Баяндама Әлеуметтік топтағы адамдарды қолдау және қорғау



Дата15.04.2023
өлшемі202,62 Kb.
#82991
Байланысты:
баяндама



Қазақ ұлттық қыздар педогогоикалық университтті
«Әлеуметтік топтағы адамдарды қолдау және қорғау»
Баяндама




Әлеуметтік топтағы адамдарды қолдау және қорғау


Әлеуметтік қорғау дегеніміз – халықты жасына қарай, сондай-ақ денсаулығынан, асыраушысынан немесе еңбек ету қабілетінен, жұмысынан айырылуына және экономикалық белсенділік көрсете алмайтын тағы басқа да заңды негіздерге байланысты өмірлік қажетті игіліктерге мүмкіндігі болмағандықтан оларға белгілі бір жақсы тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін жасалатын жүйелі жұмыс.
Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарының санаты кімдер жатады?
1.Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар;
2. I және ІІ топтағы мүгедектер (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
3. Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
4. Заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
5. Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6. кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма жасқа жетпеген жетім балалар жатады.

7. оралмандар;
8. экологиялық зілзалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
9. көп балалы отбасылары;
10. Толық емес отбасылары
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқы-лы 2021 жылдың 01 қазанындағы көрсеткіш бойынша отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табыстары кедейлік шегінен төмен тұрған 3605 отбасына 997,0 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Бұл отбасылардың жалпы құрамында 18 599 адам бар. 3605 отбасының 1295-і – көпбалалы отбасылар.

Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының бір жастан алты жасқа дейінгі 4077 баласына жыл басынан бері барлығы 36 116 дана 177,2 млн теңгенің кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер жиынтығы мен тұрмыстық химиялық тауарлар жиынтығы берілген.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының білім беру ұйымдарында оқитын 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларына арналған кепілдік берілген бір реттік топтамаға құрамында барлығы 3832 бала бар 1859 отбасына 105,6 млн. теңге, аз қамтылған отбасыларының мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан 834 балаға жалпы сомасы 71,6 млн теңге төленген..
Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының 133 қызметкеріне, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен әлеуметтік қамсыздандыру мамандарына отын сатып алуға 1,8 млн. теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленген.
Жұмыссыздар қандай бағдарламалар негізінде жұмысқа орналаса алады?
Жұмыссыздар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысқа орналаса алады. Жыл басынан бері 2395 жұмыссыз тіркелген, оның ішінде қоғамдық жұмыспен 1475 адам, әлеуметтік жұмыспен 137 адам, жастар тәжрибесімен 884 адам қамтылған.
Халықтың әлеуметтікжағынан әлсіз топтарына қандай қолдау көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет