Балаларды жынысты тәрбиелеу.Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі бұл кезеңнің көптеген қиындықтарына тағы да біреуін қосады- бұл жыныстық тәрбие мәселесі.Балалар мен жастарды жыныстық тәрбиелеудің маңызы зор.Мұндай тәрбие ерте басталғаны жөн.Дұрыс жыныстық тәрбие алған жастардың дендері сау, еңбек қабілеті жоғары, жасына лайық, болашақта дұрыс отбасын құратын болады.Жыныстық тәрбие бірнеше бағытта жүреді:
Ер бала мен қыз баланың арасындағы жыныс мүшелерінің айырмашылығы дұрыс, мезгілінде түсіндіру мектеп жасына дейін басталады.Шешеге, апа-қарындастарына, сіңлілері мен інілеріне деген көзқарасты қалыптастыру қажет.Оларға сыйлауды, құрметтеуді үйрету отбасындағы әке-шешенің бір-бірімен дұрыс қарым-қатынаста болуынан басталады.Ер балаларға жұмыстың ауырын, қыз балаларға жеңілін жүктеудің негізін кішкентай балаларға дұрыс түсіндірсе ғана олардың арақатынастары дұрыс қалыптасады.Біртіндеп жыныстық жетілу басталғанға дейін жас өспірімдердің жыныстық жетілу белгілерін дұрыс түсіндіру керек.Оларда жыныстық қарым-қатынас туралы алғашқы түсінік дұрыс болғанда ғана болашақ отбасыда бақытты, жақсы, үлгілі жанұя болады.Кішкентай балаларда жыныс мүшелерінің кір болуына байланысты қышыма пайда болып, бұл кейінен 14-15жастан бастап онанизмге айналуы мүмкін,оның алдын-алып, болдырмау үшін денесі таза, жыныс мүшесіне қол тигізбей, іш-киімдері кеңірек болып, жыныс мүшесін қыспайтын киім киюін қадағалау керек.Балалармен бағытталған жыныстық қарым-қатынас туралы түсініктеме ертерек басталғаны жөн.Баланың бос уақытын текке кетірмей пайдалы спортқа, еңбекке баулу керек.Тәрбиенің мұндай түрлері балалар бақшасында,отбасында, мектепте жүргізіледі.
Бастауыш сыныптарда қыздардың жыныстық жетілуі басталады.Осыған орай қыздардың ер балаларға деген ерекше ынтасы байқалады.Оның үстіне олардың денесінің өсуі күшейіп, өздерімен құрдас ер балалардан ерекшелене бастайды.Сондықтан бастауыш мектептердегі жыныстық тәрбиенің маңызы зор.Қыздарға көрінетін етеккірдің себептерін, оған байланысты дене тазалығының маңызын түсіндіріп, олардың психикасын дайындап, гигеналық дағдыларын қалыптастыру керек.Бастауыш сынып мұғалімдері қыздардың аналарымен байланыса отырып, жыныстық тәрбиені ұйымдастыруы қажет.Осы бастан –ақ ер балалар мен қыздарға жыныстық айырмашылықтар, жыныс мүшелерінің құрылысы, жыныстық жетілу туралу алғашқы қажетті ұғымдар беріп, бағытты тәрбиемен жүргізу керек.Балалардың “сырттан” алатын теріс бұзық ұғымдардың алдын алу қажет.Оны жыныс ерекшеліктерінің және оның гигиенасының маңызын түсіндіру арқылы іске асыруға болады.Қыз балалардың етеккірі келгенде бұл- ата-ана үшін бойжеткеннің өзі үшін- қуанышты жағдай деп қабылдап, қыз балаға маңызын болашақ ана бола алатынын, соған байланысты ер балалар мен жыныстық қарым-қатынастар туралы ашық сөйлесіп, анасы дұрыс түсінік беруінің маңызы зор.Қыз бала өзінің болашақ ана екенін қорқынышты емес, болашақ отбасы үшін, ел үшін, халық үшін маңызды жағдай ретінде түсінуі тиіс.Еттеккір қыз үшін ауыртпалық емес, мақтаныш ететін жағдайлардың бірі.
Жалпы алғанда жас өспірімдерге ретсіз жыныстық қарым-қатынастың жағымсыз жақтарын түсіндіру маңызды.Ерте және ретсіз жыныстық қарым-қатынас адамды ерте қартайтады, түрлі жыныстық аурулар жұқтыруы мүмкін.СПИД,Мерез, соз іспетті жұқпалы аурулардың тек жыныстық қарым-қатынастан туатынын, олардың зардабын түсіндірудің маңызы зор.Жоғарғы сынып оқушыларына жыныстық қарым-қатынас арнайы әңгімелерді ер және қыз балалармен жеке-жеке топтастырып өткізу тәрбиеші- мұғалімнің міндеті.Мұндай әңгімелерді арнайы мамандармен кездестіру арқылы өткізсе жастардың ұғымы дұрыс қалыптасады.Сондықтан тәрбиеші мезгіл-мезгіл мамандарды сыныпқа шақырып,жастардың тәрбиесіне қатыстыруы тиіс.Маман адамдар жастардың психикасын, аурудың даму барысын,белгілерін,зардаптарын жақсы білгендіктен дұрыс түсіндіріп айта алады.
Сонымен балалар мен жастарға жыныстық тәрбие беру ата-анасы мен мұғалімдердің ғана міндеті емес, бұл ел, халық үшін маңызды міндет.
Өкінішке орай, мұғалімдер мен ата-аналардың көбі жыныстық тәрбие мәселелерінен “аулақ жүруге”тырысады.Балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі өзінің жыныстық дамуы жайындағы “сыпайы” сауалдарына жауапты ересек жолдастарымен достарынан алады, 20% әке-шешесінен, ал 9% мұғалімдер мен тәрбиешілердің алады деген зерттеу нәтежелер бар.Олай болса, жыныстық тәрбиелеуде мектеп пен ата-аналардың енжарлығы. Олардың бір-біріне сілтеп уақытында тәрбие бермеуі жыныстық дамудың физиологиясы және ер азамат пен әйелдің қарым –қатынасы жайында теріс түсініктер туып жағымсыз әдеттерге дағдылануына себеп болады.Сонымен бірге, жыныстық тәрбие мұғалімдер мен тәрбиешілерден, ата-аналардан сыпайылықты,парасаттылқты талап ететін қиын тақырып,өйткені арнайы білімді,педагогикалық және ата-аналық әдептілікті қажет етеді.
Жыныстық жетілу, негізі, үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңі бала ана жатырында жатқанда пайда болады. Яғни баланың ағзасындағы жыныстық өзгерістер жатырда дамиды. Ана жүктілік кезде өзіне күтім жасамаса, баланың жыныстық жетілуінде де ауытқулар болуы мүмкін. Жыныстық жетілудің екінші кезеңі 5-7 жас аралығын қамтиды. Ал үшінші кезеңі — ересектер өміріне қадам жасайтын кезең. Оңтүстік аймақтарда қыз балалардың жыныстық жетілуі 9 жастан басталады. Негізі, қалыпты дамуы қыздарда 10-16 жас аралығын қамтиды.Осы кезеңде барлық өзгерістердің себебі эстроген гормоны болып табылады. Ал ұлдардың жыныстық жетілуі 11-17 жас аралығында болады да, ол тестостерон гормонымен реттеледі. Сондай-ақ, жыныстық жетілу кезеңінде ағза бала табуға дайындала бастайды.
Жыныстық дамудың дұрыстығын бағалау үшін екіншілікті жыныс белгілерінің пайда болу уақыты мен бірізділігін, жыныс белгілері мен жыныс мүшелерінің даму деңгейін есеспке алу қажет. 9-10 жаста сүт бездерінің – гиперемия және төс ұшы ареолы дақтарының алғашқы белгілері пайда бола бастайды. Сүт бездерінің пайда болу жасы (10-11 жас) телархе деп аталады. Ол түктердің ұмада пайда болу жасына (10-11 жас) – пубархе және қолтық асты ойықта пайда болу жасына (11-12 жас) – адренархеге ұлғасады. Денесінің және дене салмағының ұлғаюы 9-10 жастан басталады және бір жыл ішінде максимумға (1 жыл ішінде +10 см және +12 кг дейін) – менархеге жетеді. 11-12 жаста ішкі жыныс мүшелерінің, сүт бездерінің өсуі мен дамуы, жамбас сүйектерінің ұлғаюы басталады. Алғашқы етеккір – менархе 12-13 жаста пайда болады. 13-14 жаста алғашқы овулярлы циклдер пайда болады. 15-17 жаста қыз бала денесінің өсуі тоқтап, әйелдік дене бітімі қалыптасады және репродуктивті жүйе қызметінің ересек түрі бекітіледі.
11-12 жаста ішкі жыныс мүшелерінің, сүт бездерінің өсуі мен дамуы, жамбас сүйектерінің ұлғаюы басталады. Алғашқы етеккір – менархе 12-13 жаста пайда болады. 13-14 жаста алғашқы овулярлы циклдер пайда болады. 15-17 жаста қыз бала денесінің өсуі тоқтап, әйелдік дене бітімі қалыптасады және репродуктивті жүйе қызметінің ересек түрі бекітіледі. Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі – әйел өмірінің анағұрлым лабильді кезеңі, себебіағзаның қалыптаспаған репродуктивті жүйесі жағымсыз сыртқы және ішкі факторларға өте сезімтал болып келеді.
Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі барысында баланы толыққанды үйлестірілген тағаммен, оқу мен демалыстың, күш салмағы мен интеллектуалдық үстеменің тиімді тәртібімен қамтамасыз етілуі тиіс. 10-12 жаста қыз баланы оның жаңа жағдайына дайындау, жыныстық даму туралы
айту қажет. Алғашқы етеккірден кейін өзін ұстау ережесін түсіндіру керек. Етеккір кезінде дене еңбегін шектеп, қосымша демалыс қосқан дұрыс. Бұл күндері қыз балалар арнайы гигиеналық төсемдер қолдануы керек, ал тампондармен гинекологтың ұсынысы бойынша ғана қолданған дұрыс. Гигиеналық шаралар күнделікті міндетті түрдегі сумен байланысты шаралардан тұрады: әр кеш сайын ұйқыға кетер алдында міндетті түрде сыртқы жыныс мүшелері мен қолтық асты ойықтарын сабынмен жуу керек, себебі осы аймақтарға гормондар белсенді әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |