Баярыстанова э. Т



Pdf көрінісі
бет19/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68
Байланысты:
Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері

                 

1. Басқару принциптеріне түсінік, оларды жіктеу 

  Басқару  принципі  дегеніміз  –  менеджмент  субъектісінің  басқару  функцияларын 

жүзеге  асыруда  жетекшілікке  алатын  негізгі  идеялары  мен  ережелері. 

Принциптердің сақталуы басқару заңдылықтарының орындалуын қамтамасыз етеді. 

Басқару  принциптерін  теориялық  тұрғыдан  айқындаған  Ф.Тейлор,  А.Файоль 

(20ғ.басы).  Бұл  ғалымдардың  ұсынған  принциптері:  еңбек  бӛлінісі  және 

мамандандыру, ӛкілеттіліктер, тәртіптілік, басқаруды орталықтандыру, іс-әрекеттер 

бірлігі, жеке мүдделердің ортаққа бағыныштылығы, еңбекке сыйақы тӛлеу, т.с.с.   

   Басқару  теориясының  ӛзгерістерге  ұшырап,  әлеуметтік  менеджменттің 

қалыптасу барысында (80-90 ж.ж.) жаңа  принциптер пайда болды. Олар басқару 

ісіндегі  негізгі  бағытты    әкімшілік  ықпалдардан  адамаралық  қатынастарға 

ауыстырып, әлеуметтік-психологиялық тәсілдердің маңызын арттырды. 

  Аталған  принциптерді  негізгі  ала  отырып,  ғалымдар  педагогикалық 

менеджмент  теориясында  бірқатар  принциптерді  ажыратып  кӛрсетеді:  мақсат 

нақтылығы  (жоспарлау,  ұйымдасытру,  бақылау  істерінің  негізі  ретінде); 

басқаруды  гуманизациялау  және  демократиялау;  біртұтастық  және  жүйелілік; 

ғылыми негізділік, объективтілік; т.б. 

Бұл принциптерді шартты түрде тӛрт үлкен топқа бӛлуге болады: 



1) Негізгі принциптер: 

-  жүйелілік  –  менеджменттің  жүйеқұрушы  компоненттерінің  құрылымдық 

(мақсат, коммуникация, мазмұндық-ұйымдастырушылық, талдау-жинақтау) және 

функционалдық  (жоспарлау,  ұйымдастыру,  бақылау)  бірлігін  қамтамасыз  етуді 

кӛздейді; 



31 

 

-  мақсат  нақтылығы  –  түпкілікті  мақсаттың  анық  белгіленуін  қамтамасыз  етіп, 



барлық  басқару  функцияларының  негізі  болып  табылады;  (оны  сақтамау  оқыту 

процесіне  үлкен  пед.ж.әлеум.зиян  келтіреді;  «100пайыздық  үлгерім»  лозунгтік 

мақсат  пен  нақты  жағдай  арасындағы  қайшылық).  Мақсат  болжауда  ескерілетін 

маңызды  факторлар:  тиімділік,  шынайылық  (ақиқатқа  сәйкестік),  әлеуметтік 

маңыздылық, перспективтілік. Принциптің аспектісі – басқару объектісінің нақты 

жағдайы туралы толық және объективті ақпараттың болуы; 

-  ізгіліктік  н/е  гуманизм  принципі  –  адамның  тұлғалық  құндылығын,  оның 

құқығы  мен  бостандығын,  қадір-қасиетін  құрметтеуді  талап  етеді  (ӛзін-ӛзі 

жетілдіруге мүмкіндік беру); 

-  кешенділік  –  басқару  функцияларының  (жоспарлау,  ұйымдастыру,  бақылау) 

толық  орындалуын  қамтамасыз  етеді;  (практикада  жоспар  жақсы  жазылып, 

орындалуы ұйымдасытырылмайды н/е реттеу ж. бақылау жүзеге асырылмайды); 

-  ӛзін-ӛзі жүйелі жетілдіру принципі – менеджменттің жаңа технологиялары мен 

озат тәжірибелерін пайдалану арқылы басқару жүйесін үнемі жетілдіруді кӛздейді 

(қазіргі кезде аса маңызды). 

2) Басқарудың арнайы принциптері: 

-  Басқаруды  орталықтандыру  мен  ӛкілеттендіруді  тиімді  үйлестіру  принципі  – 

басқару шешімдерін қабылдауда ӛкілеттіліктерді дұрыс (тиімді) бӛліп белгілеу; 

-  Бірыңғай  басқару  мен  алқалық  басқаруды  дұрыс  қолдана  білу  –  түрлі 

деңгейдегі басшылардың пікірі негізінде ұжымдық шешім қабылдай білу; 

-  Ғылыми  негізділік  принципі  –  барлық  басқару  әрекеттері  ғылыми  бағыттар 

(ғылыми  бағыт  -  НОТ,  ғылыми  фундамент,  іріктеу; стратегиялық  –  келешекке 

бағыттау;  антропоцентрлік  –  адамды  құрметтеу,  олардың  сенімін, 

жауапкершілігін  арттыру,  потенциалының  дамуына  жағдай  жасап  барып, 

пайдалану) 

мен 

әдістерді 



(әкімшілік, 

әлеуметтік-психологиялық, 

экономикалық) қолдану негізінде жүзеге асырылуы тиіс; 

-  Жоспарлылық  принципі  –  ұйымның  келешекте  даму  жоспарын  құру,  оған 

жету жолдарын, бағыттарын, міндеттерді жоспарлау қажеттігі; 

-  Құқықтар  мен  міндеттердің,  жауапкершіліктің  үйлесімділігі  –  ұйымдағы 

әрбір  қызметкердің  атқаратын  нақты  іс-әрекеттері    белгіліп,  ӛз  міндеттерінің 

орындалуы үшін жауапты болуы тиіс; 

-  Ынталандыру  принципі  –  менеджер  тарапынан  мадақтау  және  жазалау 

жүйесі  неғұрлым  мұқият  жүзеге  асырылса,  қызметкерлерді  мақсатты  іс-

әрекетке ынталандыру бағдарламасы соғұрлым нәтижелі болады: 

-  Басқаруды 

демократияландыру  принципі  –  басқару  ісіне  барлық 

қызметкерлерді қатыстыру. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет