін 25 жыл» толуына орай мерейтойлық
медальдарімен марапатталды.
Ұлы Отан соғысына «30», «40», «50»
жыл, КСРО Қарулы күштеріне 60 жыл.
медальдары-мен марапатталған. «Ұлы Отан
І дəрежелі ордені» марапатталды. Соғыстан
кейінгі жылдары Колхоз жұмыстарында
елеулі еңбек еткен. Колхоз кезінде есепші
болып жұмыс атқарады. 1958 жылдан бері
қойма басқарушысы жұмысын атқарады.
1946 жылы үйленіп, отау құрған.
1987 жылы дүниеден озды.
ЖАҚИМАНОВ ЖҰМАБЕК
ЖАҚИМАНҰЛЫ
1922 жылдың 12 қаңтарында Баянауыл ауданының
Белағаш ауылында дүниеге келген. Жастайынан
əкесінен айырылып, анасының қолында өсіп, кейін
1930-1933 аштық жылдарында Қарқаралы балалар
үйінде тəрбиеленеді. 1939 жылы фин соғысына
қатысады. ҰОС жылдарында 2 украин жеріндегі
шайқаста, Рокосовскийдің атты əскер атқыштар
отрядында болған. Соғыста басынан, иығынан
бірнеше жерден жарақат алған. 1945 жылы Берлинге
100 шақырым қалған кезде жарақаттанып, елге
қайтып оралады. Жақиманов Жұмабек атамыз 2006
жылы 16 тамызда дүниеден озды. Марапаттары:
ұлы Отан соғысының мерейтойы медалімен, КСРО-
ның Қарулы қүштеріне 50 жыл, «Соғыс ардагері
медалімен, Ұлы отан соғысының 60 жылдығы» «Маршал Жуков» «Украина үшін
неміс фашистерімен шайқасында көрсеткен ерлігі үшін» медалдерімен, ҰОС ІІ
дəрежелі орденімен марапатталған.
ЖАҚЫПБАЕВ ШЕРИЯЗДАН
ƏЛПАТТАҰЛЫ
1926 жылы Баянауыл ауданында туған.
Қазақ мектебінде латынша 7 класс бітірген.
1944 жылы əскер қатарына кеткенше
колхозда жұмыс істеген. 1944 жылы өзі
сұранып майданға аттанады. Басқыншы
жаумен ерлікпен шайқаса жүріп, 1945
жылдың 30 сəуірінде, Ұлы Жеңіске
санаулы күндер қалғанда, Берлин түбінде
ауыр жараланып, саптан шықты. Соғыста
көрсеткен ерлігі, бейбіт өмірдегі еңбегі
елеусіз қалған жоқ. Бірнеше ордендер мен
медальдарды кеудесіне тақты. 1944 жылы Бас
қолбасшы И.В.Сталиннің «Алғыс хаты» мен
марапатталды.
1946 жылы туған еліне оралды. 38 жыл
бойы «Баянауыл» ауданының көркейтуге
үлес қосты. 30 бойы есеп қызметінде істеп,
кейінгі жылдары «Баянауыл» кеншарының
бөлімше басқарушысы болып зейнеткерлікке шықты. Қажырлы еңбектен 65 жасқа
дейін қалған жоқ.
Марапаттары
«Берлинді алғаны үшін».
«ҰОС 1 дəрежелі» Ордені
Ұлы Отан соғысына «30», «40», «50», «60» жыл, КСРО-нің Қарулы күштеріне
50 жыл
Бас қолбасшы И.В.Сталиннің «Алғыс хаты» мен марапатталды
ҰОС медалі.
Беларуссияны босатқаны үшін Жуков медалі, Еңбек ардагері.
ЫСҚАҚОВ ҚАМЗА
ЫСҚАҚҰЛЫ
1918 жылы сəуір айында Павлодар
облысы,
Ақтоғай
ауданының
№25
ауылында дүниеге келген. 1945 жылдың
қаңтар айында Новосібір облысының
Шилов ауданынан Қызыл əскер қатарына
шақырылған. Кеңес Одағы мен Жапония
арасындағы соғысқа қатысқан. Соғыстан
кейін Қиыр шығыста 1950 жылға дейін
əскери қызметін жалғастырған. 1950-
1964 жылдары аралығында Новосібір
облысында қызмет еткен. 1964 жылы
отбасымен Баянауыл ауданының Жосалы
совхозына көшіп келеді. Осы ауылда 1980
жылға дейін түрлі лауазымды қызметтер
атқарды. 1980 жылы 31 желтоқсанда
қайтыс болды.
Марапаттары: «Жапониядағы
женіс
үшін» жəне «Жеңіске 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
Тарихқа терең із салып, талай
боздақтардың өмірін қиып, баланы
жетім, ананы жесір еткен, қарттар мен
қариялардың көкірегін өксіткен зұлмат
соғыстың аяқталғанына 70 жыл. Жеңіс
оңайлықпен келген жоқ. Соғыста от
кешкен майдангердің қолында қару
болса, ауылда қалған еңкейген кəрі
еңбектеген жастың жүрегінде бір ғана
«Жеңіске жетемін» деген қайсарлық,
қайраттың дүлей күшін серік еткізді.
Осындай сұм соғыстың зұлматын
Ақкелін
бауырындағы
«Теңдік»
колхозының еңбеккерлері де басынан
кешті. Колхозшылардың еселі еңбегі
жеңістің əр сағатына арналды. Қиын
қыстау кезде енді ғана өмір атты
кемеде өткізетін талай бойжеткендер
мен бозбалалардың жастық шағы
ұмытылды. Осындай бойжеткеннің
бірі өзінің еңбекқорлығы мен өткірлігін
серік етіп қолхоз шаруашылығының
барлық саласында жалынды еңбек ет-
кен «Теңдіктің Напиқасы» еді. Напиқа
апамыздың еңбектегі өмірі кейінгі
жастарға өнеге. Напиқа Шегетайқызы
1922 жылы Теңдік колхозындағы
Шегетай мен Аққарғаның отбасында
дүниеге келді. Ағалары Қасымбек
соғысқа
аттанды.
Бауырлары
Көшек пен Амантайдың жəне əке-
шешесінің
тауқыметі
Напиқаға
қарады. Тумысынан қайратты қайсар
қыз жоғары білімі болмаса да есепке
зейінді еді. Отбасындағы үлкен ағасы
Қасымбек есепке жүйріктігімен жəне
қисса, жырларды жатқа айтып, ел
ішінде ерекше сауатымен көрінген
азамат еді. Дарындылық тегіне
берілген Напиқа соғыс кезіндегі сауын
фермасының кіріс шығыс есебін қолға
алды. Сауыншылар өздеріне берілген
жоспарды екі-үш есе орындап, аудан
мен облыс көлемінде үлгілі еңбек етті.
Сауыншылардың азаматтары соғыста
оқ пен оттың астында жүрген шақта
оны ұйымдастыру, жан жараларына
жол салу жас қыз Напиқаның ерлігі
десек артық емес. Əсіресе, майданнан
келген үшкіл хаттар жолын жатқа
айтып, сауыншылар көңілін серпілтіп
тастайтын сəттері өте көп еді. Мына
бір өлең жолдары сол кездегі əйелдер
арасында əнмен айтылушы еді:
Аман ба құтты мекен туған ауыл,
Кіндік кесіп, кірімді жуған ауыл.
Аман ба қарт аталар, əжелер мен
Ағайын, ауылдастар, аға-бауыр.
Ауылымда қалып барад екі жетім,
Аялап өсірмек ед есіл-дертім.
Екеуін маңдайынан қаға көрме
Бетінен қорғаламай өссін еркін.
Іштеріндегі сағыныш пен мұңдарын
серпіп тастап, қайраты мен қажырлы
еңбегін
жеңіске
арнаған
əзиз
аналардың тыныс-тіршілігіне күш
қоса білетін қайратты-қайсар қыз
Напиқа сауыншылардың күнделікті
көңіл-күйлерін
назарынан
тыс
қалдырмаушы
еді.
Сауыншылар:
Қалымова Рахима, Əубəкірова Кəңкіш,
Шəкірбаева Зықыш, Мəжкенова Шаян,
Қажкенова Шəми, Əбілдина Бидаш,
Балдаева Қаман, Шарденова Əнтапи,
Қамбалова
Дəмеш,
А.Қалиева,
К.Байжікенова, Молдабекова Жамал,
Əбішева Мəшəу т.б. ерен еңбектерінің
арқасында колхоз алдыңғы шепте
болды.
Əйелдер
арасындағы
көшбасшы жас қыз Напиқа Шегетаева
Мəншүк Мəметова атындағы танк
колоннасына 50 мың ақшалай көмекті
ұйымдастырды. Напиқа Шегетаева
өзі бас болып 10 000 сом, Сарбасова
Зəукен 12 000 сом, Мұрсалова Дəмеш
2000 сом, Зікірова Мəлике 2000 сом
қаржы аударды. Жалындаған жас
комсомол мүшесі Напиқа жоғары
қолбасшы И.В.Сталиннен жеке алғыс
хат алды. Еңбегіне қарай бірнеше рет
аудандық кеңестің депутаты, бірнеше
грамоталармен марапатталды.
Напиқа Шегетаева əйел адамдардың
қолмен атқаратын сүт сауып тапсыру
жұмыстары ғана емес, сары май,
құрт, ірімшік, қолмен қаймақ былғау,
айран, сонымен қатар төлдерді
күту жұмыстарының да белсенді
ұйымдастырушысы. Осындай ауыр
жұмысты ерлермен бірге басшылық
жасау, соғыстың ауыр күндерінде жас
қыздың еңбегін еселей түсті.
Напиқа
Шегетайқызы
еңбегіне
қарай 1945 жылы «Тылдағы ерең»
еңбегі үшін медалі, «Ұлы Жеңістің
40 жылдығы», «Ұлы Жеңістің 50
жылдығы» бірнеше алғыс хаттармен,
грамоталардың иегері болды.
Соғыс аяқталғанда ағасы Қасымбек
екі көзінен айырылып, елге мүгедек
болып оралды. Жеңіс күнін елімен
бірге қарсы алған Напиқа 1946 жылы
Əбілқажы ағамен отбасын құрды.
Бейбіт өміріндегі отбасы тіршілігін
Қарағанды облысы Нұра бойында
өткізді. Дүниеге жалғыз баласы Сайлау
келді. Алты немере, бір шөбере өсірді.
1994 жылы дүниеден өтті. Ауылдаста-
ры атап кеткен «Теңдіктің Напиқасы»
бүгінде жас ұрпақтар мақтанышы.
Жеңістің əр күнін жақындатқан жас
қыздың еңбегі ауыл тарихында мəңгі
қалды. Бұл күнде Напиқа апамыздың
оқыған мектебіндегі шəкірттер ол
кісінің еңбегін тағылымды сағаттарда
арқау етеді. Өнегелі еңбек жолын үлгі
тұтады. Жеңіс туын жақындатқан
тылдағы əйел-ана еңбектері ешқашан
ұмытылмақ емес!
Достарыңызбен бөлісу: |