«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Еңбек нарығының динамикасына ықпал ететін факторлар



бет73/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   130
12.2. Еңбек нарығының динамикасына ықпал ететін факторлар.
Еңбек нарығы экономиканың жағдайын, жұмыссыздықтың деңгейін, адамдардың кәсіби біліктілігін, елдегі демографиялық көрсеткіштердің құрылымын көрсетеді. Еңбек нарығының ерекшеліктері: бірыңғай ұлттық нарық ретінде қалыптасуы, еңбекке жалдаудың ерекше көрсеткіші ретінде қалыптасуы. Еңбектің тікелей әсер етуі арқылы жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі, нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Бұл жағдай еңбектің шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамашылдықты ынталандырады. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс көмегімен бекітіледі.
Еңбекке сұраныс келесі факторларға байланысты: тауар өндірісіндегі еңбек өнімділігі, жұмыс күші көмегімен өндірілген өнімдердің нарықтық құны немесе бағасы, жұмыс күшінің құны, еңбекті басқа факторлармен алмастыру мүмкіндігі, басқа өндіріс факторларының ұсынысы қалыптасады.
Еңбек ұсынысына келесі факторлар ықпал етеді:

    1. тұрғындардың жалпы саны;

    2. жұмыс істейтін белсенді халықтың үлес салмағы және оның өзгерісі;

    3. әрбір жеке жұмысшының жұмыс істеу мерзімі;

    4. тұрғындардың кәсіби дайындығы және мамандық дәрежесі.

Американ ғалым-экономисті П.Самуэльсон бойынша еңбектің тұтас ұсынысы ең аз дегенде төрт көрсеткішпен анықталады: халықтың жалпы саны, жалпы тұрғындар санының ішіндегі өзі әрекет ететін халықтың үлесі, аптасына және бір жыл бойына жұмысшылардың өтеген орташа сағат саны, жұмысшының жұмсайтын еңбегінің саны, сапасы.
Еңбектің сұранысы мен ұсынысына әсер ететін факторлардың өзара байланысы, ара қатынасы, динамикасы(серпіні) келесі кестеде көрсетілген:
Кесте 16.
Еңбек нарығы динамикасына әсер ететін факторлар (Гильденгерш бойынша)






Факторлар

Ұсыныс

Сұраныс

Еңбек бағасы

Демографиялық факторлар

1

Халықтың саны және оның серпіні

+







2

Жұмыс істейтін белсенді халықтың үлес салмағы және оның өзгерісі

+

+




3

Демографиялық құрылым және оның серпіні

+







4

Көші-қондық тасқыны

+







Экономикалық факторлар

1

Өндірістің көлемі және құрылымы

+

+

+

2

Халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткіштерінің серпіні: жалпы өнім, жинақталу қоры және т.б.

+

+

+

3

Халық шаруашылығы және аймақ деңгейіндегі құрылымдық өзгерістер

+

+

+

4

Инвестициялық белсенділіктің деңгейі, инвестиция көлемі, жаңа жұмыс орындары қалыптасу қарқыны

+

+




5

Еңбек өнімділігі және тиімділігі (қоғамдық, салалық, аймақтық, шекті)

+







6

Инфляция деңгейі

+

+

+

7

Нарықтық қатынастардың және бәсекелестіктің дамуы

+

+

+

8

Еңбектің интенсивтілігі және жұмыс уақытының ұзақтығы

+

+

+

9

Сыртқы экономикалық қызмет, шет ел инвестицияларын қоса алғанда

+

+

+

Әлеуметтік факторлар

1

Тіршілік деңгейі

+

+

+

2

Ұсынылған еңбектің сапасы және қызметкердің біліктілігі

+

+

+

3

Әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі

+







4

Білім беру жүйесінің дамуы

+

+

+

5

Еңбек уәждемесі

+







6

Кәсіподақ қозғалысының дамуы

+

+

+

7

Денсаулық сақтау жүйесінің дамуы

+







8

Әлеуметтік серіктестік

+

+

+

9

Еңбек жағдайының өзгерісі

+

+

+

Құқықтық факторлар (реттейтін заңдар)

1

Салық салу

+

+




2

Еңбек және демалыс тәртібі(жұмыс уақыты, демалыс ұзақтығы)

+

+

+

3

Жұмысқа жалдау және шығару жағдайлары

+

+




4

Жұмыспен қамтылушылық, көші-қон, қоныс аудару туралы заңнама

+

+

+

5

Жеке еңбек қызметін,кәсіпкерлік қызметті, конверсия, банкротқа ұшырауды реттейтін заңнама

+

+

+

Ұйымдық факторлар

1

Еңбекті, өндірісті,басқаруды ұйымдастыру деңгейі

+

+

+

2

Жұмыспен қамтушы қызмет жұмысын ұйымдастыру

+

+

+

3

Жұмыспен қамтылған және қамтылмаған халықты даярлау,қайта оқытуды ұйымдастыру

+







4

Жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру жұмыстары

+







5

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

+

+




Табиғи-климат факторлары

1

Табиғи-климат жағдайлары

+

+

+

2

Территорияны игеру және қонысқа орнығу деңгейі

+

+

+

3

Территорияның индустриалдық және мәдени орталықтардан қашықтығы

+

+

+



Көптеген факторлар сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді. Сұраныс пен ұсыныстың белгілі бір арақатынасы еңбек бағасына әсерін тигізеді. Еңбекке деген сұраныс ұсынысқа қарағанда артық болатын жағдайда, еңбек нарығындағы еңбектің бағасы өседі. Егер, керісінше еңбек ұсынысы сұраныстан артық болатын жағдайда, еңбек бағасы төмендейді.
Экономикалық циклдың бір фазасынан басқасына ауысу кезеңінде нарықтық жағдаяттың өзгеру әсерінен, жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс арасында елеулі өзгерістер пайда болады. Сонымен, экономиканың жандану және өрлеу кезеңдерінде, жоғарғы деңгейдегі нарықтық жағдаяттың қалыптасуына байланысты, жаңа кәсіпорындар ашылады, бұрыннан жұмыс істейтін кәсіпорындар ұлғаяды, және соның салдарынан жаңа жұмыс орындары ашылады да жұмыс күшіне деген сұраныс артады. Мұның нәтижесінде еңбектің бағасы неғұрлым өседі. Керісінше, экономикалық құлдырау басталғанда кәсіпорындар жабылады, тауарлар мен қызметтер өндірісі қысқарады, жұмыс күшінің бір бөлігі артық болуына байланысты бос еңбек нарығына шығарылады. Сөйтіп, еңбектің бағасы арзандайды.
Нарық жағдаяты тек экономикалық циклдың қозғалысына байланысты ғана өзгеріске ұшырамайды, оның өзгерісіне тұрақты түрде бәсеке үдерісі әсер етеді. Сондықтан, еркін бәсеке жағдайында нарықтық жағдаят ықпалынан еңбектің бағасы үнемі өзгеріске ұшырап отырады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Еңбек нарығы туралы түсінік?

  2. Еңбек нарығына әсер ететін факторлар?

  3. Еңбек нарығында баға белгілеу ерекшеліктері?

  4. Еңбек ақы және оның түрлері?

  5. П.Самуэльсон бойынша еңбектің тұтас ұсынысы қалай анықталады?

  6. Еңбек нарығы динамикасына әсер ететін факторлар?

  7. Еңбек нарығының атқаратын әлеуметтік қызметтері?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет