. І.Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың өмірбаяны және ұстаздық қызметі. А.Ысқақов 1953 жылы туған, жаңашыл ұстаз, 1975 жылы Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің физика- математика факультетін бітіріп, Алматы, Ресей мектептерінде математика пәнінен сабақ беріп мол тәжірибе жинақтаған дарынды ұстаз. 1988-89 оқу жылынан бастап ерекше тәрбиені қажет ететін жоғары сынып оқушыларына арналған эксприменттік мектептің директоры қызметін атқарады. Білім саласы бойынша «Тарлан-2000» сыйлығының иегері. Негізгі идеялары мен тәжірибелері: Көпшілік Архимед мектебін «Болашақ» мектебі дейді. Оқу – тәрбие жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып,әр оқушының еркін дамуына , азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясын ұсынды.Педагогикалық процесті еркін демократиялық негізде жүргізуде Мыңбаевтың идеясы. Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп аталып жүрген 9-10 сынып оқушылары.Алайда, педагогикалық ұжым өз еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы деп есептемейді. 200 жасөспірімнің барлығын да, өздерінің бейімділігі мен ынта- ықыласына қарай іске тартып, сенім артып, адал еңбектің пайдасына көздерін жеткізеді. Архимед мектебінің міндеті – балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, олардың өмірдегі өз жолын табуына көмектесу. Бұл мектеп сол кезде жартылай шаруашылық негізде жұмыс істеп, оқушылар түске дейін қаланың жүзден астам өндіріс орындарында міндетті түрде 4 сағат еңбек еткен. Тапқан табыстарының 50 сомын мектеп қорына өткізіп, оны бос уақыттарымен каникулдарын мазмұнды ұйымдастыру үшін жұмсаған. Оқуға деген ынтасына қарай оқушыларға 10 сомнан 50 сомға дейін шәкірт ақысы төленген. Бағдарламаның ерекшелігі- жалпы білім беретін пәндерден басқа әр оқушының қалауына сай бір-екі пәнді тереңдетіп оқытуында, бейнелеу өнері, кино , театр, саз, дін тарихы пәндерін енгізілуде,биология курсының «Экология негіздері» деген қосымша сабақтармен толықтырылуында. Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатымен дене шынықтыру сабағы аптасына 5 рет өткізіліп, бір сабағы міндетті түрде бассейнде өткізілген. Сондай-ақ ағылшын тіліне аптасына 4 сағат бөлініп, компьютер сыныбымен қатар, «Журналистика негіздері», «Социология және психология негіздері», т.б. курстар оқылып,балалардың толықтай орта білім алуына,өздігінен білім алуына деген құштарлығы мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал жасалды. Оқушылар отандық және дүниежүзілік мәдениет байлығымен танысып, адамгершілік және ерік- жігерлерін қоғамдық дәрежеде шынықтыра алады. Мектепте барлығы 25 мұғалім және жоғары оқу орындарымен мекемелерден шақырылған мамандар тобы еңбек етіп, 8 оқушы, 8 мұғалімнен тұратын мектеп кеңесі болды......