Баяндама Тақырып: Әлеуметтену және бірегейлік. Отбасы және қазіргі заман



бет1/3
Дата18.12.2022
өлшемі27,05 Kb.
#57886
  1   2   3
Байланысты:
алеуметтану 4 такырып


Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Баяндама
Тақырып: Әлеуметтену және бірегейлік.Отбасы және қазіргі заман.
Орындаған: КРИЛ 201-топ Аманжанова Д.А.
Тексерген: Жарасбаев Е.Е.

Ақтөбе, 2022жыл


Әлеуметтану-жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі әсер ету процесі.Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді,құндылықтар мен нормаларды игеріп,нақты қоғамда,әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға,сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады.Әрбір жеке адам,әр жаңа ұрпақ өздері туып,өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді.Социологияда әлеуметтану мен сәйкестендіру процестерін түсіндіретін екі теория бар.Бұл құрылымдық функционализм(Талькотт Парсонс) және символикалық интеракционизм(Джой Герберт Мид)ұсынатын рөлдік теория.Рөлдік теорияға сәйкес қоғам-бұл тұтастай алғанда қоғамның тұрақтылығын сақтау үшін жұмыс істейтін әр түрлі функционалды бөліктердің күрделі жүйесі.Әлеуметтік рөлдердің қоғамның ойдағыдай жұмыс жасауына мүмкіндік беретін мақсаттары бар.Бірегейлік– біреудің бір нәрсемен барабар келуі, ұқсастығы. Жеке тұлғаның қандай да бір топқа қатысы тұрғысынан алғандағы сипаты. Психологияда бірегейлік. – жеке тұлғаның ішкі құндылықтары мен жанкештілігі сезімі. Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық әдебиеттерде бірегейлік мәселесі екі бағытта – жеке және әлеуметтік болып қарастырылады. Біріншісі, жеке тұлғаның өзін дене бітімі, зияткерлік қабілеті, өнегелік мінез-құлқы тұрғысынан сипаттауы(менің осындай қасиеттерім бар). Екіншіден, жеке тұлғаны өзін әртүрлі әлеуметтік топтар қауымдастықтар құрамына (этникалық, демографиялық, діни, саяси, кәсіби, аймақтық және т.б.) жатқызуы. Жаһандану ұлттық және мәдени бірегейленуге аса қиын сын. Ғаламданушы әлемде Б. ғылымның да, күнделікті өмірдің де негізгі өлшеуішіне айналуда. Біріншіден, көптеген қоғамдар, адамдар және жеке тұлғалар бірегейлену дағдарысына ұшырап отыр, екіншіден, жаһандану барысында бірегейлену өзгеріске ұшырауда. Жаһандану процесі барысында бірегейлену мәселесі трансұлттық экономикалық кеңістікте өз орнын белгілеуден, уайым мен үрейді жаншудан тұрады. Ұлттық мемлекет рөлінің өзгеруі мен трансұлттық кеңістіктердің пайда болуы адамдарды ұлттық сезімнен айырмайды. Бірегейлену мәселесі қоғамдардың қауымдастыққа өтуі деңгейінде, мысалы, еуропалық қауымдастық аясында зерттелген. Мұнда көпдеңгейлі плюралистік бірегейлік пайда болады. Егер еуропалық ықпалдасу ортақ ұқсастықтары бар елдер арасында жүріп жатса, онда ғаламдық деңгейде кейбір мәдени әмбебап ортақ мода, туризм, білім сияқты құбылыстарды кездестіруге болады. Еуропалық ықпалдасу жағдайындағыдай жаһандану барысында да елдердің аумақтық, мәдени, тарихи естеліктері сақталады, бірақ, өз елдерінен тыс жерлерде жұмыс істеу мүмкіндігі туады, мәдени қалыптардың ортақтығы арта түседі, біріккен жүйенің мүшесі болу мүмкіндігі туып, өзара байланыстылық кеңейеді. Сонымен қатар жеке тұлға ұлттық белгісі мен азаматтығын әртүрлі қабылдайды. Мәдениеттердің жаһандануы экономикалық қатынастардың, ақпараттардың жаһандануына қарағанда қарқынды емес. Сондықтан да барлық қарым-қатынаста мәдени ерекшелік сақталып қалады.
Қоғамдық өмірдің негізгі сфералары - экономикалык, элеуметтік, саяси және рухани. Қоғамдық өмірдің әлеуметтік сферанын сипаты.
1.«Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады. Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әртүрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) таңдаулы адамдардың қоғамы; 2)театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3)Ресей немесе Қазақстан коғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеументтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топтағы «қоғам» ұғымын зерттейді.
Көп уақытқа дейін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұны және терминологиялық жағынан айырып
көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған итальяндық ғалым Н. Макиавелли
болды. Ол мемлекет уғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін «stato» деген арнайы термин енгізді.
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылык деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі-коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.
Көрнекті неміс ғалымы М.Вебер: «Қоғам - адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.
Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам- адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым-қатынастардың- негізі ережелер (нормалар)мен құндылыктар болып табылады деген.
Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді. К. Маркстің ойынша, әрбір дүниеге келген жаңа ұрпақ бұрынғы бабалардан қалған қоғамның материалдық өмірімен өмір сүреді. Ол өндіргіш күштерді (машиналар, неше түрлі жабдықтар, байланыс жүйелері т.с.с.) жаңа ұрпақ өз еркімен ысырып тастап, өмірді «таза беттен» әрі қарай жалғастыра алмайды. Ол сол материалдық игіліктерді игеруге және өз өмір шеңберінде оны әрі қарай дамытуға мәжбүр болады. Сол өндірістік қатынастарды игеруде жаңа ұрпақ өз сана-сезімін соған сәйкес қалыптастырады. Яғни қоғамдық болмыс қоғамдық сана-сезімнің қалыптасуына шешуші ықпал жасайды. Сонымен қоғамдық қатынастар деп адамдардың арасында қалыптасатын тұрақты да қайталанатын байланыстарды айтуымызға болады. Мысалы, бір-бірімен таныс емес екі адам кездейсоқ кездесіп, біреуі: «Абылай хан көшесі қай жақта?» – десе, екіншісі: «Сіз қайдан келдіңіз ?» – деп сұрауы мүмкін. Әрине, олар байланысқа түсіп, ақпарат алмасты. Бірақ бұл кездейсоқ байланысты «қоғамдық қатынас» деп айту асырасілтеушілік болар. Егер біз профессордың күнде студенттермен кездесіп, білім беруін алсақ, оларды қоғамдық қатынастарға әбден жатқызуға болады. Қоғамдық қатынастарды жалпы түрде алғанда горизонтальды және вертикальды деп екіге бөліп талдауға да болады. Студенттердің оқу барысындағы бір-бірімен қарым-қатынасы, әрине, горизонтальды.
Әлеуметтік статусы жағынан тең тұлғалар бір-бірімен горизонтальдық қоғамдық қатынастарға түсіп, еңбек нәтижелерімен алмасып, мұқтаждықтарын өтейді. Әлеуметтік статусы тең емес жағдайда вертикальдық байланыстар пайда болады. Бұл жағынан алғанда қоғам құрылымының иерархиялық (жоғарғы-төменгі дәрежеде, яғни теңсіздік түрде өмір сүретінін байқауға болады. Жоғарғы, орта деңгейдегі және төмендегі әлеуметтік топтар деп адамдардың ойнайтын рөлдері мен статусы бойынша қоғам құрылымын анықтауға болады. Сонымен, статус – адамның қай әлеуметтік топқа жататынын көрсететін категория. Сословиелік капитализмге дейінгі қоғамдарда әлеуметтік статус адамға туа беріледі. Бір топтан екіншіге өту – мұндай жағдайда өте қиын шаруа. Қоғамның белгілі бір саласындағы әлеуметтік рөлдер мен статустар жиынтығы әлеуметтік институт (орнығу) деген ұғымды тудырады. Қоғам өміріндегі әртүрлі әлеуметтік институттар неше түрлі әлеуметтік нормалар арқылы адамдардың іс-әрекеттерін адам белгілі бір жолға қойып, оны қадағалап отырады. Егер оның талаптарын бұзса, оған әртүрлі санкциялар қолданылуы мүмкін. Әлеуметтік институттарға отбасын, балабақша мен мектепті, жоғары оқу орнын, еңбек ұжымын, парламент пен сотты, армияны т.б. жатқызуға болады. Солардың қызметінің арқасында адам әртүрлі рөлдерді меңгеріп, нәртүрлі статустарға ие болып, тұлғаға айналады. Ол ең алдымен сәби кезінде отбасының риясыз сүйіспеншілігіне бөленіп, содан кейін балабақшаға барып, алғашқы әлеуметтілікпен танысады, әрі қарай мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына оқуға түсіп, мамандық алады, азаматтық дәрежеге көтеріледі. Енді ересек өмір басталып, тұлға еңбек ұжымына кіріп, саяси институттардың жұмысына қатысып, әрі қарай шыңдала түседі т.с.с. Қоғамның құрамдас бөліктеріне индивидтер, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, топтар мен қауымдар, байланыстар мен әрекеттер, нормалар мен құндылықтар, өзара қарым-қатынастар, т.б. жатады. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз. Әлеуметтік жүйе адамдар қауымынан (әлеуметтік топтардан, әлеуметтік ұйымдардан, т.б.) тұрады. Ал адамдар қауымы қоғамда алатын орнына, әлеуметтік позициясына, атқаратын нақтылы әлеуметтік қызметіне, әлеуметтік жүйеде қабылданган әлеуметтік нормалар мен құндылықтарына т.б. орай іс тәртібі қалыптасқан адамдардан тұрады.
Әлеуметтік жүйеге түрлі мұраттар кіреді (наным-сенім, елес түсініктер).
Әлеуметтік құрылымның түрлеріне: наным, сенім, елесті біріктіретін идеалды құрылым; құндылықтар, нормалар, жоспарланған әлеуметтік рөлдеренетін нормативтік құрылым; позиция мен мәртебелердің өзара байланыстары мен жүйенің қайталану сипатын білдіретін ұйымдық құрылым; дәл сол кезде онымен бірге қосарланып өмір сүріп жатқан элементтерден тұратын кездейсоқ косылған қорлар, т.б. жатады. Жекелеген адамдар және адам топтарының арасында болатын байланыстар, карым-катынастар және өзара ықпалдасу тұракты сипатта болады және тарихи дамып, бір ұрпақтан екінші бір урпаққа ауысып отырады.
Әлеуметтік байланыстар - фактілердің жиынтығы. Ол белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уакытта бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болады. Ол байланыстар объективтік қажеттіліктен туындайды және белгілі мақсатты көздейді. Әлеуметтік байланыстардң мәні адамдардың әлеуметтік әрекеттерінің мазмұнынан, сипатынан, яғни әлеуметтік факторлардан көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет