Білім беру мекемесіндегі басқарушылық еңбек.
Басқару - ұйымның жұмыс істеу мақсатын тұжырымдауға және орындауға
мүмкіндік беретін жоспарлаудың, ұйымдастырудың, себептендірудің және
қадағалаудың жүйелі процесі.
Басқару еңбегінің ерекшеліктері:
- әрекеттің үш түрінен тұратын ақыл-ой еңбегі болады:
- ұйымдастырушылық - әкімшілік және тәрбиелеушілік;
- талдаушылық және конструктивтік;
- ақпараттық- техникалық;
- материалдық игіліктерді жасауға қатысады және басқа қызметкерлердің
еңбегі арқылы қызмет кӛрсетеді;
- еңбек заты - ақпарат;
- еңбек құралы - ұйымдастырушылық және есептеу техникасы;
- еңбек нәтижесі — басқару шешімі;
- негізгі функциялары: жаспарлау, ұйымдастыру, себептендіру, қадағалау.
Білім беру жүйелерін басқарудағы ақпарат
Білім беру жүйелерін басқарудағы ақпарат - талапқа сай тұтастық
педагогикалық процесті жүзеге асыруға септігін тигізетін статистикалық,
психолого-педагогикалық және сапалы мәліметтердің қатаң анықталған кешені.
Басқарушылық ақпаратқа қойылатын талаптар: объективтілігі; толықтығы
және жан-жақтылығы; уақытына сәикестігі; тұжырымның анықтығы;
оперативтілігі.
68
Білім беру мекемелеріндегі басқару еңбегінің ерекшелігі:
- әрбір білім беру мекемесі ӛз жұмысында жекелігі мол болады;
- басқару еңбегі оқшауланған бола алмайды;
- білім беру басшысының еңбегіне оны құрайтын әр түрлі кӛптеген бӛліктері
тән;
- жұмыс барысының ырғағының күрделілігі, ауырлылығы, күтпеген стресстік,
тартыстық жағдайлардың пайда болуы;
- басқару объектісінің ерекшелігі;
- басқарудың объектісінің бірі (педагогикалық ұжым) сонымен қатар
басқарудың субъектісі де болады;
- қарым-қатынас арнасы кең - педагогтар, техникалық персонал, әртүрлі
жастағы балалар, ата-аналар, жұртшылық т.б.
- педагогтың жұмысының ерекшелігі мол, сондықтан ол қатаң
программдауға және объективті бағалауды қиындатады;
- педагогикалық ұжым ерекше типтегі еңбек коллективіне жатады.
Білім
беру
жүйелерін
басқарудың
әдістері:
нормативтік;
ұйымдастырушылық-әкімшілік
(ұйымдастырушылық-тұрақтандырушы;
жарлықты; ынталандырушы әсер ету әдістері); педагогикалық; әлеуметтік-
психологиялық; экономикалық; психологиялық.
Достарыңызбен бөлісу: |