73
жетістіктерінің нәтижесіне негізделген еңбекті ұйымдастырудың жетілдіру
процесі. Оқыту мен тәрбиелеу процесін дұрыс ұйымдастыру және құралдарды
барлық қатысушылардың толық және тиімді пайдалануы, іске асыруды
интенсификациялау, ізгілендіру және гуманитарландырудың диалектикалық
ұштасуы жағдайында мүмкіншілік алады. Педагогикалық еңбекті ғылыми
ұйымдастыру (ПЕҒҰ) - Еңбекті ғылыми ұйымдастыру - ғылыми есептелген
әрекеттердің кешені, ол ғылымның жетістігі негізінде еңбек процесін
жетілдіруге септігін тигізеді, сӛйтіп барынша аз құрал, уақыт және күш жұмсау
арқылы еңбекте жоғары нэтижені қамтамасыз етеді.
ПЕҒҰ Заңдары
• Уақытты барынша үнемдеу және тиімді қолдану;
• Еңбектің және демалыстың жағымды жағдайын жасау және тиімді қолдану;
• Еңбек процесіндегі бүкіл қатысушылардың психикалық және денелік
денсаулығына және жан-жақты дамуына барынша қамқорлық жасау.
ПЕҒҰ ұстанымдары
• Оптималдығы,
ізгіліктігі,
эстетикалығы,
үнемділігі,
ұжымдылығы,
мамандандырылуы, перспективалылығы (болашағы бар).
ПЕҒҰ мазмұны
• Еңбек жағдайы (материадық база, психологиялық ахуал)
• Еңбек режимі (кесте, ішкі тәртіптің ережесі, жоспарлау)
• Функционалдық міндеттерді тиімді бӛлу, еңбекті кооперациялау
• Жұмыстың тиімді эдістері мен тәсілдерін енгізу
• Мұғалімнің біліктілігін және мектептің әдістемелік жұмысын жетілдіру
Оқушының ЕҒҰ және оның енгізілуі.
Достарыңызбен бөлісу: