Баяндама тақырыбы: «бастауыш сынып оқушыларына шет тілін оқыту барысында оқУ ҚҰралдарының РӨЛІ» Білім бағдарламасы 6В01709 «шет тілі: екі шет тілі» Орындаған: Э. Солтанбек Ғылыми жетекшісі: Ф. А. Батаева, ф



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі183,99 Kb.
#128934
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Солтанбек Эльмира баяндама

Осы пәнге деген қызығушылығың қандай?
Осы пән саған ұнай ма? Неліктен …..
Сабақтың қалай ұйымдастырылғанын қалайсың?
Топпен…….
Жеке………
Жұппен……..
Топпен жұмыста кіммен бірге болғың келеді?
Сауалнама қорытындысы бойынша, оқушылардың барлығы дерлік ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын байқауға болады. Осы пәнді оқушылар, әсіресе бастауыш сынып оқушылары ойын түрінде немесе заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып үйренуге ниет етті. Сонымен қатар оқушылар сабақты ұйымдастыру мақсатында өткізілетін тапсырмаларды топпен және жұппен өткізгенді құптады.
Бастауыш сынып оқушыларының шет тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында дипломалды практикамда оқушыларға заманауи және қызықты тапсырмалар мен көрнекі құралдарды қолдандым.
Ең бірінші, әрі қызықты әдістің алғашқысы «POPCORN» әдісі. Ағылшын дыбыстарын, сөздерін және әріптерін үйренуге, сондай-ақ кез – келген тақырып бойынша лексиканы қайталауға көмектесетін әмбебап көңілді ойын.
Бірақ ойынды бірден бағалау үшін мен оның қарапайым ережелерін оқып шығуды ұсынамын:

  • балалар кезек – кезек попкорнды қораптан шығарады, оған жазылған сөзді оқиды.

  • егер бала сөзді дұрыс оқыса, ол попкорнды өзіне қалдырады. Егер қате оқыған жағдайда, оны қайтадан қорапқа салады.

  • ең көп попкорн жинаған оқушы жеңеді.

Менің пікірімше, ойынның жылдам қарқынын сақтау өте маңызды, сондықтан қорапша ешкімді жалықтырмай, бірінен екіншісіне тез ауысады. Оқушылар қорапшада попкорн біткенше ойнай алады немесе уақыт шектеулерімен ойнай алады (айталық, 5-7 минут). Осы әдіс барысында оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығының артқаны байқалды.
Екінші қолданған әдісімнің атауы «PIZZA». Бұл заманауи әдісті мен топқа бөлгенде және үй тапсырмасын тексерген уақытта және кері байланыс жасар кезде ең қажетті әдістердің бірі деп есептеймін. Жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында оқушылармен «Weather» тақырыбына байланысты, осы әдісті қолдандым. Оны қолданудың бірнеше бағыттары болды, Ең алымен, пицца бөліктерінің әр қайсысына әр түрлі ауа райы атаулары берілді. Мәселен, snowy-қарлы,rainy- жаңбырлы,cold- суық, hot- ыстық, foggy- тұманды, windy- желді, cloudy- бұлтты cекілді. Оқушыларға пиццаның әр атауында берілген қазақша-ағылшынша сөздерді оқушылар аудара білу қажет болды. Бұл әдіс оқушыларды шет тіліне қызықтыра білуге сонымен қатар ізденімпаздық қасиетін дамытуға, жаңашылдыққа ұмтылуға және есте сақтау қабілетін дамытуға ықпалы зор.
Ағылшын тілін үйрену сабақтарында осындай қызықты ойындарды қоса алғанда, мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларына материалды жақсы және берік есте сақтауды қамтамасыз етеді.
Сөйлеуге дағдыландыру ойын. Келесі қолданған әдісім «Орындықтар» деп аталады. Тақта жанында 2 орындық қойылады. Біреуінде «true» ал екіншісі «false» деген жазулар тұрады. Мұғалім: «The weather is hot!» дейді. Бірақ бұл кезде далада боран. Мұғалім бір баланың есімін айтады, есімі аталған бала «false» деген жазуы бар орындыққа отырады да «The weather is cold!»деп қатесін дұрыстайды. Бұл әдісті оқушыларды екі топқа бөлу арқылы өткіздім. Бұл әдістің ерекшелігі оқушыларды қимыл-қозғалысқа, шапшаңдыққа, ептілікке, ең бастысы сөздік қорының дамуына оң әсерін тигізеді.
Жазба жұмысындағы ойындар. Ең алдымен тақтаға қандай да бір сөз жазып қоямын. Мысалы: «Schoolchildren».Осы жазылған сөздерден оқушылар жаңа сөздер құрастырып шығару керек. Шығатын сөздер мыналар: he, she, side, shoe, son, nose, ill, red, doll, line, child, school т.с.с. Қай топ көп жинаса, сол топ жеңеді. Бұл ойын оқушыларды ойлауға, шапшаңдыққа тәрбиелейді.
Әрине, шетел тілін меңгерудің өзіндік қиыншылықтары бары рас.Сондықтан сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарда ойын түрлерін пайдалану оқушының шет тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздіктерін азайтып,тілді тез әрі жеңіл үйренуге ынтасын арттырады,сабаққа деген қызығушылықтарын және шығармашылық қабілеттерін дамытады.Ойын түрлерін мұғалім өз шеберлігін түрлендіре отырып қолданса көтеріңкі көңіл күй қалыптасып,балалардың шаршауына жол бермейді.
Ерте жастағы балалар жұмбақ шешкенді өте жақсы көреді. Оларға «What is this» ойынын қолдануға болады.Алдын ала дайындалған қуыршақ, мысық,доп, шар,т.б. Слайдта суреттің бір бөлігі ғана көрсетіліп тұрады. Мысалы: қуыршақтың бантигі. Мұғалім балалардан: «Guess, what is this?» Ал балалар мұғалімге сұрақ қояды: «Is this a girl?» «Is this a cat?» т.с.с. Мұғалімнің жауабы: «No, it is not» «Yes,it is».
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен,ол ұжымдық әрекет. Сабақ барысында оқушы зейінін сабаққа аударуда ойындардың үлесі өте зор. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап үйренеді. Ойын арқылы балалар көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.


«Healthy bodies» тақырыбында оқушылармен көптеген әдіс- тәсілдер өткізілді.
Method (Guessing)
Look at the screen, watch video and sing.
Guess the theme of the lesson, after watching the video.
Leaners look at the screen, watch the video and sing a song, and then they are asked to guess the title of the lesson.
Әдіс (болжау)
Оқушылар тақтаға қарап, видео көреді және сол әнді шырқайды. Видео аяқталғаннан кейін оқушылар, тақырып не туралы болмақ болжайды.
Method (Odd one out.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет