Баяндама тақырыбы: «Жаңашыл педагогтар идеясы мен іс-тәжірибесі»



бет1/2
Дата06.09.2023
өлшемі54,14 Kb.
#106334
  1   2


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ШҚО білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК


БАЯНДАМА
Тақырыбы:
«Жаңашыл педагогтар идеясы мен іс-тәжірибесі»

Тексерген: Сарсекова Г.К.


Орындаған: Жарлықасынова Аида
Семей, 2020
Жаңашыл педагогтар идеясы мен іс-тәжірибесі
Оқудың нәтижесі ынталылық пен қабілеттердің көбейтіндісіне тең. Егер ынталық нөлге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөлге айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту процесін жаңғыртуды қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашылығы бар жаңа педагогика керек, оны ынтымақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі көзқарастарға келген екен олар. Мұңдай педагогика балаларды ынтымақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолы іздестіреді.
Адамгершілік және ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйренуі мектептен басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтымақтастық педагогикасы –құлық педагогикасы – даму педагогикасы. Іс жүзінде бұлардың үшеуінде бір текті құбылыс: мұғалім мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым-қатынасы, істегі ынтымақтастығы .Әрбір педагогикалық әсер, әрібір шешім, әрбір әрекет балалардың даму барысында тексеріліп отыруы қажет. Ал дамудың бірқалыпты немесе оның қалысуы әрбір мұғалімге мәлім.
І.Қ.М.Нұрғалиевтың(1925-1988ж.ж) өмірбаяны және ұстаздық
көз-қарасы.
Шығыс.Қазақстан облысының Марқакөл ауданында дүниеге келген. «Шыңғысхан» мектебінің 6-сыныбын бітіріп,еңбекке араласты, 19 жасында Ұлы Отан соғысына аттанады. 1944ж жараланып екі аяғы, бір қолынан айырылды, Мәскеу госпиталында екі жыл емделіп, көптеген операциядан өткен. Сол гопитальда емделген жылдарында 8-ші,9-шы, 10-шы сыныптар аралығында емтихан тапсырып, орта білім туралы аттестат алып, сонымен қатар бухгалтерлік курсты сырттай бітіріп алады.
Ауылға оралған бойда бірінші топтағы мүгедектігіне қарамастан ұстаздық еңбек жолын орыс- тілі нәнінен сабақ беруден бастайды.
Абай атындағы Қазақ институтының тарих факультетін сырттай оқып бітіріп, Боран орта мектебінде 30 жылдан астам уақыт үздіксіз директор қызметін атқарды. Ол Ленин, Қызыл Ту ордендерімен, 5 мақтау қағазымен марапатталды.
КСРО Халық мұғалімі және Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі. 2005жылдың қазан айында Құрмаш Нұрғалиұлының 80 жылдық мерей тойы атап өтілді. Бұл есім республикада педагогикаға бар ғұмырын арнап, педагогикалық қызметін жалғастырушылардың кітабына ең алғашқыларының бірі болып енді. Осынау тамаша адам туралы Дінмұхаммед Қонаев былай деген: «Бұл ғажап адамның өз өмірі – ерлік,шәкірттерді биік рухқа,адамгершілікке тәрбиелеуде, олардың азаматтық санасын қалыптастыруда ғибратты өнеге болып танылады.» Боран ауылындағы оның авторлық мектебін қазір баласы, педагогика ғылымдарының кандидаты Талант Құмашұлы басқарады. Түлектерінің 30 пайыздан астамы жоғары оқу орындарына грант арқылы түсіп, көптеген мектеп бітірушілер «Алтын белгіге» ие болды. Мектеп ақпараттық – коммуникациялық технология негізінде білімді ақпараттандырудың педагогикалық идеясын жүзеге асырып, теледидар- техникалық студиясы арқылы ауыл эфиріне шыға алады. «Қашықтан оқыту» жобасы бойынша бұл мектеп Юнеско зерттеу институтының арнайы мәртебесіне ие болған Құрмаш Нұрғалиұлы туралы толығырақ «Халық мұғалімі Құрмаш Нұрғалиев Педагогикалық әулет» атты кітаптан оқуға болады.
Қ.М.Нұрғалиевтің негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі. Идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету,
жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу.
Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттері ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті,адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы.
Еліміздің таңдаулы мектептерінің бірі Боран мектебі мыңға жуық оқушы оқыған ауылдық жердегі аралас мектеп болған. Мектеп жанындағы оқу өндірістік кешенінде 9-10 сыныптағылар екі жыл ішінде жүргізуші, тракторшы, электрик мамандықтарын алып шыққан. Мектептің бүкіл оқу тәрбие жұмысы техникалық құралдарды қолдануға негізделіп, барлық 40 кабинеттің техникалық орталығы республикамызда тұңғыш рет осы мектепте жасалып, мыңдаған дыбыстық фонограммалардың, диофильмдер,диопозитивтердің, кинофильмдер мен кино-фрагменттердің, магнитафон жазбаларының үлкен қоры жинақталған орталық телестудиясы болған. Студиядағы операторлар да,режиссерлар да 7-сыныптан жоғары оқитындар болды.
Мектеп жанында зәулім спорт залы, екі дене шынықтыру залы, ән-күй, саз кабинеті мен бөлмелері 200 орындық жиын залы, 200 орындық кинотеатр,мединицалық кабинет, 240 орындық асхана жас буынның игілігіне айналған.Сол кездегі совхоз малшыларының балаларына арналған 6 орындық интернат үйі, толық жабдықталған өнер бөлмесі (көрмесі), екі оқу залы жұмыс істеген. Қазақтың ұлы ағартушыларына, көрнекті педагогтарға арналған стеділер , мәңгі от алаулары тұрған жауынгерлік даңқ залы тәрбие орталығына айналған.Ұжым барлық пәндер бойынша толық үлгерімге жетіп,құқық тәртібін бұзу оқиғасы кездеспеген. Жыл сайын мектеп бітірушілердің көбі совхоз өндірісінде қалып, жөндеу, көгалдандыру, т.б. мектеп жұмыстарын оқушылар атқарған. Мектеп директоры – Қ.Н.Нұрғалиев: «Мектепті алға бастыруды анық ойласақ, істі кадрдан бастауымыз қажет. Келешектің адамын қалыптастыру, еңбекке баулу, адамгершілікті дамыту, мұның бәрі сегіз қырлы бір сырлы дейтін мұғалімдердің қолдарынан келетінін үнемі ескеріп отырғанда ғана жақсы ұстазбен жас шәкірт арасында мәңгі үзілмес алтын желі тартылады. Ол мұғалімнің оқушыға сенуі, оқушының мұғалімді сүюі » - деп оқу-тәрбиесін, ізгілендіру идеясын қолдады

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет