«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет72/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   130
Еңбек ақы дегеніміз адамдарға белгілі бір мерзім ішінде еңбек еткені үшін төленетін ақы. Қызметкерлердің еңбегіне уақыт бойынша, кесімді немесе еңбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері бойынша төленеді. Ақы төлеу жеке және ұжымдық еңбек нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін. Еңбекке ақы төлеу жүйесі тарифтік, тарифсіз немесе аралас жүйелер негізінде қалыптастырылуы мүмкін. Еңбекке ақы төлеудің тарифтік жүйесі; тарифтік ставкаларды айлықақыларды, тарифтік торды, тарифтік коэффициенттерді қамтиды. Еңбекке ақы төлеудің тарифсіз жүйесі еңбекке ақы төлеуге арналған қаражатты қызметкерлердің кәсіби қабілеттерін бағалаудың өлшемдері мен принциптеріне және олардың түпкі нәтижеге қосқан үлестеріне қарай үлестік бөлуге негізделеді. Аралас жүйе еңбекке ақы төлеудің тарифтік және тарифсіз жүйелерінің элементтерін қамтиды.
Қазақстан Республикасында 2007жылы 15 мамырда №251 қабылданған «Еңбек кодексі», қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бір жолғы ынталандырушы төлемдерді есепке алмағанда, қызметкерлердің орташа айлық жалақысының кемінде 75 пайызы болатын негізгі жалақы үлесін қамтамасыз етуге тиісті екендігін көрсетеді. Еңбек ақы деңгейі қызметкердің орындаған жұмысының саны мен сапасына және күрделілігіне, еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді. Белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері Қазакстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Қазақстан Республикасының заңымен жыл сайын белгіленетін айлық жалақының ең төменгі мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен кем болмайды. Ең төменгі жалақы құрамына қосымша ақылар мен үстеме ақылар, өтемақы төлемдері, әлеуметтік төлемдер, сыйақылар мен басқа да ынталандыратын төлемдер енбейді, және жұмыс істелген уақытқа барабар төленеді. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік біліктілік сипаттамалары», «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы», сондай-ақ ұйымдар басшыларының мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді. Кәсіпорындарда өндіріс тиімділігі және жұмыс сапасын арттыруға қызметкердің материалдық мүдделілігін күшейту үшін, оның жұмысының қорытындысы бойынша сыйлық сыйақы беру жүйесі және материалдық көтермелеудің басқа да нысандары енгізілуі мүмкін.
Қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша келісім – еңбек шарты жасалынады. Еңбек шартына сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерлерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде, жұмыс берушінің актілерінде айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.
Жалақы деңгейін көбейту жұмыс берушінің нормативтік құжаттарда тиісті кезеңге белгіленген инфляция деңгейін негізге ала отырып,келісімдерде, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен жүргізілетін жалақыны индекстеуді қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет