Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті Жаратылыстану инстиуты Биология кафедрасы
Баяндама
Орындаған: Кулбаева А.Ә
Тақырыбы:Екінші жыныстық белгілер. Ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу.
Группа: 202Б-6В01509
Қабылдаған: Калиева А.Н
Алматы 2021 Баяндама Екінші жыныстық белгілер. Ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу. Адамдардың көбіне жыныстық жетілу кезінде дене бітімі мен мінез-құлқында болып жатқан өзгерістерге бойлары үйренбейді. Жыныстық пісіп-жетілу ұл мен қыздың бір-бірінен бөлектенетін кезеңі. Бұл бөлектену бастапқы кезде байқала қоймағанымен, жыныс бездерінің ағзаға басымырақ әсер ететін кездері де жетеді, сөйтіп екінші жыныстық белгілер пайда бола бастайды. Бұл уақытта бозбаланың денесі іріленеді, бойы өсіп, жауырыны қақпақтай бола түседі, жұтқыншағының шеміршегі көзге түсерліктей ұлғаяды. Сөйтіп бозбала даусының тембрі өзгереді, жуандайды, жасөспірім «гүрілдеп» сөйлей бастайды. Өкпенің, жүректің және басқа да ағзалардың көлемдері тез әрі елеулі түрде ұлғаяды, соның нәтижесінде бүкіл ағзаның қанмен қамтамасыз етілуі және қоректенуі жақсарады. Зат алмасудың қарқыны артады, нерв жүйесінің қозғыштығы ұлғаяды, аяқ-қолы жылдам жетіледі.
Ағзаның осылайша өсуімен бір мезгілде сыртқы жыныс мүшесінің, сондай-ақ бүкіл жыныс ппаратының көлемі де ұлғаяды. Ұрық бездері дамиды, олар гармондармен бірге ұрық жіпшелерін бөліп шығара бастайды. Терідегі май мен тер ездерінің белсенділіктері артады. Қолтықтың терлеуі жыныстық пісіп-жетілуге тікелей байланысты. Шаштың өсуі күшейеді, әсіресе қолтық пен қасаға түктер қатты өседі, мұрт тебіндейді. Жыныстық қозу айқын байқалады, көбінесе жыныс мүшесі таңертең төсекте жатқанда қатты кернеледі (мұны эрекция дейді)Кейде жасөспірімнің көкірегі аздап өседі, оны пубертаттық гинекомастия деп атайды, ол ешбір мазаламайды.