Баяндама Тақырыбы: Спорт психологиясының негіздері Оқытушы: Караева Тілеужамал Наршақызы Студент: Сансызбай Абзал фос 22-7 1: Психологияның жалпы негіздері



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата20.10.2023
өлшемі223,78 Kb.
#119922
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Психология



2023
 
Баяндама 
Тақырыбы: Спорт психологиясының негіздері 
Оқытушы: Караева Тілеужамал Наршақызы 
Студент: Сансызбай Абзал 
ФОС 22-7 


1: Психологияның жалпы негіздері 
1. Спортшының психологиялық дайындығы 
Адамды белгілі бір іс-әрекетке дайындау-бұл сол іс-әрекетке жемісті 
қатысуға дайындықты қалыптастыру процесі деген сөз. Осы дайындық ішінде 
бірқатар компонентерді атап көрсетуге болады: олар-бұлшықеттік
функционалды, операциялы, психологиялық және т.б. Кез-келген іс-әрекетке 
адам психологиялық және т.б. Кез-келген іс-әрекетке адам психологиялық 
жағынан дайын болуы керек. Әсіресе, өзгермелі жағддайларға, мақсатқа жету 
кезеңдерінде, қажеттіліктер секірулерде және құнды бағыт-бағдар қажет. 
Спортшы іс-әрекеті дәл осындай белгілерге ие. Енді іс-әрекет нәтижесі де оған 
риза болу, ішкі психологиялық жағдайы, адамның қобалжулары да оның іс-
әрекет процесінде психологиялық дайындығына ғана емес, сонымен бірге, кез-
келген іс-әрекетпен жүретін оның шарттарына: нақты күн тәртібіне, жеке тұлға 
бағалануына, мүмкін болатын жазалаулар мен мадақтауларға адамдардың 
белгілі бір тобымен араласу ерекшеліктріне және қуаттылығына қатысты 
болады. 
2. Іс-әрекетке психологиялық дайындық 
Іс-әрекетке психологиялық дайындық-әрқашан психологиялық дайындықтың 
нәтижесі болады. Бірақ кейде ол бей-берекет, ұйымдаспаған түрде іске асатын 
болдандықтан, онша көріне бермейді. Адамнан ерекше жинақтылықты
күштерін жұмылдырып, барын салуда, жоғары шеберлікті қажет ететін іс-
әрекеттің кейбір түрлерінде психологиялық дайындық іс-әрекет барысына 
дейін және сол әс-әрекет кезінде ұйымдастырылады және жоспарлы түрде іске 
асырылады. Осындай іс-әрекет түрлеріне спорттық іс-әрекет жатады. Бір
кездерде спорт психологиясында негізгі мәселе-дағдылар болды. Одан кейін 
50-жылдар мен 60-жылдардың басында бірінші орынға спортшы ерік-жігері 
қойылды. Ал қазір міне, жиырма жылдан көп уақыттан бері, басқа көптеген 
мәселелерді артта қалдырып, психологиялық дайындық мәселесі ғылыми-
практикалық да, ғылыми зерттеу жұмыстарында да алдыңғы орынға шықты. 
Спортшының психологиялық дайындығы-бұл спорттағы оқу-тәрбие 
жұмыстарының үлкен бір бөлігі. Психологиялық дайындықтың түпкі мақсаты 
деп, спортшы қарым-қатынас жүйесін өзгерте отырып, жеке тұлғада спорт 
үшін маңызы бар қасиеттерді қалыптастыру және жетілдіруді айтамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет