Баярыстанова э. Т


 Басқару әдістерінің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет17/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
 

2. Басқару әдістерінің сипаттамасы 

  Еңбек  ұжымын  басқару  үлкен  ұйымдастырушылық  және  ӛкімдік  қызметті 

жүзеге  асыруды  талап  етеді,  мұндай  қызмет  әкімшілік-ұйымдастыру  әдістері 

арқылы жүргізіледі. 

  Әкімшілік-ұйымдастыру әдістері – бұл  қызметкерлердің бағыныштылығына, 

билік  жүргізуге,  тәртіп  сақтауға  негізделген  ұйымдық  және  биліктік  ықпал 

құралдарының  жүйесі.  Әдістердің  бұл  тобы  кез  келген  ұжымның  ӛндірістік 

жұмысында орын алатын күнделікті мәселелерді шешуге бағытталады және іс-

әрекет барысына шұғыл әсер ету формасы болып табылады.  

       


Әкімшілік-ұйымдастыру әдістері мәні мен мағынасы: 

-  басқарылушы  объектіге  тікелей  ықпал  жасайды.  Олар  басқарылушы 

объектінің  таяудағы  міндеттерін,  оларды  орындау  тәртібі  мен  мерзімін 

анықтайды, яғни жақын арадағы еңбек ресурстары мен шарттарын белгілейді; 

 -  белгілі  бір    жағдайдың  біржақты  шешімін  береді  және  басқарылушы 

тарапынан міндетті түрде орындалуға тиіс (орындаушыға іс-әрекет түрін таңдау 

мүмкіндігін бермейді); 

 -  ӛкімдер  мен  нұсқаулардың  міндетті  сипатын  білдіреді;  оларды  орындамау 

тәртіп бұзушылық ретінде қарастырылып, жазалау шараларын кӛздейді. 

      Әкімшілік  басқару  әдістері  менеджердің  бағыныштыларға  қатысты  белгілі 

бір  нормативтік  немесе  әкімшілік  акт  құруы  арқылы  жүзеге  асырылып, 

мынадай жағдайларға негізделеді: 

-  мемлекеттік және аймақтық заңдар жүйесіне; 

-  жоғары  басқару  органдарының  нормативтік-директивті,  яғни  қолданылуы 

міндетті құжат жүйелеріне; 

-  жоспарлар, міндеттер, бағдарламалар жүйесіне; 

-  шұғыл басшылық жүйесіне. 

  

Әкімшілік-ұйымдастыру әдістерінің құрылымына  



1) ұйымдық ықпал әдістері  

2) әміршілік ықпал әдістері кіреді.  

   

1) Ұйымдық  ықпал  –  тиімді,  тұрақты  ұйымдық  қатынастар  қалыптастыруға 



бағытталаған  әкімшілік актілерін (құжаттарын) жасау. 

Ұйымдық ықпал түрлеріне ұйымдық регламенттеу (реттеу), ұйымдық нормалау 

және ұйымдық-әдістемелік түсіндірме жатады.  

Ұйымдық  регламенттеу  –  қызметкерлерге  белгілі  бір  тәртіпте  іс-әрекет 

жасауды анықтаушы ықпал: 

-  ұйым Жарғысын жасау және қабылдау; 

- кәсіпорын бӛлімшелері туралы Ережелер әзірлеу; 

- Лауазымдық міндеттемелер, Нұсқаулар дайындау. 



28 

 

Ұйымдық  нормалау  –  қызметкерлерге  ӛндіріс  процестерін  жүзеге  асыруға 

қажетті нормалар мен нормативтерді жеткізу: 

-  техникалық нормативтер (құралдарды пайдалану нормалары); 

-  технологиялық  нормативтер  (ӛнім  ӛндіру  кезектілігін,  тәртібін  анықтаушы 

нормативтер); 

-  еңбек  нормативтері  (қызметкерлердің  тарифтік  разрядтарын,  еңбекке  ақы 

тӛлеу тәртібін, еңбек күнінің ұзақтығын анықтайтын нормативтер); 

-  ұйымдық  нормативтер  (жұмыс  нәтижелерін  салыстыру  арқылы  еңбектің 

сандық  және  сапалық  ӛлшемдерін,  жұмсалатын  қаржы  мӛлшерін  реттеуге 

мүмкіндік беретін нормативтер) 

-  экономикалық 

нормативтер  (кірістер  мен  шығындар  үйлесімділігін 

қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін нормативтер) 



Ұйымдық-әдістемелік  түсіндірме  –  қызметкерлерге  әдістемелік  сипаттағы 

ережелер жиынтығы арқылы ықпал жасау: 

-  белгілі бір іс-әрекет түрін орындау туралы нұсқаулар әзірлеу; 

-  тиімді орындау жолдары туралы ұсыныстар жасау; 

-  міндеттеуші нақты жӛн-жобалар дайындау (указание). 

 

2) Әміршілік  ықпал  –  бұл  ұйымның  ағымдық  жұмысын  реттейтін  бұйрықтар, 



шешімдер, қаулылар, ӛкімдер даярлау және оларды орындаушыға жеткізу.  

  

Әміршілік ықпал әдістеріне қойылатын талаптар: 



-  Мақсаттар  мен  міндеттер  нақты,  ал  тапсырмалар  дәйекті,  түсінікті  болуы 

керек; 


-  мазмұны  орындаушыға  қажетті  ақпаратты  толық  қамти  отырып,  қысқа  және 

ұғымды болуы тиіс; 

-  нұсқау  нақты  болып,  орындаушының  міндеттері  мен  жұмыс  кӛлемін  анық 

кӛрсетуі тиіс; 

-  ӛкім нақты орындаушыға бағытталуы тиіс; 

-  ӛкімнің орындалуы бақыланатындай формада болуы керек; 

-  орындаушыға 

іс-әрекеттің  неғұрлым  тиімді  тәсілдерін  ойластыруға 

мүмкіндік (уақыт) берілуі тиіс. 

  

  Экономикалық  басқару  әдістері  –  бұл  ұжымға  және  оның  жекелеген 



мүшелеріне  нақты  экономикалық  механизмдер  арқылы  (еңбекақы  мӛлшері, 

сыйақы, баға белгілеу, несие беру, т.б.) әсер ету жүйесі. 

  Экономикалық басқару әдістері қандай да бір іс-шараның орындалуын бүкіл 

ұжым  мен  оның  әрбір  мүшесі  үшін  экономикалық  тұрғыдан  тиімділігін 

қамтамасыз  ететін  жағдайлармен  қамтамасыз  етуді  кӛздейді.  Негізгі 

экономикалық  әдістерге  шаруашылық  есептесулер  (жеңілдіктер,  несиелеу, 

қаржыландыру)  және  экономикалық  ынталандыру  жатады  (еңбекақы  мӛлшері, 

сыйақы). 

  Білім  беру  жүйесі  әлеуметтік  салаға  жататын  болғандықтан,  мұндағы 

басқару,  негізінен,  тікелей  адамдарға  қатысты.  Сондықтан  ұйымдық  басқару 




29 

 

барысында психологияны білудің және оның заңдылықтарын ескерудің маңызы 



ерекше.  Білім  менеджері  қызметкерлер  ұжымында  орнаған  қолайлы 

психологиялық ахуалдың мекеме жұмысы үшін зор мүмкіндіктер тудыратынын 

үнемі есте сақтауы қажет. 

Әрбір  ұжым  -  ӛзіндік    ерекшеліктері  бар  және  белгілі  бір  даму  сатыларынан 

ӛтетін әлеуметтік организм.   

  Әлеуметтік-психологиялық  басқару  әдістері  –  қызметкерлердің  саналылық 

деңгейін  кӛтеру,  ұжымды  және  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  моральдық 

ынталандыру  және  ӛзара  жарыс  формаларын  жетілдіру  арқылы  басқарылушы 

жүйеге әсер ету тәсілдері.  

  Әлеуметтік-психологиялық  басқару  әдістері  еңбек  ұжымында  қалыптасатын 

нақты    факторларды  пайдалануға  негізделіп,  ұжымдағы  әлеуметтік-

психологиялық процестерді басқаруға бағытталады.  

  Әлеуметтік-психологиялық  басқару  әдістері  әлеуметтік  әсер  ету  және 

психологиялық әсер ету әдістері болып екіге бӛлінеді. 

  Әлеуметтік әсер ету әдістеріне сендіру,  тәрбиелеу, моральдық ынталандыру, 

әлеуметтік-тұрмыстық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру,  ұжымда  қалыптасқан 

дәстүрлер,    сондай-ақ  сауалнама,  интервъю,  бақылау,  эксперимент,  экспертиза 

сияқты эмпирикалық әдістер жатады.  

  Психологиялық  әсер  ету  әдістеріне  жетекшілік  жасау  стилі,  жеке  үлгі, 

позитивті  қатынастар,  ынталандыру,  уақытша  қызмет  алмастыру  жатады, 

сонымен  қатар  жеке  қабылдау,  әңгімелесу,  психофизилогиялық  зерттеу, 

бақылау сияқты тәсілдер де пайдаланылады. 

Олардың міндеттері: 

-  ұжымды  және  оның  әрбір  мүшесін  дербес  тұлғалық  ерекшеліктеріне  және 

әлеуметтік-психологиялық жағдайларына сай іріктеу, қалыптастыру; 

-  басқаруды  ұжымның,  топтардың  және  тұлғалардың  ерекшеліктерін  ескере 

отырып жүзеге асыру; 

-  қызметкерлердің  жұмысын  әлеуметтік-психологиялық  факторларға  әсер  ету 

арқылы ынталандыру; 

-  қоғамды, ұйымдық, ұжымдық қатынастарды дамыту. 

Психологиялық ықпал әдістеріне жетекшілік  жасау стилі, жеке үлгі, позитивті 

қатынастар, ынталандыру,  уақытша қызмет алмастыру  жатады, сонымен қатар 

жеке  қабылдау,  әңгімелесу,  психофизилогиялық  зерттеу,  бақылау  сияқты 

тәсілдер де пайдаланылады. 

Әлеуметтік-психологиялық  әдістерді  қолдануда  мынадай  талаптар  сақталуы 

тиіс: 


-  зерттеу мақсаты нақты және анық болуы керек; 

-  зерттеу  жұмысының  бағдарламасы  жасалып,  міндеттері  мен  болжамы 

кӛрсетілуі тиіс; 

-  зерттеудің субъектісі мен объектісі айқын белгіленуі тиіс; 

-  зерттеудің негізгі және қосымша әдістері алдын ала іріктелуі тиіс; 

-  зерттеушілер  мен  зерттелушілер  арасында  түсініктеме  жұмыстарын  жүргізу, 

т.б. 



30 

 

  Соңғы  жылдары  мектепте  психологиялық  қызметтің  қалыптасуымен  жаңа 



басқару  әдістері  пайда  бола  бастады.  Оқу-тәрбие  ақпараттарымен  жұмыс 

жүргізуші  қызметкер  оларды  жинау,  ӛңдеу,  сақтау  және  пайдалану  тәсілдерін 

жақсы білгені жӛн. Мектеп басшысы, менеджер ӛз қызметінде бақылау, анкетті 

сауалнама  жүргізу,  тестілеу,  нұсқау  және  әдістемелік  материалдармен  жұмыс 

жасау  әдістерін  белсенді  қолдана  білуі  шарт.  Мектеп  әкімшілігінің  күш-қуаты 

басқарудың  мектепішілік  ақпараттық  технологиясын  нақтылап,  тәжірибеге 

ендіруге  жұмсалуы  тиіс.  Бұл  технологиялар  басшыларға  да,  әр  мұғалімге  де 

таныс болуы міндетті. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет