ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика және психология институты
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Арнайы педагогиканың тәжірибесі мен
теориясының қазіргі жағдайы
7М01902- «Арнайы педагогика» кафедрасы, логопедия
Оқытушы: п.ғ.к., аға оқытушы: Бекбаева З.Н.
Магистрант: Балгаева Т.С.
Амангелді М
Ақын Ж
Нұрмахан Н
Ермағанбет Ш
2022-2023 оқу жылы
Соңғы жылдары мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны күн санап артып келеді. Оның ішінде тіл дамуында әр түрлі дәрежедегі ауытқулары мен тежелістері бар балалар да бар. Бұл балаларға білім беру мекемелерінде арнайы логопед мамандары қызмет көрсетеді. Логопедиялық қолдаудың негізі – бұл дұрыс таңдалған педагогикалық технологиялар, яғни балада бар тіл дамуындағы ауытқулар мен тежелістерді түзетудің тиімді әдіс-тәсілдері болып табылады. Бұл мақалада арнайы мамандардың жұмыс барысында қолданатынпедагогикалық технологиялар ерекшеліктері туралы жазылған. Білім беруде альтернативті әдістердің ерекшеліктері мен әр түрлі авторлардың ұсынған технологияларына сипат беріледі. Альтернативті технологияларды қолдану арқылы білім беруде арнайы қажеттіліктері бар балалардың тілін дамыту ерекшеліктерін зерттеп, осы бағыт бойынша мамандарға қажетті әдістемелік ұсыныстар жасау мақсатында ізденіс жұмыстары жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»-деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде педагогтардың оқыту жұмысының тиімділігін арттырудың негізгі бағыты – бұл оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру болып табылады. Осыған орай, білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі кездегі зерттеулердің нәтижесі бала тілін дамытудағы дәстүрлі әдістердің тиімділігінің төмендігін көрсетеді. Яғни өзекті мәселелердің бірі деуге болады.Соңғы жылдары педагогика және психология саласындағы зерттеуші ғалымдар тіл дамуында әр түрлі ауытқулары мен тежелістері бар балалармен жұмыста дәстүрлі емес, яғни альтернативті әдістерді қолдануды ұсынады. Осы салада іздену жұмыстарын атқарған М.И.Чистяков пен Т.Д. Зинкевич-Евстигнеев және т.б. орыс ғалымдарын атап өтуге болады. Бұл ғалымдар тілдік бұзылыстарды түзету барысында дәстүрлі әдістермен қатар жаңа дәстүрлі емес әдістерді де қолдана отырып, жұмыс тиімділігін арттыруға болатындығын көрсетеді. Логопедиялық жұмыс барысында тиімді қолданылып жүрген келесі әдіс-тәсілдерге назарларыңызға ұсынамыз: ертегі терапиясы, құм терапиясы, мнемо тәсіл, PECS, арт терапия, саз балшықпен жұмыс, қуыршақ театры және т.б. Альтернативті педагогикалық технологияларды қарастырып, өз бағыттарын ұсынған мына үш ғалымның пікірлеріне тоқталып өтейік. Олар: Рудольф Штайнер, С. Френе және Мария Монтессори. 1. Рудольф Штайнердің Вальдорфтық педагогикасы Вальдорфтың педагогикасының негізін неміс философы әрі педагогы Рудольф Штайнер (1861-1925) қалаған. Алғаш мектеп Штутгарт қаласында «Вальдорф Астория» фабрикасының қызметкерлерінің балаларына арналып ашылған. Фабрика атауына сай педагогика саласы «Вальдорфтық» болып аталып кеткен. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша 600 ге жуық вальдорфтық мектептер бар. Осы мектеп түлектері арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде жұмыспен қамтылудың жүз пайыз екені көрсетілген. Сонымен қатар бұл түлектердің басқа жұмыскерлерге қарағанда қабілетті екені анықталады. Олар өмірге бейімделгіш әрі ізденімпаз болып келеді. Мұндай нәтижелердің сыры неде? Бұл жүйемен оқытудың ерекшелігіне тоқталайық. Аталған білім беру бағыты оқушыларға қоршаған ортаға ашық болуды жәнеадамдардың әр алуан мәдениетіне сыйластықпен қарауға үйретеді. Мектеп жеке тұлғаның еркіндігі мен оның шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Вальдорфтық педагогиканың негізгі мақсаты – шығармашылық тұрғыда еркін ойлай алатын адамды тәрбиелеу. Бала рухани тұлға ретінде қарастырылады. Әр бала дүниеге өз миссиясымен келеді және педагог сол миссиясын табуға көмектесетін адам ретінде қарастырылады. Яғни, бала рухына шарықтауға еркіндік беру мектептің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
Білім беру мақмұны:
1. Зияткерлік, эстетикалық және еңбектік-тәжірибелік білім берудің үйлесімі.
2. Қосымша ағарту жұмыстары (музей, театр және т.б.).
3. Пәнаралық байланыс.
4. Міндетті шығармашылық пәндер:сурет салу өнері, графика, музыка, би өнері.
5. Еңбек тәрбиесіне де көп көңіл бөлінеді.
Монтессори технологиясы. Мария Мантессори -1870 жылы 31тамыз айында дүниеге келген. Итальяндық педагок, әрі ғалым. Ол балаларды еркін тәрбилеу идеясын жасап, өмірге енгізді.1896ж Рим Университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады. Университеттің емханасында ақыл-ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді.1900ж Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен, ол саусақтардың ұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың 31 өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп, Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады. Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу, жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді. 1909ж бастап М.Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады. Түрлі елдердің педагогтары үшін курстар ашылды.1910ж әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Монтессори әдісі» атты кітап жарық көрді. 1929ж Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан халықаралық Монтессори Ассоциациясының (АМІ) негізін салды. Италиядағы фащистік тәртіп кезеңінде Марияның елден кетуіне тура келді. ОлЕуропаға 76 жасында қайтып келді. Көптеген еңбектерін шығарды, оқу курстарын жүргізді, психологиялық еңбектер жазды.1950ж оған Амстердам университетінің профессоры атағы, докторлық құрметті дәрежесі берілді. Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы- «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ, олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады. Бүгінде осы әдіспен жұмыс істейтін бала бақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді. Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ, мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды. Монтессори әдісі үш негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз. Монтессориәдісініңмақсаты: • балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу; • өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру; • балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру. Монтессори ұстазының міндеті: • балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу; • негізгі түстерді айыра білуге үйрету; • ұсақ моториканы дамыту; • алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру; • зейінін тұрақтандыру; • тәртіпке үйрету; Монтессорибөлмесі 5 аймаққабөлінген: 1.Сенсорлық аймақ. 2.Математика-лық аймақ. 3.Күнделікті өміржаттығуларыаймағы. 4.Тілдік аймақ. 5.Ғарыштықаймақ. Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балаларды дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен ырғақта дамиды. Балалардың табиғи қажеттіліктері мен үрдістері үшін даярланған. Жоғарыда аталған авторлардың білім берудегі альтернативті технологияларын негізге ала отырып, білім беруде арнайы қажеттіліктері бар балалардың тілін дамытудағы әдіс-тәсілдерін келесі принциптер бойынша таңдауға болады: • тәсілдің бала қызығушылығына сай болуы; яғни тілдік дамыту жұмыстарын атқару барысында педагогтың ешқандай қинап сөйлетуі немесе баланың қызығушылығын туғызбаған тапсырмалардың болмауы; • баланың таңдау еркіндігі; жалпы түзету-педагогикалық сабақ мазмұны бала таңдауына негізделуі тиіс. Мысалы, бала сабаққа келіп бір ойыншыққа немесе кітапқа назары ауды, ал педагог сол таңдауға сай бала тілін дамыту мақсатында әр түрлі ойындар мен тапсырмалар ұсынуы қажет; 32 • ыңғайлы жағдай туғызу; бала тілін дамыту сабақтары міндетті түрде үстел басында, айна алдында болуы міндетті емес. Сабақ табиғилылыққа жақын жағдайда өткізілуі тиіс. • жағдаяттар арқылы дамыту; яғни шешімін баланың өзі табуы қажеткез келген жағдаяттар туғызып, еркін дамуға мүмкіндік беру; • инновациялық технологияларды қолдану; бала тілін дамытуда жаңа әр түрлі тиімді әдістерді қолдану және балаға технологиялармен жұмыс жасауды үйрету. • ата-аналардың үлесін ұлғайту; • сенсорлық дамыту; таңдалған тәсілдердің сезімдік қабылдауды дамытуға бағытталуы тиіс; Жоғарыда аталған принциптер негізінде бала тілін альтернативті тәсілдер арқылы дамытуға болады. Бала тілін дамытуда альтернативті технологияларды қолдану жалпы түзетупедагогикалық жұмыстың тиімділігін еселеп арттырады. Қазіргі заман талабына сай арнайы педагог мамандары альтернативті технологияларды қолдану барысында аталған авторлардың ұсынған бағыттарын негізге алып, инновациялық технологияларды өз жұмыстарына бейімдей алады. Альтернативті технологияларды қолдану арқылы білім беруде арнайы қажеттіліктері бар балалардың тілін дамыту ерекшеліктерін зерттеп, осы бағыт бойынша мамандарға қажетті әдістемелік ұсыныстар жасау мақсатында ізденіс жұмыстары жоспарлануда.
Қазақстанда білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын қазіргі таңдағы өзгермелі талаптарға, мемлекеттің даму болашағына сай жаңарту және оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасалуда. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде мәдени және шығармашылық бағыттағы оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға жағдай жасау, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауттылықтың берік негіздерін қалыптастыру мәселелері қойылған.Мектепке дейінгі білім беру үрдісі – білім берудің алғашқы баспалдағы болып табылады. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі мектепке дейінгі балалардың білім алуына басым көңіл бөлінген. Өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастыру мәселесі бойынша Әл-Фараби, Қ.А.Ясауй, Ж.Баласағұни, А.Байтұрсынов, Ж.Аймаутов, М.Жұмабаев т.б. еңбектерінде негізгі бір арқау болған [1]. Зерттеудің жалпы педагогикалық теориялық және әдіснамалық негіздерін қалаған ресейлік ғалымдар Г.Н.Волков, М.Н.Скаткин, Л.С.Выготский, Л.Н.Леонтьев, Л.М.Зюбин, А.Сухомлинский, т.б. еңбектері ерекше маңызға ие [2]. Сонымен қатар оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру мәселесіне елеулі мән берген С.Ұзақбаева, Б.Әлмұқанбетов, А.А.Қалыбекова, Е.Омар, С.С.Тілеуова, Қ.Сарбасова, Р.К.Дүйсенбинова, Д.А.Кемешев,С.А.Жолдасбекова, А.Ж.Нуралиева А.Қ.Ералина, И.В.Коваленко және т.б. ғалымдардыңда еңбектерін атауға болады [3]. Уақыт талабына сай әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы оқутәрбие талабы жаңғырып, өзгеріп, дамып отыруына әсер етіп отыр. Бұл тұрғыда философиялық, психологиялық және педагогикалық тақырыптағы ғылыми зерттеулер кеңінен арналған. Дегенмен мектепке дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу педагогикалық-психологиялық, ғылыми-теориялық жағынан негізделген әдістемелік мазмұны әлі де зерттеуді қажет етеді. Демек, мектепке дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу қажеттілігі мен оның теориялық негізделуінің және әдістемелік жабдықталуының жеткіліксіз деңгейде қарастырылуы арасында қарама-қайшылық анық байқалады
ХХғ басында атақтынеміс педагогы П.Шуман былай деп жазған екен ; баланың психологиялық дамуы неғұрлым төмен баса, соғырлым мұгалімнің білім денгейіжоғары болуы керек.Педагогика тарихында Германия ең алғаш рет жалпы білім беретін мектептерде, білім беретін мұғалемдерді кәсіби дайындау курсын ашты. Дәл осы тұстарда, яғни еуропада тұңғыш мұғалімдер семинариясы, сонымен қатар Берменнің саңырау балаларға арналған мектебіне мұғалімдер даярлау курсы ашылды.Ресейде 1898 жылы педагог – дефектологтарды дайындау курсы Санкт-Петербургте басталды. Дмаытуында ауытқулар кездесетін балаларға дәріс беретін мұғалімдерді арнаулы мамандандырылған даярлыққа арналған курс ашпас бұрын ғасырлар бойы дәрігерлер, лингвисттер, дінқызметкерлерінен құралған практикалық – педагогикалық қызмет атқарылды. Қазігі таңда көптеген жоғары оқу орындары педагог- деффектологтар мен психологтар мамандырылған дайындық курсын өткізу бағдарламаларын ұсынуда. Сонымен АҚШ-та 230-дан астам бағдарламаға есептелген мұғалімдерді даярлау, қайта даярлау, кәсіби есептелігін атрттыру ұлттық жүесі жұмыс атқарады. Университеттерде батыс европвлық жүйе бойынша жалпы білім беретін мектептерде дәріс беретін мұғалімдерге арнаулы педагогика пәнінен курстар жүргізіледі курс саны ең кем дегенде 100-120 с құрауы керек.ХХғ аяғына таман Ресейдің педагогиқалық университеттерінде логопедия және алгофренопедогогика мамандықтарының бағдарламаларын дайындаған 30 га жуық білімшілер факультет , кафедралар құрылды. Сонымен қатар Ресейде арнаулы білім беру жүйесі бойынша 200 мыңнан астам педагогтар, (соның ішінде 10%- ы ғана педагог мамандығы бар) қызметатқарады. Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар жиынтығы педагогикалық ісәрекетке кәсіби даярлық ретінде анықталады. Оның құрамында бір жағынан психологиялық, психофизиологиялық, дене даярлығы болса, екінші жағынан ғылыми-теориялық, практикалық жан-жақтылықты атауға болады. Кәсіби даярлық мазмұны педагогикалық білім беру мақсаты ретінде профессиограммада беріледі, онда жеке бас параметрлері мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті көрсетіледі. Қазіргі кезде педагог –дефектологтың жеке тұлғалық қасиеттерін төмендегіше атап көрсетуге болады: -жалпы азаматтық сапа, -мұғалім мамандығын анықтайтын сапалар, 55 -мамандық немесе пән бойынша арнайы білім, іскерлік, дағды. Психологтар профессиограмманы құрғанда педагогикалық қабілеттерге тоқталуды ұсынады. В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді, педагогикалық шығармашылықты және зейінді бөле алу қабіліттілігін көрсетеді. Жеке тұлғаның рухани және мәдени қажеттіліктері білімге деген қажеттіліктен туады. Педагогикалық өзіндік білім алудың үздіксіздігі – кәсіби дамудың қажетті жағдайы. Танымдық қызығушылықтың негізгі факторларының бірі – өз пәніне деген қызығушылық. Қазіргі педагог ғылымның әр түрлі саласынан хабардар болу керек, ол өз пәнін жақсы біліп, әлеуметтікэкономикалық, өндірістік, мәдени міндеттерді шешу мүмкіндіктерін білуі керек. Сонымен қатар жаңа зерттеулерді, жаңалықтарды, болжамдарды біліп, ғылымның жақын және алыс перспективаларын білуі керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Специальная педагогика» - Н.М.Назарова, Москва – 2000 г.
«Арнайы педагогика» - А.Қ.Дүйсенбаев, М.Р.Балтымова , Алматы – 2021ж
«Педагогикалық зерттеу әдістемесі» , Оқу құралы: Р.Аубакирова, М.Нұрбекова, Алматы- 2021 ж
«Педагогикалық психология»,оқу құралы: Т.С.Сламбекова , Алматы – 2021 ж
Интернет көздері
Достарыңызбен бөлісу: |