«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Бағаның құрамы және құрылымы



бет88/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   130
6. Бағаның құрамы және құрылымы.



    1. Әдістемелік нұсқауы бар есептер



Есеп 1.
Барлық тауар тобына бірдей деңгейдегі сауда үстемесі қолданылса, жалпы табыс көлемін, жалпы тауар айналымы бойынша есептеу қолданылады. Егер, сауда үстемесі деңгейі есепті кезеңде өзгеріске ұшыраған болса, сауда үстемесінің өзгерген әр түрлі деңгейін қолдану кезеңіне тауар айналымы көлемі жеке-дара есептелінеді.
Тауарларды өткізуден түсетін жалпы түсім деңгейі тауар айналымы әдісі бойынша төмендегідей есептелінеді:
ЖТ = Т × ЕҮ : 100,
мұнда, Т – жалпы тауар айналымы,
ЕҮ – есептелетін сауда үстемесі,теңге.
ЕҮ = СҮ : (100 + СҮ) × 100,
мұнда, СҮ – сауда үстемесі, %.
Сондықтан, жалпы табыс келесі формуламен анықталады:
ЖТ = Т × СҮ : (100 + СҮ).
ЖШС «Бастау» сауда фирмасының 2011 жылғы қаңтар айындағы сатудан түскен түсімі – 240 000теңге, соның ішінде ҚҚС - 25714 теңге. Ұйым басшысының бұйрығы бойынша барлық тауарларға сауда үстеме бағасы 20% құрайды. Өткізілген тауарларға қатысты 2011 жылдың қаңтар айындағы сауда үстеме бағасы (жалпы табыс) 40 000 теңге құрайды.
(240 000 х 20 : (100 + 20)) = 40 000.
Есеп 2.
Жалпы табыс тауар айналымы ассортименті әдісі бойынша да анықталады. Бұл әдіс тауарлардың әр түрлі топтарына сауда үстемесінің әр түрлі деңгейі қолданылған жағдайда пайдаланылады. Ол, үстеме деңгейі бірдей тауарлар енетін тауар топтары бойынша міндетті есепке алуды ұйғарады.
Тауар айналымы ассортименті бойынша жалпы табыс төмендегі формула арқылы есептеледі:
ЖТ = (Т1 × ЕҮ1 + Т2× ЕҮ2 + ... + Тn × ЕҮn) : 100,
мұнда, Т1,Т2,..., Тn – тауар топтары бойынша тауар айналымы
ЕҮ1, ЕҮ2,..., ЕҮn – тауар топтарының есептелетін сауда үстемесі.
Сонымен, ЕҮn = СҮn : (100 + СҮn) × 100,
мұнда, СҮ1,СҮ2,..., СҮn – тауар топтары бойынша сауда үстемесі,%.
Келесі негізгі деректер берілген:
Кесте 12

Тауар топтары

Тауар айналымы, теңге

Сауда үстемесі,%

№ 1 тауар тобы

25 000

25

№ 2 тауар тобы

6 500

30

Барлығы

31 500




Алдымен, әр тауар тобы бойынша, есептелетін сауда үстемесін анықтаймыз.
№ 1 тауар тобы үшін есептелетін сауда үстемесі:
ЕҮ1 = 25 × 100: (100 + 25) = 20.
№ 2 тауар тобы үшін есептелетін сауда үстемесі:
ЕҮ2 = 30 × 100: (100 + 30) = 23,077.
Жалпы табыс (өткізілген тауарлар қатысты сауда үстеме бағасы):
ЖТ = (25 000 × 20 + 6500 × 23,077) : 100 = 6500 теңге.


Есеп 3.
Ағымдағы жылда кәсіпорынның өнімнің бір өлшеміне есептелінген толық шығындары 1500 теңге құрады. Баға деңгейін есептеуге кәсіпорын үшін пайдалылық коэффициенті 25%. Инфляция жағдайында шығындар өсімі 180 теңге болуы мүмкін.
Есептеңіз:

  • ағымдағы жылдағы баға деңгейін;

  • кәсіпорынның шығындарын толығымен өтейтін жәнеөнімнің бір өлшеміне есептегенде пайда деңгейін бұрынғы қалпында сақтап қалатын баға деңгейін;

  • шығындарды өтеумен қатар, 25% пайдалылық коэффициентін қамтамасыз ететін баға деңгейін.

Шешімі
Кесте 13.

Көрсеткіштер

Ағымдағы жылдағы мәні

Шығындарды өтеу және пайда деңгейін сақтап қалатын бағаны есептеу

Пайдалылық коэффициентін қалпына келтіруді ескеретін бағаны есептеу

Баға, теңге

2000

2180

2240

Кәсіпорын толық шығындары, теңге

1500

1680

1680

Пайда, теңге

500

500

560

Пайдалылық коэффициенті, %

25

22,9

25

1. ағымдағы жылдағы баға деңгейі: 1500 = 2000 теңге.
0,75


2. Кәсіпорын шығындарын толық өтеу үшін баға деңгейін 180 теңгеге арттыру керек, яғни баға 2180 теңгені құрайды, бұрынғы қалпындағы пайда 500 теңгеге тең, ол 22,9 % пайдалылық деңгейін құрайды.
25% пайдалылық коэффициентін сақтайтын болсақ, пайда төмендегідей есептелінеді:
1680 х 0,25 = 560 теңге, осыған сәйкес баға 2240 теңге.
0,75




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет