Баяндама топ: ка23-18. орындаған: Тұрсынбаева Айгерім қабылдап алушы: Бакирова. И



Дата17.10.2023
өлшемі15,18 Kb.
#116860
Байланысты:
педагогика



Баяндама

топ:КА23-18.
орындаған:Тұрсынбаева Айгерім
қабылдап алушы:Бакирова.И

Педагогика немесе үйрету ол бізде антикалық дәуірден яғни біздің заманымыздан бұрынғы бірнеше ғасырлардан бері жалғасып келе жатыр.Әр дәуірдің өзінің педагогикаға қосқан үлесі,алар орны бар.Және соны дамытқан тұлғалары бар оған мысал ретінде.Антикалық кезеңге Сократ,Платон,Аристотель,Демокрит.Орта ғасырлар кезеңіндегі педагог гуманисттер:Ф.Рабле,Т.Мор,Т.Кампанелла.Феодализмнен,капитализмнен ауысқан заманда чех ғалымы Ян Амо Коменский,ағылшын философы Джон Локк,француз ғалымы Жан Жак Руссо ны ала аламыз.Бұл педагог гуманисттер «Педагогика» ғылымында ойып тұрып орын алған тұлғалар.Мен педагогикалық баяндамама ағылшын гуманисті Томас Мор ды алдым.Томас Мор заңгер,философ,қоғам қайраткері сонымен қатар гуманист жазушы.Томас Мор кейбір деректерде 1478 жылы 7 ақпан да,сот отбасында дүниеге келген.1492 жылы бәрімізге белгілі Оксфорд университетінде заңгер мамандығында оқыған.Және Оксфорд университетінде білім алып жүріп,итальяндық Пико делла Мирандола гуманистінің шығармаларына қызығып,оның 12қылыш шығармасын ағылшын тіліне аударған болатын.Бірақ 1494 жылы Томас Мор әкесінің ықпалымен Оксфордтан шығып заң ды үйренуді одан әрі жалғастыра бастайды.Сонымен қатар Лондондағы ең танымал,білікті заңгерлердің қатарына да кіреді.Содан кейін 1497жылы Эразм Ротердамскиймен танысып,гуманисттермен жақын араласа бастайды.Осылай оның гуманисттік педагогикалық жолдағы ұлы жолы басталады.


Ал,енді Томас Морды неге ұлы гуманист педагогтардың қатарына жатқызатынымызға келсек:

  1. Ерлер мен әйелдердің тең дәрежеде білім алуын талап етті.

(Ол заманда әйел адамдардың білім алуы тұрмақ,оларға деген сый құрмет болмаған.)
2.физкалық тұрғы да жұмыс істеу мен қатар бас пен ақылмен жұмыс істеудің арасына шегара сызып,ми мен жұмыс істеудің дәл физикалық жұмыс секілді күш екенін ұғындырған ғалым.
3.Сонымен қатар ана тілінің мәртебесін асқақтату жөнінде айтқан бірден бір тұлғалардың бірі.
Қарап тұрсақ,бұл үшеуі педагогиканың дамуына тікелей әсер еткені айтпасада түсінікті.
Және бұл Томас Мордың барлық әсері емес,сонымен қатар ол «Утопия»
ұғымын ғылымға енгізді.
1516 жылы қоғамда резонанс тудырған кітаптардың бірі «Утопия аралы» туралы кітап жарыққа шықты.Утопия аралының негізгі мақсаты мінсіз қоғамды көрсету болатын.Яғни мемлекет басқару жағынан,педагогика білім беру жағынан,қарапайым халық тұрғысынан барлық жағынан мінсіз қоғам құру жөнінде болатын.Және де бұл кітап әлі күнге дейін жоғары бағаланады.Қорытындылай келе айтарым біз Томас Мор ды сөзсіз өз заманының үздік гуманист жазушысы,педагогы сонымен қатар қоғам қайраткері ретінде білеміз.Бірнеше қғасырлар бұрын жазылған еңбектерімен еңгізген көзқарастарының арқасында қазіргі таңда педагогиканың бір кірпіші қаланған десек қателеспейміз!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет