ІІ.Негізгі бөлім.Заманауи технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыру
АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Білім беру саласында көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: интерактивті тақта, мультимедиа, интернет кеңістігі, электрондық оқулықтар.
Оқу үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
Бір қалыпты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, түсіну, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;
Оқушының есте сақтау қабілеттерін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).
Оқу үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану барысы:
"Түсіну" деңгейінде (теориялық материалды меңгерту):
Электрондық оқулықтар;
Power Point бағдарламасында жасалған презентациялар;
MS Word редакторында жасалған сызба кестелер, үлестірмелер;
Блокнот мәтіндік кіші редакторда жазылған ережелер жиынтығы (электрондық ереже анықтамасы) немесе электрондық сөздік қолданылады.
Word Pad мәтіндік редакторында мәтінмен тікелей жұмыс (түзету, үзінді қосу, аяқтау, әріп қою, астын сызу, суреттер мен сызбалар кірістіру).
Мультимедиалық мүмкіндіктерді пайдалану (дыбыстарды жазу мен ойнату, лазерлік ойнатқыш бағдарламасы, фонограф бағдарламасы арқылы дауысты жазу және жазылған дыбыстық файлды құжатқа қою аудиолекцияны алдын ала жазып алып, сабақ барысында қолдануға болады).
Интернет жүйесі, яғни электрондық кітапхана мүмкіндігін қолдануға болады. Ол арқылы жаңа мәліметтер қорыту.
Өз практикамда осы бағыт бойынша жұмыстар жүргіземін. Мысалы 6 сыныпта "Алгоритм типтері." тақырыбын өту барысында Білу кезеңінде оқушылардан үй тапсырмасы сұралынды. Түсіну кезеңінде жаңа сабақты оқушылар өздері оқулықтан, электронды оқулықтан ашып, топта талқылады. Ой шақыру мақсатында ашық сұрақтың қойылуы баланың өз пікірін қалыптастыруда, белсенділік танытуда, өз ойын еркін жеткізуде, шығармашылыққа бағыттауда үлкен рөл атқаратынын білдім. Соның нәтижесінде барлық сабақтарымда үнемі ашық сұрақтар қойып отырдым. Балалар өз ойын ашық, еркін жеткізгенін көрдім. Барлығы белсенді түрде ойларындағыны жеткізді.Қолдану кезеңінде қосымша мағлұматтар жазылған парақшалардан мәліметтер алып, есептің алгоритмін құра білді. Бұл кезде жеке және жұптық жұмыстар жүргізілді. Талдау кезеңінде топпен бірлесіп постер, кластер жасап, қорғады. Әр бір оқушының пікірі жазылып отырғанын байқадым. Кесте толтыру арқылы есеп шығаруға талдау жасалынып, есепті шешудің алгоритіміне талдау жұмысы жүргізілді. Әр топқа жаттығу жұмыстары беріліп, топ болып жұмыс жасалынды. Талдау кезінде оқушылар дәстүрлі сабақта жеке жұмыс жасап, кейбірінің ғана жұмысы қаралатын, ал топта жұмыс жасағанда барлық оқушы атсалысып, барлығы қатысып, бір-бірін толықтырып отырып, сыныпта сөйлемей қалған оқушы қалмады деп айта аламын. Жинақтау кезеңінде «Сәйкестендіру кестесі», «Венн» диаграммасы бойынша сабақ жинақталып, қорытындыланды. Жаңа тәсілдерді топпен жұмыс жасауда қолданғанда тиімді, әрі нәтижелі болды. Бағалау кезеңінде берілген тапсырмалар бойынша оқушылардың қаншалықты жаңа тақырыпты игергендігі жүзеге асырылды. К.Д. Ушинский «Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» - деп айтқандықтан, баланың білімге деген құштарлығын ояту үшін, пән мұғалімінен оқушының дамуына жағдай жасау талап етіледі.
Осы жұмыстар сабақ барысында уақыт үнемдеп практикаға көп көңіл бөлуге септігін тигізеді.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды оқушының флеш-карталарына салып беру өте тиімді.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің тиімділігі:
Бағдарлама бойынша барлық оқушыларға қолайлы;
Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны сынып оқушылары арасында талқылауға, қателерін дер кезінде маркер арқылы жөндеуге мүмкіндік туғызады;
Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғызады;
Мұғалімнің де, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады.