Баяндама Дайындаған: «Боранқұл орта мектебі» кмм география пәні мұғалімі Мырзатаева ф бейнеу 2017 жыл



бет3/5
Дата20.12.2023
өлшемі46,06 Kb.
#141648
1   2   3   4   5
Мұның тәжірибелік маңыздылығына келетін болсақ:
- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
- оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.
- оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.

«География» пәні төмендегі бағалау критерийлерімен бағаланады: 


Критерийлер. Дескрипторлар. 
А - Білу және түсіну. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу 
В - Қолдану. Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету.
С - Сыни ойлау және зерттеу. Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелегенсыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп , бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету. 
D - Коммуникация және рефлексия. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактылар мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін көрсету. Басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді , оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау. 

Оқу бағдарламасына сілтеме оқыту мақсаттары 


Білу және түсіну 
Гидросфера Дүние жүзілік мұхит суының негізгі бөліктерін анықтай алады.
Мұхит суының қозғалыс түрлерін атай және олардың себептерін түсіндіре алады 
Дүниежүзілік мұхиттардың географиялық орны және көлемін біледі 
Су температурасының ендік пен тереңдікке байланысты өзгеру себептерін түсінеді. 
Мұхит суларының тұздылығына әсер ететін факторларды біледі. 
Білу және түсіну 
Биосфера Табиғи аймақтарды сипаттау және салыстырады. 
Жоғары биіктік зоналарының сипаттамасын біледі. 
Қолдану 
Гидросфера Дүниежүзілік мұхиттардың салыстырмалы көлемі мен дүниежүзілік мұхиттардың құрлыққа қатынасына шеңберлі диаграмма жасай алады. 
Картадан мұхит пен теңіздердің тереңдіктерін анықтай алады. 
Картаны пайдаланып, мұхиттар, теңіздер жәнеағыстарды сипаттай алады.
Жылы және суық ағыстар арасындағы ерекшеліктерін және мысалдарды түсінеді. Мұхит ағыстарының материкке тигізетін әсерін түсінеді. 
Судың тұздылығын есептей алады. 
Толқындардың құрылысын көрсететін сызба (диаграмма) сала алады . 
Қолдану 
Биосфера. Жағрафиялық мембрананың басты заңдары мен ерекшеліктерін түсіндіреді .
Сын тұрғысынан ойлау және зерттеу 
Гидросфера. Ластану және мұхит суының ластану себептерін түсінеді. 
Ластану себептері және мұхит суын қорғау жолдарын зерттей алады 
Биосфера. Биіктік зоналардың сызбасын жасап, талдайды. 
Коммуникативтық дағдылар және рефлексия. Гидросфера. Судың толысу энергиясын қолдану мүмкіндігін жеке елдер бойынша сипаттап, дәлелдей алады, тұжырым жасайды.

География пәнінде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған критерийлер: 


География пәнінде кездесетін терминдер, тақырып бойынша құзыреттілік тапсырмалар 
Тапсырма. Сәйкестеңдіріңдер: 
1.Антициклон жер қыртысының тұрақты бөлігі 
2.Геосинклиналь жер қыртысындағы терең жарылыстардың жиынтығы 
3.Гуаношөл зонасындағы жер асты суларының орналасқан жерлер мен өзен аңғарларын айтады 
4.Кампосжер қыртысының қозғалмалы бөлігі 
5.Платформа атмосферадағы ауа қысымы жоғары аймақ 
6. Самум құс саңғырықтарынан пайда болатын азотты тыңайтқыш 
7.Рифт Бразилия саваннасы 
8. Шұрат жаздағы жиі-жиі құмды дауылдар 
9.Терая ылғалды бойына жинайтын өсімдіктер 
10.Суккулент Гималайдың оңтүстік беткейіндегі ең төменгі белдеу 

Дескрипторлар 


Нәтижеге жету деңгейі А критерийі 
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады 
1 Оқушы 1терминнің зерттеу нысанын дұрыс анықтады 
2 Оқушы 2-3терминнің зерттеу нысанын дұрыс анықтады 
3 Оқушы 4-5 терминдердің зерттеу нысанын дұрыс анықтады 
4 Оқушы 6 терминнің зерттеу нысанын дұрыс анықтады 
5 Оқушы 7 терминнің зерттеу нысанын дұрыс анықтады 
6 Оқушы барлықтерминнің зерттеу нысанын дұрыс анықтады 

Тапсырма. Географиялық әдістерді белгілейтін сөздерді бос орынға жазыңдар. 


Географиялық диктант: 
1. Орал мен Еділдің арасындағы ойпат------------- 
2. Павлодар орналасқан жазық.--------- 
3. Қазақстанның ----------жазығы 
4. Қазақстанның орталығындағы -----таулы аймақ. 
5. Балқаш өзенінің батысында орналасқан ----------- 
6.Тянь-Шань тауының солтүстік батысында орналасқан 
7. Никельге бай таулар------------ 
8. Сырдария өзені ағып өтетін жазық дала-------------- 
9. Полиметал кеніне бай шығыста орналасқан тау------------- 
10. Қазақстанның ең биік нүктесі орналасқан таулы ---------------- 
12. Қаспий теңізінің жағалауында орналсқан аласа тау--------- 
13. Ең биік нүктесі -----болып саналатын таулы жота. 
Дескрипторлар 
Нәтижеге жету деңгейі А критерийі 
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады. Оқушы 1дұрыс жауап береді. 
1-2 Тақырып бойынша білімі мен түсінігі толық қалыптаспаған. Оқушы 2дұрыс жауап береді. 
3-4 Тақырып бойынша білімі мен түсінігі қалыптасқан. Оқушы 3дұрыс жауап береді. 
5-6 Оқушы тақырып бойынша үздік білім мен түсінігін көрсетеді. Барлық жауаптары дұрыс. 

Тапсырма. Тест «Оңтүстік Американың ішкі сулары» 


Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған сұрақтар 
1.Оңтүстік жарты шар материктеріне қандай құрлықтар жатады? 
2.О.Америка жер көлемі жағынан нешінші орында? 
3.Жер шарындағы ең мол сулы өзен? 
4.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама? 
5.Анд тауындағы көлдердің ішіндегі ең ірісі? 
6.Анд тауының ұзындығы? 
7.О.Американы кімдер зерттеді? 
8.Жер шарындағы аса ірі ойпаттарды атаңдар? 
9.Анд тауларын ежелгі инктердің басқаша атауы? 
10.О.Америкаға әсер ететін ауа массаларының түрлері? 

Дескрипторлар 


Нәтижеге жету деңгейі А критерийі 
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады. Тест сұрақтарының 50% (5 сұрақ) қате орындалған. 
1-2 Тақырып бойынша түсінік қалыптаспаған. 6-7 дұрыс жауап берілген. 
3-4 Тақырып бойынша түсінік толық 
қалыптаспаған. 8 дұрыс жауап берілген. 
5-6 Оқушы тақырып бойынша үздік білім мен түсінігін көрсетеді. 9-10 жауаптары дұрыс берілген. 

Вкритерийі ( Қолдану ) 6 ұпай 


1-тапсырма. Географиялық құралдарды анықта және рет - ретімен орналастыр.
Дескрипторлар 
Нәтижеге жету деңгейі В критерийі 
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады. 
1 Оқушы географиялық құралдарды анықтап, рет-ретімен орналастырғанда әр қайсысында1-2 қателер жібереді. 
2 Оқушы берілген географиялық құралдарды дұрыс анықтайды, рет-ретімен орналастырғанда 2 қате жібереді. 
3-4 Оқушы берілген құралдар бойынша дұрыс анықтайды, рет-ретімен орналастырғанда 1қате жібереді. 
5-6 Оқушы берілген географиялық құралдарды дұрыс анықтайды, рет-ретімен қатесіз орналастырады. 

С критерийі (Сыни ойлау және зерттеу) 6ұпай 


Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер: 

№1 тапсырма 


1. Қазақстанның климаты қандай факторлармен анықталады? Сызба түрінде көрсет. (1 ұпай) 
2. Күн радиациясы деген не ? Олардың түрлерін сызбаға сал.? (2 ұпай) 
3. 660 меридиан бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай жиынтық күн радиациясы қалай өзгереді? Өзгері себептерін анықта (оқулықтан 79 бет, картадан ) (3 ұпай) 

№2 тапсырма 


А) атмосфера циркуляциясы деген не ? (1 ұпай) 
Б) ауа массалары деген не? (1 ұпай) Кестені толтыр (5 ұпай) 

Ауа массаларының қасиеттері: температура ылғалдылық 


Арктикалық 
Қоңыржай 
Тропикалық 

Дескрипторлар 


Нәтижеге жету деңгейі С критерийі 
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады. 
1-2 Оқушы дұрыс жауап береді, бірақ ғылыми дәлелдемелерді келтіре алмайды. 
3-4 Оқушы дұрыс жауап береді, бірақ ғылыми дәлелдемелерінде кемшіліктер кездеседі. 
5-6 Оқушы ғылыми ақпараттарды талдау және саралау негізінде , ғылыми дәлелдемелері бар анық дұрыс жауап береді. 

№ 1 жұмыс 


Тақырып аты: «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІШКІ СУЛАРЫ» 

Тақырып бойынша құзыреттілік тапсырмалар 


В критериі ( Қолдану ) 6 ұпай 
Тапсырма. 1. кластер құрастыр «құрлық суы» 
2.§ 27 .1б оқып , «өзендерді топтау» алаптар бойынша 3.өзен алаптарының суайрығы қайдан өтеді? 

Дескрипторлар 


Нәтижеге жету деңгейі В критерийі 
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады. 
1 Оқушы тапсырманы сызба-нұсқа түрінде орындамаған. 
2 Оқушы тапсырманы ұқыпсыз орындаған, мазмұның жартылый қамтыған.
3 Оқушы тапсырманы ұқыпсыз орындаған, мазмұның толық қамтыған. 
4 Оқушы тапсырманы ұқыпты орындаған, мазмұның жартылый қамтыған. 
5 Оқушы тапсырманы ұқыпты орындаған, мазмұның толық қамтыған. 

№ 2 жұмыс 


Тақырып аты: Сарамандық жұмыс №1 
1.Мына ұғымдарға анықтама бер: көл, өзен, құлауы, қимасы, жылдық ағын, су шығыны.. 
2.Қазақстан өзендері қандай алаптарға жатады? Мысал келтір: 
3.Сәйкестендір дүние бөлігі өзен торының жиілілігі ( 100 кв. км) 
1. солтүстік А) 2-4км 
2.орталық В) 4-6км 
3.оңтүстік С) 0,5км 
Өзен торы жиілілігінің себебін түсіндір. 
4. Ертіс өзенінің графигін сипатта. 
5.Қоректену бойынша қандай типтерге бөлінеді.? 
6.Су қоймасы деген не? Қай өзендердің бойында орналасқан? Олардың маңызы. 
7.Каспий теңізін қорғаудың маңыздылығы. 
8.Арал теңізіндегі экологиялық ахуал қандай жағдайға әкеп соқтырады 

Дескрипторлар 


Нәтижеге жету деңгейі С критерийі 
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады. 
1-2 Оқушы өткізген тәжірибе бойынша талдау жасауға және қорытынды шығаруға тырысады. 
3-4 Оқушы өткізген тәжірибе бойынша талдау жасайды, жартылай қорытынды шығарады, бірақ ғылыми дәлелдемелерді келтіре алмайды. 
5-6 Оқушы өткізген тәжірибе бойынша талдау жасайды, ғылыми дәлелдемелері барқорытынды шығарады. 

№ 3 жұмыс 


С критериі (Сыни ойлау және зерттеу ) 
2-тапсырма. Cұрақтарға жауап беріңдер: 
1. Түсіндіріңдер, жер қабықтарының неге әртүрлі болады? 
Дескрипторлар 
Нәтижеге жету деңгейі С критерийі 
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады. 
1-2 Оқушы сұраққа жауап барысында ғылыми талдау жүргізеді, бірақ қателер жібереді. 
3-4 Оқушы сұраққа жауап барысында ғылыми талдау жүргізеді, дұрыс жауап береді, бірақ ғылыми дәлелдемелер келтірмейді. 
5-6 Оқушы сұраққа жауап барысында ғылыми талдау жүргізеді, толық ғылыми дәлелдемелері бар анық жауап береді. 

№4«Қазақстанды физикалық тұрғыдан аудандастыру .Қазақстанның жазықтары.» 


Тапсырма №4 
1. §41, 42, 43 жазықтардың экологиялық проблемаларын тауып, жазып ал 
2.Экологиялық проблемалардың шығу себептерін ауызша әңгімеле. 
3.Оқулықпен, хрестоматиямен, қосымша материалдармен жұмыс жасай отырып, жазықтардағы ерекше қорғалатын аймақтарды тауып ал. 

А критерийі (Білім мен түсіну ) 6 ұпай 


Дескрипторлар 
Нәтижеге жету деңгейі А критерийі 
0 Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады. 
1-2 Оқушы берілген тапсырмалар бойынша проблемалардың шығу тегін анықтағанда қателер жібереді. Топтарға бөлуге тырысады, 2 қатеден көп жібереді. 
3-4 Оқушы сурет бойынша жазықтарды дұрыс анықтайды. Топтарға бөлгенде1-2 қате жібереді. 
5-6 Оқушы тақырып бойынша үздік білім мен түсінігін көрсетеді. Барлық жауаптары дұрыс. 

Тақырыбы: География сабағында оқушылардың жұмысын критериалды бағалау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет