Баяндама тақырыбы



Дата01.10.2023
өлшемі28,91 Kb.
#112171
Байланысты:
К.Жанна этимология



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
АКАДЕМИК С.ҚИРАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ КАФЕДРАСЫ



Баяндама
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ тілінің этимологиясы.Қазақ тілінің ономастикалық,топонимикалық атаулардың шығу төркіні


Орындаған: Коблан Жанна
Қабылдаған: Қосымова Г.
Мамандығы: 6В02301- Филология (Қазақ)
Тобы: 4 курс 402 топ

Алматы, 2023 ж


«Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі» өте қажет және сирек кездесітін сөздік болып тұр, себебі, 1966 жылдан соң, Қазақстанда бұндай сөздік шығарылмаған.

Бұл сөздік А.Ысқақов, Р.Сыздыкова, Ш.Сарыбаевтардың редакциясымен жарық көрген.Сөздікте 337 сөздің этиомологиясы берілген. Сөздікте идиома, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер құрамындағы сөздер ғана түсіндіріледі. Мысалы: Бірдің кесірі – мыңға, мыңның кесірі – түменге.


Сөздікте сөздің қай тілден шыққанын, қай тілден қазақ тіліне енгені беріледі.Мысалы:


Ассалаумағалейкум ар. тіліне еврей тілінен енген. Мағынасы: «тату болыңыз».


«Қазақ тілінің этимологиялық сөздігін» сараптаған Б.Хасанов пен А.Әбдрахмановтар болған.


Б.Хасанов сөздік туралы былай жазған болатын: «Аталмыш еңбек – бүкіл түркі тілдері бойынша жазылған алғашқы этимологияқ сөздіктің бірі. Салыстыру, іздену үстінде әр кездегі әр түрлі жазба нұсқауларды Махмұд Қашғаридің «Девану лұғатит түрк», «Кодекс куманикус», Абу Хайянның «Китаб ал идран Ли –лисан ал – атран» атты еңбегі, В.В.Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» атты төрт томдық еңбегі, т.б. көптеген көне мәдени мұралар мен диалектік материалдар қарастырылған»


А.Әбдрахманов болса, сөздіктің кемшіліктерін былай көрсетеді: »Алғы сөзде сөздікті сипаттау, тастыру басым, оның орнына этимология деген не екенін, оның қандай принциптерге сүйенетіндігі, этимологияның тіл тарихымен ұштасатыны, соған қарамастан оның лексикологиялық зерттеу объектісі болатыны сияқиы маңызды мәселелер маңында пікір қозғауға болатын еді».


Осы сөздіктен мысал келтірейік:


Саз, саз қосу, саз болу, сазына келтіру, сазына сай. Парсы тілінде саз –музыкалық аспап. Қазақ тілінде «Сөзді сазына келтіріп айтты», «Домбрынаның сазына сай» деген фразалар кездесіп отырады да ол көбінесе жақсы, ұнамды, әдемі, орынды деген мағынаны беру үшін жұмсалады (І.Кеңесбаев).


Ономастика, негізінен, – тіл білімінің кез келген жалқы есімін зерттейтін ілім. Кез келген тілдің лексикалық қорының негізгі қабатын жалқы есімдер құрайды.


Нақты бір тарихи кезеңде бір территорияда орналасқан тілдік қауымдастықтың атаулар жиынтығын ономастикалық кеңістік деп атайды. Әдетте, ономастикалық кеңістікті кез келген халықтың, қауымдастықтың тілдік құралдармен белгіленетін ақиқат және қиял нысаналалардың атаулары мен есімдері, яғни онимдік бірліктері құрайды. Ол атаулар моделіне сай, қоршаған ортаны сан ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетаным, ұлттың ойөрісі негізінде бөліктеу ерекшелігіне сәйкес жасалады. Қазақстанның ономаст, маман ғалымдары онимдік бірліктерді сегменттерге, топтарға бөлгенде, Батыс Еуропа және орыс ғалымдары жүйелеулеріне сүйенген. Осы орайда, көпшілікке ұғынықты болу үшін қазақ ономастикасының басты тармақтары мен топтарын әлемдік ономастика, одан бергі орыс ғалымы Н.Подольскаяның қолданған жүйесі негізінде көрсетуге болады. Ономастикалық кеңістік атаулары грек және латын тілінің негізінде интернационалдық терминдік элементтерден жасалған.
Атап айтсақ, 1.Жер беті кеңістігі атаулары. 2.Жанды және жансыз болмыс атауларына байланысты жер беті кеңістігі атаулары. 3.Адамның тіршілік аясындағы атаулар. 4.Ғарыш кеңістігі атаулары. Ономастика қазақ тілі лексикасының ажырамас бөлігі болғандықтан, ол ерекше лексикалық жүйе ретінде қаралып, оны зерттегенде жалпы тіл бөліміне тән методология мен әдістемені қолданып жүрміз. Ономастикалық зерттеудің мынадай негізгі бағыттары бар: тізімдегі ономастикалық жүйелердің дамуы мен қолданыс аясын зерттейтін теориялық ономастика, материалдарды сипаттамалы ономастика атаулардың шығу, пайда болу жолын, олардың бір атаудан екінші атауға ауысуын, атаулардың белгілі бір тарихи дәуірлерге тәндігін зерттейтін тарихи ономастика, ономастикалық материалдардың күнделікті тұрмыста қолданылуы жайлы ұсыныс, нұсқау беретін қолданбалы ономастика, көркем әдебиет шығармаларындағы атауларды зерттеумен шұғылданатын поэтикалық ономастика.
Ономастика мәселесінің ұлттық сана қалыптастырудағы қарқынды дамуы – оның саралануына және дамуына себепші факторлардың бірі. Ономастика салаларының бірнеше түрлерінің бар екендігін айта отырып, олардың ғылыми тұрғыдан зерттелу деңгейінің бірдей еместігін анық байқауға болады. Сондықтан қазақ тіл білімінің маңызды міндеттерінің бірі – қазақ ономастикасын және оның жаңа бағыттарын кешенді түрде зерттеу болып табылады. Негізінде, бұл бағыттардың белгілі бір мақсаты, міндеті мен жол-жөні, әдістері болады. Дәлірек айтсақ, қазіргі ономастика кешенді ғылым болып табылады: ол әртүрлі филологиялық, гуманитарлық, жаратылыстану, әдебиеттану ғылымдарының әдістері мен мүдделерін қамтиды, оның дамуына филолог-лингвистер, фольклоршылар, тіл тарихын зерттеушілер, әлеуметтанушылар, философ-логиктер, тарихшылар, қоғамтанушылар, географтар, мифологтар, астрономдар, археологтар, мәдениеттанушылар, т.б. қатысады. Дегенмен ол ең алдымен тіл біліміне қатысты. Көпшілік мұны тек ономастика жеке ғылым статусын алғаннан кейін ғана XX ғасырда мойындады. Оның бергі жағында еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ономастика ғылымы қайта түлеп жаңғырды. Шығыстың кемеңгер ойшылы Конфуций осыдан екі мың жыл бұрын Қытай билеушілерінің біріне мемлекеттегі істерді оң жолға қоюды атауларды дұрыстаудан бастау керектігі туралы: «Егер атаулар дұрыс болмаса, сөздердің негізі болмайды. Сөздердің негізі болмаған жағдайда, іс те жүрмейді және халық та не істерін білмейді», – деген екен. Жер-су атауларының феномені неде жатыр десек, олар – тіліміздегі ең көне сөздер ретінде аса ерте, есте жоқ замандардан күні бүгінге дейін жеткен ұлтымыздың ұлы рухани мұрасы. Өзінің айрықша тілдік табиғаты, тұрақтылығымен бізге беймәлім арғы ата-бабаларымыздың тілінде өрнектелген ежелгі атаулардың қазіргі тілдік айналымында болып, қоғам қажетін өтеуінің өзі феномендік факт екендігі даусыз. Бүгінгі күні ономастика ғылымының өзекті мәселелері қандай деген сауалға келсек, ономастика ғылымы – қоғамның ажырамас бөлігі. Өйткені адам дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, оның есімі, оның туған жері, ата-анасы, тәрбиеленген балабақшасы, білім алған мектебі, оқыған кітаптары, тұрған көшесі, т.т. барлығы да онимдер арқылы анықталып отырады. Ономастиканың антропонимика, топонимика, этнонимимка, зоонимимка, космонимика, гидронимика, оронимика, урбаноним, идеоним, дромоним, комоним, астионим, ойконим, т.б. салалары бар. Антропонимдерге байланысты кісі есімдерінің аталу семантикасы, олардың орфографиялық нормаларына сәйкес жазылуындағы кездесетін қателіктер мен кемшіліктер жетерлік. Мәселен, жеке куәлік. Енді көше атаулары – урбанонимдер, жарнамалар, көрнекі ақпараттар туралы сөз етсек, өз алдына шешілмей жатқан мәселелері. Көше атауларына байланысты қажетті құжаттар мен негіздемелер, тіпті кейбір көше атауларының нақты кімнің есіміне байланысты аталғандығы, атау берілген көшеге тек қана тегі жазылып, кісінің есімінің кім екендігі белгісіз жағдайлар жиі кездеседі.
Қазақ жер-су атауларын жасауға қатысатын халқымыздың рухани, мәдени дүниетанымдық жүйесі мен материалдық тұрмыс-тіршілігіне байланысты ұғымдар кешенінің ортақ, бірегей екендігі тәуелсіздігімізді алғаннан соң ғана айқындала бастады. Қазақ елі жердің қадірін өте ертеден-ақ біліп, бір ата-бабасының зираты жатқандығы үшін де оны ерекше қастер тұтқан. «Туған жердің бір уыс топырағы бұйырса екен!» – деп тілейтін халқымыз сонау бір қиын-қыстау замандарда атақоныс жерден айырыларда қабырғасы қайысып, жалғызынан айырылғандай күй кешкен. Кенесары қонысынан ауарда Досқожа ақынның:
Артымда қалып барасың,
Бастары самал тауларым!
Арасы биік бауларым,
Кетемін деген есте жоқ,
Кетірді дұшпан – жауларым!
Сарқырап аққан тастақтан,
Сабадағы сары қымызда
Сабадағы сары қымыздай,
Сарқырап аққан бұлағым
Аман бол, қайран шырағым!... – деп, қасіретті шерін тарқатады. Бұл жерде ақын кіндік қаны тамған, өркен жайған жайлы қонысынан айырылуымен қатар туған жердің тарихынан да біржола қол үзбек. Себебі кез-келген мекеннің атауы, таулар мен құз-шыңдары, бұлақтың өзіне тән атауы болады. Жалпы қазақ халқы өзінің даласындай жайдары да жалпақ тілмен елді мекенге ат қойып, айдар тағуға шебер халық болғандықтан, оған байыппен қарап үлкен мән берген. Халық тарапынан қойылған әрбір жер атауы – сол жердің тарихи куәлігі, паспорты. Бұл атаулар жүйесі – жерімізде әр заманда мекен еткен тайпалар мен ұлыстардың, түптеп келгенде, өз еліміздің ғасырлар бойы жасаған ойсанасының, ортақ мәдени, рухани төл туындысы. Әрбір елді мекен атаулардың өзіндік тарихы, олардың астарында белгілі мән-мағына, арман-тілек жатады.
Сол себептен де отарлаушы ел тарихи атауларды санадан өшіруге талпынғаны да сондықтан, біріншіден, тарих байланысын үзіп, екіншіден, жерді жеке меншік мүлікті өз атына аударып алғандай өз тіліне аудару деп түсінеміз.
Қорыта айтсақ, ономастикалық атаулар елiмiздiң тыныc-тipшiлiгiне қaжеттi бaғыт-бaғдap беpетiн тaңбaлық қызметiнен бacқa үлкен қоғaмдық-caяcи мaңызғa ие. Оның ұлттық, тaнымдық cипaттapы aлдыңғы қaтapғa шыққaн. Cебебi, oнимдеp aдaмзaт қоғaмымен пaйдa болып, оның өмip cүpуiмен қоғaмғa қызмет етедi, iлгеpi дaмып, қоғaмдaғы өзгеpicтеpден тыc қaлмaйды. Бүгiнгi Қaзaқcтaн қоғaмы өзгеpicтеpiнiң бacты бaғыты – мемлекеттiк тiл caяcaты болca, қaзaқ ономacтикacы сол тілдің оның құpaмдac бөлiгi болып тaбылaды. Қaзipгi тaңдa ономacтикa ғылымы pеcпубликaлық ұлттық тiл caяcaтының жетекшi бaғыттapының бipi pетiнде қолдaнылып отыp. Осы кезеңде ұлттық ономастиканың көкжиегі кеңейе түсіп, еліміздің ғалымдары мен ономаст мамандары әлемдік ономастика жетістіктерін ескеріп және жаңа зерттеу әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, тәуелсіздігіміздің ширек ғасырында іргелі де кешенді теориялық мәселелерді шешуге қол жеткізді.

Қазақстан топонимдерінің жасалуы өз алдына бір бөлек қаралмайды, қазақ тілінің шығу, қалыптасу, даму дәуірлерімен тікелей тығыз байланыста қаралса ғана, топонимдердің тарихы жағынан зерттелуі, азды-көпті түрде қазақ тіл тарихына, осыған байланысты қазақ халқының тарихына пайдасын тигізсе ғана құнды болмақшы. Осы айтылғандарды негізге ала отырып, Қазақстан тарихына байланысты қазақ топонимдерінің негізгі кезеңдері шолу жасалық.


Ертедегі археологиялық қазбалар да Қазақстанды және Алтайды мекендеген сақтар мен қазіргі түрік тіліндегі халықтар мәдени арасында үлкен ұқсастығы бар екенін, олардың бір-бірімен қат-қабат ұштасып жатқандығын дәлелдейді. Қазақстан жерінде археологиялық зерттеулер жүргізген проф. А.Н.Бернштам да үйсін мен қаңлы мәдениеті сақ мәдениетінің жалғасы екенін атап өтеді. Тарихшы В.Ф.Шахматов, А.Бернштамның пікірін қолдай отырып, Қазақстандағы кейінгі түрік, қарлық және қараханид мәдениеті де жоғарыда айтылған мәдениеттің жалғасы деп қарайды. Таулы Алтай өлкесінің археологиялық жағынан зерттеген С.И.Руденко ертедегі грек авторлары, оның ішінде әсіресе Геродоттың жазғандары мен жер астынан табылған материалдардың үндестігін көрсетті. Мәселен, Геродот скифтер етті үлкен қазанға, қазан болмаса малдың қарнына салып пісіретінін айтқан. Сол сияқты Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі Ә.X.Марғұлан да сақтар мен қазақ мәдениетінің байлансысын тек археологиялық табындылар арқылы ғана емес этнографиялық жағынан дәлелденді. Қазақстанның оңтүстік аудандарында өте ертеден түрік атаулары болуы кездейсоқ емес. Олар орта Азияның және Қазақстанның оңтүстігінде ертеде өмір сүрген сақ, түрік тайпаларына байланысты болды. Қазақстанға қатысы бар ендігі топонимдер археологиялық зерттеулерге сүйеніп Ү ғасырдан былай сөз етуге болады.


ҮІІІ ғасырдың 30-шы жалдарында Қазақстан территориясын басып өткен Сюань-Цзянь Талас, Шу өзендерінің орталығында Гюйлосы, Бай-Шунху деген қалалардың болғандығын атайды. Бұл атауларды А.Х.Марғұлан Қойлысу, Байшұңқыр деп қарау керектігін айтады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Әбдрахманов А. Этимологиялық сөздік. //Қазақ әдебиеті, 1967, 10 февраль.

  2. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. –Алматы, Ғылым, 1966. -240 б

  3. Нұрмағанбетұлы А. Жер-су аты – тарихтың хаты. – Алматы.:Балауса, 1994.

  4. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. – А.: Мектеп, 1985.

  5. Жанұзақов Т., Рысбергенова Қ. Қазақ ономастикасы. Жетістіктері мен болашағы. – Алматы, 2004. – 43-44 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет