Баяндама Тақырып: Әлеуметтену және бірегейлік. Отбасы және қазіргі заман


Отбасы 1.Отбасының тарихи қалыптасу перспективасы



бет2/3
Дата18.12.2022
өлшемі27,05 Kb.
#57886
1   2   3
Байланысты:
алеуметтану 4 такырып

Отбасы
1.Отбасының тарихи қалыптасу перспективасы
Отбасының атқаратын қызиеті қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады. Тұлғаның дамуына, әрбір ерлі-зайыпты адамдардың бақытты өмір сүруіне,балаларды ізгілікке тәрбиелеуге, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастарды жақсартуға қажетті жағдай жасау қажет. Бұл қоғамның әрбір отбасына қойған негізгі талабы мен міндеті. Бұл талап пен міндетті орындау қоғамға да, отбасына да бірдей тиімді. Бұларды орындау: біріншіден, қоғамдық қажеттілікті, талап- тілекті орындауға, қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, басқаша айтқанда, отбасы жас ұрпақты әлеуметтік процеске қатыстыруын іске асырады, бірлесіп өмір сүру ережелерін және қоғамдық өмірдің конформистік (яғни, келісушілік) тетігін енгізеді.отбасы мүшелерінің арасындағы барлық қатынастардың, атап айтқанда, рухани, адамгершілік, билік, бедел (авторитет), т.б. қатынастардың жиынтығы отбасы құрылымы деп аталады.
2. Отбасының әлеуметтік қызметтері
Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты. Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрыңғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек. Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді. Оның тұрақтылығы мен беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады.Отбасының мемлекеттің бір бөлшегі ретінде жеке адамның ие болуында алатын орны орасан зор. Сондықтан отбасы қазіргі кезеңде де, кейінгі ұрпақта да жас жұбайлардың некелік өмірін қалыптастырудың, дүниеге бала әкеліп тәрбиелеудің, ондағы мәдени құндылықтардың, адамгершіліктің материалдық қажеттіліктің ұрпақтан-ұрпаққа берілу ортасы болып қалады. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар әсерімен бүгінгі отбасының дағдарысқа ұшырап отырғаны белгілі. Атап айтсақ, отбасының табысқа жетуі күрделеніп, бұқара халықтың әлеуметтік тұрмыстық әл-ауқатының төмендеуі, жоқшылыққа ұшырауы, отбасы өмірінің ыдырауы тереңдеп, некенің тұрақсыздығының артуы, қалыптасқан өнегелі-этикалық нормалар мен салт-дәстүрдің бұзылуы, жұбайлар арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарды, жанжалдың күшеюі, отбасының жеткілікті түрде материалдық қамтамасыз етілмеуі және кедейленуі, ата-аналардың жұмыс бастылық деңгейінің жоғарылануы олардың бала тәрбиесі мен дамуына өнегелік адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына және физиологиялық-психологиялық денсаулықтарының дұрыс жетілуіне кері әсер етуі, төмендеуі, некесіз баланың дүниеге келуі, әкесіз, жетім, тастанды балалар санының өсуі, жалғыз басты аналар мен ажырасқандар санының көбеюіне әкеліп отыр. А.С. Макаренко жастар тәрбиесінің қиындығын айта келіп, былай деп жазды: «Балалар тәрбиесі — біздің өміріміздің ең маңызды бөлігі. Біздің балаларымыз — біздің еліміздің келешек азаматтары және әлем азаматтары. Бұлар келешек әкелер мен аналар, олар да өз балаларын тэрбиелейді. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы ана болып өсуі қажет. Біздің балаларымыз -бұл біздің ар-ұжданымыз, біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие — бұл біздің бақытты қарттығымыз, нашар тәрбие — бұл біздің келешек қайғымыз,бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы, барлық ел алдындағы айыбымыз».
3.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет