Педагогикалық талдау жүйесі мынадай мақсаттарды кӛздейді:
1. Мұғалімнің жұмыс жүйесін зерттеу.
2. Оқыту қызметіндегі позитивті тенденцияларды дамыту.
3. Кемшіліктерді біртіндеп жою.
4. Озат педагогикалық тәжірибені анықтау және жалпылау.
5. Талдау негізінде мұғалімдерге нақты әдістемелік және ӛзге қажетті кӛмек
кӛрсету.
6. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру және оңтайландыру мақсатында жеке,
топтық, ұжымдық әдістемелік жұмыс түрлерінің мазмұны мен бағыттарын
анықтау.
7. Оқушылардың нақты мүмкіндіктерін және таяу даму зоналарын оқып
зерттеу.
Мектеп туралы ақпараттық анықтаманы талдау:
1. Оқушылар саны.
2. Ауысымдар саны және олардағы сыныптар.
3. Білім алу сатылары бойынша сыныптар саны.
4. Мұғалімдер саны (жалпы саны және білімі, санаты, атағы, еңбек ӛтілі,
жынысы, т.б. сипаттамалары бойынша жіктелген саны).
5. Мұғалімдердің орташа жасы.
6. Мектептің жұмыс тәртібі (бес күндік, ұзартылған, т.б.).
7. Сыныптар бойынша сабақтардың ұзақтығы.
8. Материалдық-техникалық базаның жағдайдайы (спорт залдары, стадитон, акт
зал, асхана, оқу кабинеттерінің саны және жабдықталуы, кітапхана қоры,
медициналық кӛмек кабинеттері, т.б.).
9. Сабақтан тыс тәрбие жұмысының сипаттамасы (мектеп базасындағы
үйірмелер, клубтар, секциялар, т.б.).
10. Мектеп тарихы, қалыптасқан дәстүрлер туралы қысқаша ақпарат.
11. Оқушылар контингентінің сипаттамасы (жынысы, отбасының әлеуметтік
құрамы, ұлты, денсаулық жағдайы, оқудағы табыстары және т.б. маңызды
параметрлер бойынша).
12. Социум сипаттамасы (мектептің орналасқан жері, оның маңайындағы
мәдени-ағартушылық, спорттық, т.б. мекемелер, сауда орындары және т.б.)
13. Ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орындарымен, біліктілікті арттыру
институттарымен шығармашлық байланыс сипаты.
14. Соңғы оқу жылындағы оқу-тәрбие процесі нәтижелерінің қысқаша
қорытындысы.
39
15. Мектептің аса мәнді жетістіктерінің, неғұрлым «әлді» жақтарының
сипаттамасы (менеджментте бұл – ұйымның бәсекедегі басымдылықтары деп
аталады).
16. Мектептің басқару жүйесінің сипаттамасы (ұйымдық механизм) және т.б.
Сонымен, педагогикалық талдау - білім менеджерінің оқу-тәрбие процесінің
нақты жағдайын зерттеуге, оның нәтижесін объективті бағалауға және даму
тенденциясын анықтауға бағытталған қызметі (функциясы). Талдаудың
объективтiлiгi, тереңдiгi, перспективлiгi жаңа оқу жылының жоспарын жасауға
дайындық қызметiн атқарады, сондай-ақ оның негізінде оқу-тәрбие жүйесін
жоғары сапалы жағдайға жеткізу жӛнінде нұсқаулар әзірленеді.
Басқа функцияларға (мысалы, жоспарластыру немесе ұйымдастыру)
қарағанда сырттай тиiмдiлiгi тӛмен болып кӛрiнетiн педагогикалық талдау
жасырын, кӛлеңкелi сипат алады, сондықтан ол тұлғадан жинақтау, салыстыру,
жүйелеу арқылы педагогикалық факторлер мен құбылыстарды талдау үшiн
ақыл-ойды барынша ширатуды талап етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |