Педагогиканың даму тарихы



Дата18.12.2023
өлшемі361,5 Kb.
#140458
Байланысты:
межелік бақылау 1

  • Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және т.б. Грецияда педагогикалық ойлардың пайда болуында және қалыптасуында ерекше орын алады.Демокрит (б.э.д. 460-370ж.) - философ-материалист, атомистік теорияның негізін салушы: Жеке тұлға дамуның материалистік тұжырымдамасын ұсынды. Ол дүние материалдық,бір-бірінен түрі және жағдайы жағынан ерекшеленетін атомдардан тұрады. Организмнің өмірі мен өлімі атомдардың бірігуіне және ыдырауына әкеледі; Демокрит (б.э.д. 460-370ж.) Жанның өлмейтінін жоққа шығарды. Ол адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне байланысты деп түсіндірді; Ортаға, үлкендердің үлгі-өнегесіне мән берді, Материалистік таным теориясы бойынша білімнің басы түйсіктер екендігін, ал шындық ақыл арқылы іске асатындығын (теориялық ойлау), дәлелдеу, ақыл-ой тәрбиесінің мәселесін шешуде ерекше орында. Сократ (б.з.д. 469-399ж.) – философ-идеалист: Сократ (б.з.д. 469-399ж.) Тәрбиенің мақсаты – заттардың табиғатын зерттеу емес, ол өзін-өзі танып білуі, адамгершілікті жетілдіруі болу керек.
  • Аристотель (б.з.д 384-322ж.) – гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарының негізін салушы белгілі философ, ғалым. Ликейдегі (білім беру мекемесі – лицей осыдан пайда болған) мектептің негізін қалаушы. А.Македонскийдің тәрбиешісі, Платонның шәкірті. Аристотель еңбектері 4 топқа бөлінеді: Логика,Метафизика және жаратылыстану, Этика және саясат, Поэтика және риторика. Аристотель (б.з.д 384322ж.) Тәрбиенің мақсаты – табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту; Оқуды «өзіне емес, отанға тиісті», қоғам үшін пайдалы адам дайындаумен байланысты қоғамның өмір сүру формасы ретінде қарастырған; Әрбір тәрбиеші өз қызметін әлеуметтендіруге, яғни қоғамға пайдалы адам тә рбиелеуге бағыттайды деген идеяны ұстанған; Баланың табиғатына сәйкес адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру және балалардың жас ерекшеліктерін ескеру; Шығармашылықтың бастапқы нүктесі ретінде адамның белсенділігін, өз бетінше әрекеті мен икемділігін атап өткен; Балаларды дамуына қарай жас кезеңдеріне бөлуді алғаш ұсынған: туғаннан 7 жасқа дейінгі кезең; 7 жастан 14 жасқа дейін; 14 жастан 21 жасқа дейін. Отбасы тәрбиесіне, дене тәрбиесіне ерекше мән берген; Саз өнерін адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің құралы ретінде бағалаған.
  • Ян Амос Коменский (1592-1670)Чехтың ұлы ағартушысы, сыныптық-сабақтық жүйенің, дидактикалық принциптердің, пансофияның (табиғат пен қоғам туралы энциклопедия), «дидактиканың алтын ережелерінің» авторы Ян Амос Коменский (15921670). Ян Амос Коменскийдің әлемге танымал шығармалары: «Ұлы дидактика» (1657ж.) – әлемдік педагогикалық еңбектердің ішіндегі тұңғыш ғылыми-педагогикалық еңбек; «Картинкада бейнеленген әлем» (Шарош-Патаке, 16501654ж.) оқулық, «Жалпыға кеңес», «Ана мектебі» (мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуге жетекшілік туралы жазылған) «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» «Жастарға арналған мінез-құлық ережелері» және т.б. «Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» (Открытая дверь языков и всех наук) (1631), «Чех тілінің қазынасы» (Венгрия, 1654ж.) «Лабиринт света и рай сердца» (1623); «Предвестник всеобщей мудрости», «Всеобщий совет об исправлении дел человеческих», «Одна необходимость» және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет