Баянауыл аудандық газеті



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата09.01.2017
өлшемі15,79 Mb.
#1511
1   2   3   4

Нескен МƏЛІКҚЫЗЫ,

Қазақстан Республикасына еңбегі 

сіңген мұғалім.

ТЕҢДІКТІҢ НАПИҚАСЫ


4

6 наурыз 2015 жыл №10 (10661)                                                                                                                    Баянтау

ӘЙЕЛ - ҚОҒАМДА

Пенде болған соң бас ауырып, балтыр 

сыздамай тұрмайды. Осындайда  адам 

денсаулығының  сақшылары  болып, 

күні-түні тынымсыз еңбек етіп жүрген 

ақ халатты жандарға жүгіресің.

Менің  де  сөз  етіп,  алғыс  білдіргелі 

отырғаным  Жаңатілек  ауылындағы 

фельдшерлік-амбулаторлық  бөлімнің 

дəрігерлері  Букирова  Гүлнар  Серік-

қызы  мен  Аханова  Гүлизат  Аханқызы  

атты  аяулы  қарындастарым еді.

Ауылдық  ФАП  меңгерушісі  Гүлнар 

Серікқызы 1981 жылы  орта  мектепті 

бітірісімен  Теміртау  медициналық 

училищесінің  емші – фельдшерлік 

факультетіне  түсіп,  оны 1984 жылы 

ойдағыдай  аяқтады. 1985 жылдың 

наурыз  айынан  бастап  өзінің  туған 

ауылында табан аудармай  отыз жылдан 

астам уақыт еңбек етіп келеді.

Гүлнар  Серікқызының  өз  ісінің 

шебері, білікті дəрігер екеніне көзімді 

анық  жеткізген  екі  оқиғаны    айта  

кетпекшімін.  Осыдан 5-6 жыл  бұрын 

жаз  айының  жайма  шуақ  бір  күнінде 

көршілес 

Ж.Шанин 


ауылындағы 

үйлеріне  той  өткізуге  келе  жатқан 

жаңа ғана үйленген жас жұбайлардың 

бірін  көлік  тоқтаған  жерде  шөп 

арасында  жатқан  улы  жылан  шағып 

алған  болатын,  бұл  жігіт – менің 

балдызымның  баласы  еді.  Жеңіл  

автокөліктің  рөлінде  отырған жездесі 

жақын  елді  мекен  Жаңатілекке  бір-

ақ  тартып,  дереу  ауылдық  дəрігерді 

іздейді.  Жұмыс  орнында  болған 

Г.Серікқызының  жедел  əрі  білікті 

көмегінің,  қолданған  ем-домының 

арқасында ажал аузынан қалған  жігіт  

бұл  күнде  ауыл  дəрігерін  əрдайым 

ризашылықпен  есіне  алып,  аман – 

есен үйлі-баранды болып Қарағандыда 

еңбек етіп жүр.

Сабақ    арасындағы  үлкен  үзілісте 

əңгімелесіп  отырған  əріптесім  өзінің 

денсаулығына  байланысты  жуырда 

облыс  орталығында  болып  емделіп 

келгенін,  қан  қысымының  кенеттен 

жоғарылап  кеткен  кезінде  ауыл 

дəрігерінің  дер  кезінде  көрсеткен 

білікті  көмегінің  арқасында  қатерден 

аман  қалғанын  облыс  дəрігерлерінің 

өздері де айтты, деді. Міне, бұл Гүлнар 

Серікқызының  күнделікті  еңбегінің 

бір-екі-ақ көрінісі.

Ауыл дəрігерінің адал еңбегі еленбей  

жатқан    жоқ. 2001 жылы  аудандық 

денсаулық сақтау бөлімінің, 2012 жы-

лы  ауылдық  əкімшіліктің  тарапынан 

берілген  алғыс  хаттар, 2014 жылы  

Павлодар облыстық  денсаулық сақтау 

департаментінің  мақтау  грамоталары  

соның айғағы.

Гүлнар  Серікқызы  бүгінде  абзал 

ана,  аяулы  əже.  Жанұясындағы  үлкен 

ұлы  Ернар  Теміртау  қалалық  ішкі 

істер  бөлімінде  қызметте,  үйленген, 

екі  баласы  бар.  Ортаншы  ұлы 

Ерназар  Қарағанды    политехникалық 

колледжінің  студенті,  кішісі  Ерсағын 

8-сынып  оқушысы.  Жолдасы    Рахман 

–  жүргізуші.  Өздерінің    қарапайым 

да  адал  еңбегімен  күн  кешіп  отырған 

Гүлнар мен Рахман  ауылдағы  бақытты  

жанұя  иелерінің  бірі.

Гүлизат Аханқызы  болса 1984 жылы  

Павлодар  медицина  училищесінің 

жалпы    емдеу  жəне  медбибілік 

факультетін  бітіріп, 1986 жылдан 

бастап 29 жыл  бойы  туған  аулында 

еңбек  етіп  келеді.  Гүлизаттың  Ақсу 

қалалық  ауруханасының    инфекция 

бөлімінде  іс-тəжірибеден  өтуі  өз 

мамандығы бойынша  еңбек жолында  

үлкен  жетістіктерге  жетуіне,  ел 

алғысына  бөленуіне    жол    ашқандай  

болды.  Бүгінгі  күні  зейнеткерлікке 

шыққан  дəрігер Көкеш апайымыздың 

əзіл 


сөзімен 

айтсақ, «ауылды 

таңертеңнен  кешке  дейін  дəрімен 

суарып  жататын»  осы  бір  биязы 

мінезді, қолы  жұмсақ, жаны да өзінің 

үстіндегі  ақ  желегіндей  аппақ  аяулы 

қарындасымыздың    қолынан  система 

алмаған,  ине  шанышқызбаған  ауыл 

тұрғындары кемде-кем шығар. 

Мақаламды    қорытындылай    келе, 

сүйікті  газетім  арқылы    алдымызда 

таяп  қалған  Халықаралық  Əйелдер 

күні 8 - Наурыз мерекесімен осы бір ақ 

желеңді    аяулы  жандарды  құттықтап, 

еңбектеріне табыс, жанұяларына бақыт 

тілей  отырып,  ағалық    алғысымды  

жеткізгім  келеді.

Нұрмұханбет ЖҮНІСОВ,

Б.Хайдаров атындағы жалпы орта 

білім беру мектебінің ұстазы, ауыл 

тұрғыны.


 

МЫҢ АЛҒЫС, АҚ ЖЕЛЕҢДІ АЯУЛЫ ЖАНДАР

М.М.ƏМІРХАНОВА, 

аудандық емхана 

педиаторы

З.Ақышев 

атындағы 

жалпы 


білім  беретін  орта  мектепте  білім 

мен  тəрбие  алып  жатқан  даярлық 

сыныптарының  мұғалімдері  Мұса-

бекова  Тұрсынай  мен  Əмірова 

Айман  жуырда  ғана  ауданымызда 

алғашқы  өткен IQ марафонына 

қатысушыларды,  жүлдегерлер  мен 

жеңімпаздарды 

дайындағандары 

үшін  жəне  өсіп  келе  жатқан 

зияткерлерді  тəрбиелеуге  жəне 

дамытуға 

қосқан 

үлестері 



үшін 

арнайы 


дипломдармен 

марапатталды.

Тұрсынай 

Тəңірбергенқызы 

білімі  жоғары,  жоғары  саннатты  білікті  ұстаз.  Қашықтықтан 

Халықаралық өткен «Снейл» орталығының  дипломдары бар. Оқушылары да жетістіктерге ие 

болды.

Əмірова Айман  Төлегенқызы да жоғары білімді мұғалім. Оның да



оқушылары биіктен көрінуде. 

 

«Білім негізі-бастауышта» дегендей, шəкірттері əрдайым озып, шығармашылық табыстарға 



жете берсін демекпіз.

                            А.ШАХМЕТОВА

бастауыш оқу-тəрбие ісінің меңгерушісі.

Əйел – ана, əйел – сұлулық, əйел – махаббат. Сөзге ұста болғанымызбен, өмірде əйел жанының, əйел жүрегінің 

Əйел – ана, əйел – сұлулық, əйел – махаббат. Сөзге ұста болғанымызбен, өмірде əйел жанының, əйел жүрегінің 

емшісі болу қаншалықты қиын, я оңай ма?

емшісі болу қаншалықты қиын, я оңай ма?

Қазақстандағы  əйелдердің  қоғамдағы  рөлі  басым  айқындыққа  ие.  Өйткені  олар  демократиялық,  зайырлы 

Қазақстандағы  əйелдердің  қоғамдағы  рөлі  басым  айқындыққа  ие.  Өйткені  олар  демократиялық,  зайырлы 

мемлекетіміздегі мүмкіндіктерді толық пайланып келеді. Қай саланы алсақ та, қызмет атқарып жұрген əйелдердің 

мемлекетіміздегі мүмкіндіктерді толық пайланып келеді. Қай саланы алсақ та, қызмет атқарып жұрген əйелдердің 

үлесі  жетпіс  пайызды  құрап  отыр.  Жиырма  үш  жылға  тарта  уақыт  ішінде  қоғамдағы  əйелдер  өз  орындарын  яки, 

үлесі  жетпіс  пайызды  құрап  отыр.  Жиырма  үш  жылға  тарта  уақыт  ішінде  қоғамдағы  əйелдер  өз  орындарын  яки, 

демографиялық,  əлеуметтік    тағы  басқа  да  салалардан  тауып  отыр.  Мемлекет  биігінле  де  өз  салмағы  баршылық. 

демографиялық,  əлеуметтік    тағы  басқа  да  салалардан  тауып  отыр.  Мемлекет  биігінле  де  өз  салмағы  баршылық. 

Олардың  лидерлігі  де  жалғасып  келеді.  Отбасындағы  үлестері  өз  алдына,  кəсіпкерліктергі  əйелдердің  пайызы 

Олардың  лидерлігі  де  жалғасып  келеді.  Отбасындағы  үлестері  өз  алдына,  кəсіпкерліктергі  əйелдердің  пайызы 

сексенге жетіп отыр.  Белсенді əйелдер саны да жыл артып қосылуда.

сексенге жетіп отыр.  Белсенді əйелдер саны да жыл артып қосылуда.

Іскер  əйелдер  қауымдастығы  есеп  беру  сайлау  жиналысының  сараптамасы  бойынша  əйелдердің  жыл  тəулігінде 

Іскер  əйелдер  қауымдастығы  есеп  беру  сайлау  жиналысының  сараптамасы  бойынша  əйелдердің  жыл  тəулігінде 

атқарылған  жұмыстарға шолу жасалынғанына  сəйкес,  іскер əйелдер араласпайтын сала жоқ деуге болады. Гендерлік 

атқарылған  жұмыстарға шолу жасалынғанына  сəйкес,  іскер əйелдер араласпайтын сала жоқ деуге болады. Гендерлік 

саясатта  та көптеген жылдан  бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан бағдарламалар көп. Кəсіпкер əйелдер қатары 

саясатта  та көптеген жылдан  бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан бағдарламалар көп. Кəсіпкер əйелдер қатары 

көбейіп келеді, облыстық, аудандық  мəслихаттар депутаттарының 33 пайызы «əдемілер». Бұл – республика бойынша 

көбейіп келеді, облыстық, аудандық  мəслихаттар депутаттарының 33 пайызы «əдемілер». Бұл – республика бойынша 

ең үздік көрсеткіш.

ең үздік көрсеткіш.

БІЛІМ НЕГІЗІ-БАСТАУЫШТА

əйелдің қоғамдағы орны қандай?

əйелдің қоғамдағы орны қандай?

Ж.Х.МАЙКЕНОВА,

Жаңатілек ауылдық 

МҮ-нің директоры   

Н.С.ДЮСЕНБАЕВА,

Баянауыл АІІБ-нің 

аға тергеушісі 


 Баянтау                                                                                                                   6 наурыз 2015 жыл №10 (10661) 

ИМАНДЫЛЫҚ

5

Барлық  мақтаулар  мен  мадақтар 

барша  əлемді  жоқтан  бар  еткен  Аллаға 

болсын,  оның  құлы,  əрі  елшісі  болған 

ардақты    Пайғамбарымыз  Мұхаммед 

(с.ғ.с) болсын.

Жаратушы  Алла  Тағала  жер  бетіне  

ерекше  мейірімді  бір  жан  жаратқан    - 

ол бір қолымен əлемді, екінші қолымен 

бесікті  тербеткен    ардақты  аналарымыз 

сондықтанда  дініміз  исламда  аналарға 

ерекше  құрмет  пен  қараған,  ерекше 

құлшылық  пен  құлшыныс  пен  келедін 

жəннаті  ананың  табаның  астында 

деп  ерекше  құрметке  лайық  дəрежеге 

көтерген,  ал  ислам  діні  келместен 

алдыңғы  дəуірге  көз  жүгіртіп  тарихқа 

қарасақ,  араб  қоғамында  қыз  баланы 

асыраудан  қашатын,  ұлды  артық  көріп, 

қызды 


болғанына 

күйініп, 

қатты 

ызаланатындар да бар еді. Бұндай жауыз 



мінездің  асқынғаны  сонша,  жаңа  туған 

нəзік  жанды  шарананы  шімірікпестен 

тірідей  өлімге  қиып,  аулаққа  апарып 

көміп тастайтындары да кездесетін.

Қыз баланы бетке шіркеу, сүйекке таң-

ба  санайтын  надандық  əрекет  Құранда 

ащы  сынға  алынған: «Кейбіреулері 

қызды  болғанын  естігенде,  ашудан 

жүздері  түтігіп,  түнеріп  кетеді.  Бұндай 

«жаман»  хабардың  салдарынан  ел 

көзінен  тасаланады.  Бұл  қорлыққа 

шыдап,  оны  асырап-бағу  керек  пе,  жоқ 

əлде  топыраққа  көміп  тастаған  дұрыс 

па? Қараңдаршы, берген үкімдері қандай 

жаман?!» («Нахл» сүресі, 58-59-аяттар).

Сол  кезде  Жаратушы  Ие  надандық 

дəуіріндегі осы бір тағылыққа тосқауыл 

қойып, қыз баланы өлтірмеуге шақырды: 

«Жарлы күй кешіп, тұрмыс-тіршіліктерің 

нашар  болғандығы  үшін  балаларыңды 

өлтірмеңдер!  Сендердің  де,  олардың  да 

ризығын  Біз  береміз» («Əнғам»  сүресі, 

151-аят).

Сондай-ақ,  қиямет  күнінде  бейкүнə 

сəбилерге  көрсетілген  жауыздықтың 

есебі 


сұраққа 

алынып, 


жазасыз 

кетпейтіндігі 

ескертіледі: «Тірідей 

көмілген  балаларыңа  «Қандай  кінə-

ларың  бар  еді,  нендей  күнə  үшін 

өлтірілдіңдер?», – деп  сұралғанда…»  

(Такуир сүресі  8-9 аяттар ) 

Бірде үлкен сахабалардың бірі өткенін 

еске  алғанда,  кейде  қатты  жылағысы 

кейде  күлгісі  келетінін  айтқан  еді. 

Қасындағылар мұның себебін сұрағанда: 

«жылағым  келетін  себебі – Исламға 

дейін  бір  қызым 

бар  еді.  Төрт  жасқа 

толғанда, 

көзін 


құртпақ 

пиғылмен 

шөлге 

ертіп 


апардым. 

Шұңқыр 


қазып 

жатқанда, 

қызым 

ештенеден 



бейхабар 

күйде 


менің  үстіме  жұққан 

құм 


топырақты 

тазалаумен 

болды. 

Қазып 


болғаннан 

кейін, 


қызымды 

шыңғырып 

жыла-

ғанына  қарамастан 



көміп  кетіп  едім.  Сол  бір  қаты  кездігім 

есіме  түскен  сайын,  еріксіз  жылаймын. 

Ал күлкім келетіні – жаһил (дінсіз надан) 

кезімде  ұннан  əртүрлі  мүсін  жасап 

оған  табынадын  едік.  Кейде  соны  отқа 

пісіріп  жепте  қоятынбыз.  Солкездегі 

надандығыма күлкім келеді»,-деп жауап 

берген екен.

Демек, ислам діні алғашқы уақыттар-

дан  бастап  қыз  балаларға  мейірімен, 

аяушылықпен  қарауға  шақырған,  тіпті 

бір  отбасымен  балаларды  ұл  қыз  деп 

алаламауға  тəрбиелеуінің  өзі  дініміздің 

зор көңіл бөлетіндігін байқатады.

Бір күні Аллаһ елшісі (с.ғ.с) əйелдерге 

байланысты  былай  деді: «сіздердің 

əр  біріңіз  бақытты  емессіздерме? 

Күйеулеріңізден  құрсақ  көтерсеңіздер, 

ал күйеуі оған разы болса. Егер осылай 

етсеңіздер, ол əйелдің аяғы ауыр болған 

əрбір  күніне,  күні  бойы  ораза  ұстап 

түні  бойы  намаз  оқып  шығушының 

сауабындай  сауап  жазылады.  Босанар 

уақыты  жақындап,  қиналған  уақытта, 

аспандағы періштелердің өзіде Аллаһтың 

ол əйел үшін қандай сый-сяпат əзірлеге-

нін  бей  хабар  болады.  Дүниеге  нəресте 

əкеліп,  көкірегіндегі  сүтімен  баласын 

емізген əрбір сəті үшін де Аллаһтың сол 

əйел  үшін  дайындалған  сайын  алады. 

Нəресте  түнімен  жылап,  анасына  ұйқы 

бермей  ал  анасы  түні  бойы  баланы 

жұбатып, емізіп шықандығы үшін Аллаһ 

жолында  жетпіс  құлды  азат  еткендей 

сауап  алады.  Сіздер  мені  қандай  əйел 

жайында сөз жүргізгендігімді білесіздер 

ме?  Олар  Аллаға  мойын  ұсынушы 

күйеулеріне 

бағынып, 

айтқанынан 

шықпаушы  əрі  істеген  жақсылықтарын 

тез арада əйелдер». 

  Міне  осылай  дінімізде  əйел  затына 

деген  ерекше  құрмет  пен  қараған.  

Сондықтанда  қазақ  халқында  «Анаңды 

Меккеге  арқалап  апарсаң  да  қарызын 

өтей алмайсың  деген». Аналарымызды 

ардақтап, аруларымызды аялайық.



Бахытбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ,

Баянауыл ауданының 

«Мұса-мырза» мешітінің 

Наиб имамы.

АРДАҚТЫ АНА

Әйелдердің қоғамдағы орнын көрсеткен – Ислам діні

Əйелге  деген  осыншалықты  құрмет 

тек  Ислам  дінінде  ғана.  Бұндай 

құрмет  шынымен  де  орынды.  Сүйікті 

Пайғамбарымыз 

(с.ғ.с) 

дінді 


жая 

бастағанда  əйелдер  қауымы  ерен 

еңбек  сіңірді.  Жəбірейіл  (ғ.с)  дінді 

жаю  міндетін  жеткізгеннен  кейін, 

Пайғамбарымыз  (с.ғ.с): «Иə,  Хадиша! 

Кімді 


дінге 

шақырайын? 

Кімге 

түсіндірейін?» – дегенде    Хадиша  (р.а) 



анамыз: «Маған түсіндір, иə , Расулаллаһ, 

мен  мойындаймын»  деді.  Ол  алғаш 

мүминдерден жəне алғаш онымен намаз 

оқығандардан  болды.  Пайғамбарымыз 

(с.ғ.с)  Хз.  Хадиша  анамыз  туралы: 

«Еркектерден  жоғары  мəртебелерге 

жеткендер  көп.  Ал,  əйелдерден  ол 

дəрежеге  жеткендер  төртеу.  Олар: 

Перғауынның əйелі Əсия, Мəриям бинти 

Имран, Хадиша жəне Фатима» –  деген. 

Айша  (р.а)  анамыз  болса  ең  көп  хадис 

риуаят еткен жеті сахабаның бірі.

Қасиетті Пайғамбарымыздың əйелдер 

жайлы айтқан өсиет-хадистері:

Əйелдердің 

сіздерде, 

сіздердің 

əйелдерде  хақтарыңыз бар (Ибн Мажə).

Əйелдер 

əлсіз 


əрі 

қорғансыз 

жаратылған. 

Оларды 


үйлеріңізде 

қорғаңыздар.  Олардың  əлсіздігін  (яғни 

ашуын)  үнсіздікпен  жеңіңіздер  (Ибн 

Аббас).


Жəннəт  аналарыңның  аяқ  астында 

(Əнəс).


Əйеліңе  көмектесу – садақа  (Ибн 

Омар).


Кім анасының көзін сүйсе, бұл ол үшін 

тозақтан перде (Ибн Аббас).

Сіздердің  ең  қайырлыларыңыз,  əйелі 

мен қыздарына ең жақсы қарағандарыңыз 

(Əбу Хурайра).

Иманды əйел – қайырлы іс жасамайтын 

1000  еркектен  де  қайырлы  (Омар  ибн 

Хаттаб).


Əйел  еркектің  екінші  жартысы 

(Айша).


Ең  жақсы  балалар – нəзік,  мейрімді, 

қымбат əрі сүйіспеншілікке толы қыздар. 

(Али ибн Əбу Тəліп).

Егер  сіздердің  біріңізде  қыз  дүниеге 

келсе,  əрі  оған  қиянат  жасамасаңыздар, 

ренжітпеңіздер,  Алла  оның  себебімен 

сізді жəннəтқа кіргізеді (Ибн Аббас).

Əйел  жүкті  болған  кезде  оған 

күнін  оразамен,  түнін  құлшылықпен 

өткізгеннің  сауабы  жазылады.  Толғағы 

басталған  кезде,  ешбір  жаратылыс 

Алланың  оған  қандай  сый  беретінін 

білмейді.  Ол  сəбиін  дүниеге  əкеліп 

емізе 


бастағанда, 

сəбидің 


əрбір 

жұтымы үшін, əрбір емізгені үшін оған 

өліні  тірілткендей  сауап  жазылады. 

(Абдуррахман ибн Ауф).

Əйел жүктілік уақытында, сəбиді туып 

асыраған  уақытында  Алла  жолында 

жүрген  жауынгер  сияқты.  Егер  бұл 

уақытта  қайтыс  болса,  оған  шəһидтің 

сыйы беріледі (ат-Табарани).

Мүмин  ер  кісі,  мүмин  бір  əйелге 

ренжімесін.  Адам  əйелінің  бір  мінезін 

ұнатпаса,  басқа  мінезіне  риза  болады. 

(Муслим).

Сол сияқты əрбір мұсылманның білуі 

керек  болған  асыл  қажеттіліктерінің 

бірі  некенің  діни  үкімдері.  Өйткені 

неке  мұсылмандар  үшін  иман  сияқты. 

Некенің  мақсаты тек ұрпақ жалғастыру 

емес.  Егер  бұлай  болатын  болса 

бедеу  адамдар  мен  жасы  келген  қарт 

адамдардың  некесі  жайз  болмаушы  еді. 

Еркек пен əйел үйленуімен рухани жəне 

тəндік  бірлік  пайда  болады.  Ер  мен 

əйел  жаратылысы  бір-бірінен  айрықша 

боп  көрінгенімен,  шындығында  бір-

бірін  толықтырған  екі  бөлік.  Міне  жай 

ғана  шолып  өткеннің  өзінен-ақ  əйелдің 

мəртебесін байқаймыз. 

Дүниеге қан тамырдай тарайтын,

Жер бетінде əйел жайлы ертек көп.

Əйелдерге немқұрайлы қарайтын,

Еркекті мен санамаймын еркек деп.

Қай кезде де сұлулықтың жолы мұз,

Əйел – біздің əзиз байлық қорымыз.

Əйел-біздің тағдырымыз,

Тағдырымыз болған соң,

Белгілі ғой, бағымыз не сорымыз.

Раббымыз  əркімге:  шүкір  етуші 

жүрек,  зікір  етуші  тіл,  сабыр  етуші 

дене, намысын əрі мүлкімізді қорғайтын 

салихалы əйел нəсіп етсін! Əмин

Аса  мейірімді  Алланың  атымен 

бастаймын. Барлық мадақпен  мақтаулар 

əлемдердің иесі Аллаға тəн. Салауат пен 

сəлем адамзаттың ұлысы пайғамбарымыз 

Мұхаммед мұстафа (с.ғ.с.) ге болсын!

Алла  тағала  кімге  мына  төрт  нəрсе 

берілсе,  сол  адамға  екі  дүниенің 

жақсылығы берілгені. Олар: шүкір етуші 

жүрек,  зікір  етуші  тіл,  қиыншылыққа 

төзімді  тəн  жəне  өз  ар-намысы  мен 

күйеуіінің  мал-мүлкіне  қиянат  етпеуші 

əйел.

Білесіздер  əрбір  адам  жарасымды 



жанұя  кезең  де  ғұмырлық  жар  таңдау. 

Себебі  айтады  ғой  «Бас  екеу  болмай, 

мал  екеу  болмайды».  Алайда,  кейбір 

шариғаттан  мағұлыматты  жоқ  жастар 

тек  «Көзі  сұлу,  өзі  сұлу»  деп  үйленіп, 

соңынан  көп  өтпей  жатып  жұптары 

жазылып жатады.

Хадис: «Адам баласын бақытты ететін 

де сорлататын да үш нəрсе бар. Адамды 

бақытты ететін ізгі əйел, жайлы үй жəне 

жақсы  көлік.  Адамды  бейбақ  ететін 

–  жаман  əйел,  жайсыз  үй  жəне  жаман 

көлік» -деген. 

Кешегі  дана  бабаларымыз  жігіттің 

бақытыны  бес  нəрсені  бағалаған  ғой: 

«жақсы  əйел,  жүйрік  ат,  ұшқыр  тазы, 

қыран бүркіт, түзу мылтық» деген.

Хадисте: «Ман  разақху  Аллаһу  амра-

атан  салихаттан  фкал  ағанаһу  ғала 

шатури  диинихи  фалиаттақи  Аллаһа 

фиш-шатурис-саний».

Мағынасы, «Кімге Алла ізгі əйел нəсіп 

етсе, (дінің)  жартысына  жəрдем  еткені. 

Қалған  жартысына  сақ  болып,  аллаһқа 

тақуалық етсін» деген.

Расында,  ізгі  əйел  тек  шаңырақтың 

берекесі  емес,  сонымен  бірге,  ер 

азаматтың  тақуалығына  да  үлкен  үлес 

қосатынын  айтып  отыр  осы  хадисте. 

«Бас  екеу  болмай,  мал  екеу  болмайды» 

дегендей,  отау  тігіп,  шаңырақ  көтеру, 

ризық-несібенің 

молаюына 

жəне 


жақсылық 

есіктерінің 

ашылуына 

бірден-бір  себеп  болады.  Бұл  жайлы 

хазірет  Əбу  Бəкір  (р.а) «Аллаһтың 

сендерге  неке  жайлы  айтқан  əміріне 

мойынұсыныныңдар, 

сонда 


Аллаһ 

сендерге 

уəде 

еткен 


кеншілігін 

(молшылығын) береді» деген.

Мұсылманның  бұл  дүниеде  таухит 

сенімінен  кейінгі  тапқан  ен  қымбат 

олжасы – иманды əйел.

Абу һурайра жақсы жар табу жөнінде 

мынадай  хадис  жеткізген: «(Əдетте) 

əйелге  төрт  қасиетінің  бірі  үшін 

(қызығып): байлығы, тектілігі, сұлулығы 

жəне діні үшін үйленеді. Мен айтар едім 

имандысын» деген.

Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.) «Əйелдерге 

тек  сұлулығы  үшін  үйленбеңдер,  мал-

мүлкі  оларды  шектен  шығаруы  мүмкін. 

Расында қара тəнді иманды əйел текті де 

дəулетті жəне көрікті бірақ дінсіз болған 

əйелден абзалырақ» деген.

Тұрмысқа  шыққалы  тұрған  қызға 

анасының айтқан сөздері:

1. 


Қанағатшыл  бол.  Тұрмысына 

шүкіршілік  ет.  Күйеуінің  үйге  алып 

келген  несібесін  жылы  шыраймен 

қабылда.  Азық-түлік  болсын,  киім-

кешек  болсын,  көп  болсын,  Аллаға 

шүкіршілік  айтып  ал.  Күйеуіңе  алғыс 

айтып  қоюды  ұмытпа.  Өйткені,  адам 

тұрмысына  ризашылық  танытқанда 

бақытты  өмір  сүреді.  Өзінің  күнделікті 

тұрмыс-тіршілігіне  наразы  болып,  тек 

қана сəттілік уақыттарына ғана қуанатын 

адам жан тыныштығын айырлайды.

2. 

Өмірлік 


жолдасыңа 

бағын. 


Айтқан  сөзін  екі  етпей  орында. 

Істеме  деген  шаруаға  мүлдем  жолама. 

Күйеуіңнің сенін сөйлеп тындағаныңнан 

өзіне  құрметпен  қарайтындығыңды 

сезінетін болсын. Осылайша етсен саған 

Аллаһ разы болып, шаңырағын бақытқа 

толады.

3. 


Үй  тазалығына  жіті  мəн  бер. 

Үйдің  іші  мен  ауласында  күйеуіңнің 

көзіне жаман көрінетіндей зат жатпасын. 

Ал, «Төркіні  жақын  əйелдің  төсегі 

жиылмайды» дегендей салақ əйелдің үйі 

де лас келеді.

4. 

Жаман  иістен  сақтан.  Үйдің  іші 



тек  хош  иіс  шығып  тұратындай  таза 

тұт.  Асханадан  ашыған  айранның,  бала 

бөлмесінен  сасық  төсектің,  кіреберіс 

аяқ-киім  иісінен  айырылмайтын  болса 

үйден  береке  қашады.  Үйін  салақ  

ұстайтын  əйел  күйеуінің  құрметінен  де 

айырылады.

5. 


Тамақтану  уақытын  аса  мұқият 

бол.  Күйеуің  үй  босағасын  аттап  кірсе, 

лезде дастархан жай. Дастархан басында 

күттіріп қоюшы болма. Өйткені, аш адам 

ашушаң жəне жүйкесі əлсіз келеді.

6. 


Ұйқы 

уақытын 


кешіктірме. 

Күйеуің  дағдыланған  уақытта  төсек-

жайын салым əзірлей қой. Шаршап, ұйқы 

қысқан  кісі,  қатал  сөз  айтып  ренжітіп 

қоюы əбден мүмкін. Бұл араларың суып 

кетуіңе себеп болады.

7. 

Үй мүлкін берік  ұста. Үй жиһазы, 



қорадағы  мал  мұның  барлығы  үлкен 

бейнетпен  жиналады.  Күйеуіңнің  мүлкі 

сенің  де  дүниең.  Бейберекет  шашып-

төгіп ысырап етуші болма. Күйеуің үйге 

қанша  табыс  əкелсе  де,  оның  берекесін 

келтіріп  жұмасу  сенің  шаруаң.  Қолына 

ұстатқан  теңгенің  тиынын  да  үнемдеп 

жұмсасаң күйеуіңді қадірлегенін.

8. 

Күйеуінің ата-анасы мен ағайын-



туысын  құрмет  ет.  Атаңды  əкедей 

көріп,  енеңді  анам  деп  айт.  Өйткені, 

барған  үйдің  босағасын  аттаған  күннен 

бастап  сен  сол  шаңырақтың  адамысың. 

Күйеуің  сені  ардақ  тұтсын  десең,  оның 

туыстарымен  жақсы  қарым-қатынаста 

бол.

9. 


Күйеуіңнің  сырын  сақтай  біл. 

Сенімен  өз  ойын  бөлісіп,  соңы  сыр 

сақтауды  өтінсе,  сырын  адам  баласына 

айтушы  болма.  Жұбайлар  арасындағы 

құпия сөз бен іс-əрекеттер өзге адамдарға 

жария  болып  кетпеуі  тиіс.  Жұбайлық 

өмір бір-біріне деген сенімге негізделеді. 

Ал  үй  ішіндегі  сыр  түздегі  ел  аузында 

жүрсе, шаңырақ шайқалады.

10.  Күйеуіңнің дінге қатысты айтқан 

əрбір сөзіне құлақ сал. Дін құлшылығың 

құлшыныспен 

орында, 

жалқаулық 

танытушы болма.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет