Мақсаты: «Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдануға мүмкіндік жасау.
Мақсаты: «Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдануға мүмкіндік жасау.
Бұл мақсатқа жету үшін ойын технологиясына негізделген ойын түрлерін қолдана отырып, оқушыларды жақсы білім алуға баулу.
Бұл жұмыстың міндеті тақырып бойынша осы тақырып аясында оқушыларға түсінікті, әрі кең көлемде қамтылған материалдарды қанағаттандыратындай етіп жасау.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі - жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді деп жазылған.