Критериалды бағалау: Мұғалімдерге: Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;
Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
Оқушыларға: Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;
Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.
Ата- аналарға: Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.
Қорытынды
Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:
Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;
Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;
Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;
Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б);
Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;
Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
оқушылардың білім сапасын арттырады;
оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.
Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу - жиынтық бағалаудың нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.
А. Байтұрсынов: «Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Ғылым да, тіл де,
табиғат та дамиды. Осындай дамуды, өзгерісті басынан өткеретін күрделі құбылыс та – тіл» деп жазған. Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше. Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру – заман талабы. Білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор.Қазіргі заманда дамытудың нақты, бағытты, жүйеленген әдістемелері жасалып, психологиялық қолайлы жағдайлар тудырып отырса, кез келген ерекше қабілетті оқушы дарынды оқушыға айнала алады. Ал дарынды ұрпақ – елдің ертеңі екенін, оқушы жастан белсенді азаматтық позициясымен ерекшеленетін бала қоғамымыздың ертеңгі интеллектуалдық потенциалы, зияткерлік тобы екенін үнемі есімізден шығармайық.
« Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ
« № 2 орта мектеп» КММ-і
БАЯНДАМА
Тақырыбы:
«Критериалды бағалау- сапалы оқу кепілі»
Дайындаған: Сергазинова А.В.
Жітіқара қаласы
Достарыңызбен бөлісу: |