құқын қорғау, оларды үйде оқыту, тәрбиесi қиын оқушыларға кӛмек кӛрсету
жоспардың бұл бӛлiмiнiң кӛлемi барынша мол болады. Бұл, әсiресе, бiлiмнiң,
ұйымдастырудың жаңа түрлерiн қолдану, оқытуды дербестендiру және жiктеу
43
ұйымдарын қолдаудың «Бала құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясына
сәйкестiгi.
4. Мектептiң, отбасының, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымының оқушылар
тәрбиесiндегi бiрлескен жұмыстары. Мектептiң ата-аналардың педагогикалық
бiлiмiн кӛтерудегi жұмыстары. Бұл жұмыстың мазмұны отбасы мен қоғамдық
орталық бiрлескен әрекетiндегi мектептiң ұйымдастырушы орталық ретiндегi
рӛлiн нығайтуға бағытталады. Ол мазмұнға ата-аналар ұжымы мен мектеп
кеңесiнiң
жұмысы,
педагогикалық
лекторийлер,
жалпы
мектептiк
педагогикалық конференция, педагогикалық университет сабақтары, ата-аналар
үшiн ашық есiк күндерi енедi. Ата-аналарды үйiрме, секция, студия және т.б.
қоғамдық жұмыстарды жетекшiсi ретiнде оқушылардың тәрбие жұмыстарына
тарту, сол сияқты ата-аналармен дербес жұмыс жүргiзу де осы бағыттың
мазмұнын құрайды.
5. Педагог кадрлармен жұмыс. Педагог кадрларды аттестациялау, олардың
кәсiптiк дайындығының деңгейiне баға беруде информатика мен ЭЕТ
құралдарын пайдалану, мектеп ұжымының жалпы мектептiк ғылыми-
әдiстемелiк мәселелермен - семинар, конференция, педоқу, әдiстемелiк кеңес
отырыстары, педагогикалық кеңес ӛткiзу. Озық педагогикалық тәжiрибе
мектебiнiң жұмысын жолға қою. Пән мұғалiмдерi мен сынып жетекшiлерiнiң
әдiстемелiк бiрлестiктерi қызметiнiң мазмұнын айқындау. Педагогикалық
тәжiрибенi зерттеу, жинақтау және таратуға басшылық жасау. Мектепте
инновациялық орта қалыптастыру, педагогикалық инновацияны бағалау және
енгiзу.
6. Мектепiшiлiк бақылау жүйесi. Бұл тарауда бақылауға байланысты арнайы iс-
әрекет бағдарламасы қарастырылады.
7. Мектептiң оқу-материалдық базасын нығайту мектептiң материалдық
құндылықтары, оқытудың техникалық құралдары, оқу құралдарын түгендеп
отыру жыл бойына жоспарластырылады. Оқу кабинеттерiн безендiру және
қайта жабдықтау. Ұзартылған күн тобы мен 6 жасар балалармен жүргiзiлетiн
сабақ жұмыстарын жетiлдiру. Спорт, туризм, техникалық шығармашылықпен
айналысудың
материалдық-техникалық
базасын
нығайту.
Мектеп
кiтапханасының қорын толықтыру. Мектептi ағымдағы және күрделi
жӛндеуден ӛткiзудiң бағдарламасы.
8. Ұйымдық-педагогикалық iс-шаралар. Жоспардың бұл бӛлiмiнде мектеп
кеңесi отырысының, педагогикалық кеңестiң,ӛндiрiстiк жиынның тақырыптары
жазылады. Мектеп басшылары арасында мiндет бӛлiсiледi, мектептiң бiртұтас
жұмыс тәртiбi, кезекшiлiк кестесi анықталады, оқу жүктемесi, сынып
жетекшiлiгi, кабинет меңгерушiлiгi және т.б. бӛлiнiп берiледi.
Ағымдағы жоспар жалпы мектептiк жоспарды нақтылау үшiн оқу
тоқсанында жасалады. Оларға сабақ кестесі, мектепішілік бақылау жұмысының
жоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, орындалу мерзімі бір айдан
артық іс-шаралардың жоспары (ҰБТ-ға, МАБ-қа дайындық, т.б.); сабақ
жоспарлары жатады.
44
Осылайша жоспарлардың негiзгi түрлерi педагог, оқушы және ата-аналар
ұжымдарының әрекетiн үйлестiруге мүмкiндiк бередi. Бұл жоспарлар
мұғалiмдер мен сынып жетекшiлерiнiң жұмысы үшiн стратегиялық жоспар
болып табылады. Бiртұтас басқару циклында жоспарластыру қызметiн iске
асыру мектеп қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: