5. Нарықты және бағаларды мемлекеттік реттеу.
5.1.Әдістемелік нұсқауы бар есептер.
Ауыл шаруашылығы өнімдеріне сатып алу бағасын қалыптастыру.
Есеп – 1.
Ауыл шаруашылығы өндірістің басқалай салаларынан өзіне тән ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Ауыл шаруашылығы табиғи факторларға мүлдем тәуелді, өндірісі маусымдық сипатта болады, өндіріс ұлан ғайыр территорияда жүзеге асырылады және т.б..
Қандай да болмасын инфляция жағдайында, ауыл шаруашылығы тауарларының мүмкін болатын ең жоғарғы бағасы, сұраныстың қандай деңгейі болса да келесі жағдайлармен шектеледі,
Біріншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушылардың қаржы – қаражат мүмкіншілігімен, екіншіден, олардың сұраған қымбат бағаны төлеуге әзірлігімен.
Сатып алушылардың . мүмкін болатын инфляция деңгейін ескере отырып, өнімге қымбат баға төлеуге әзірлігі келесі теңсіздік түрінде сипатталады:
мұнда,Ст – сатуға шығарылған кездегі өндірістік шығындар мен орташа пайда нормасын сипаттайтын, тауардың нақты құны;
i – инфляцияның орташа қарқыны;
t - уақыт; Ф – сатып алушының қаржы – қаражат мүмкіншілігі.
Мемлекет экономикалық саясатты жүзеге асыра отырып, ауыл шаруашылығы өнімдері бағасын нарықта қалыптасқан жағдаятқа сай қалыптастырады.Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өндірген және өткізген өнімдерінен түсетін ағымдағы жылдағы ақшалай қаражаттар, келесі жылы астық өнімін жинағанға дейінгі аралықтағы шығындарды өтеуге жеткілікті болуы қажет.
Мысалы, n – айда, инфляция деңгейін есепке ала отырып, Sn – қаражат жұмсалады:
мұнда, Sо – инфляция болмаған жағдайдағы шаруашылықтың орташа айлық шығындары; i бір айдағы инфляция деңгейі.
Жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелінген, ауыл шаруашылығы кәсіпорынының өндірген А өнімін өткізуден түскен қаражат, n айға жетеді:
Осыған байланысты, мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу және ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға белгілеу саясатының бірнеше варианты жүзеге асырылады.Олар:
1.Мемлекет ауыл шаруашылығы кәсіпорнынан өндірілген өнімінің барлығын белгілі бір бағамен (Рт) сатып алады:
Мұндағы, Ро – 1 қыркүйектегі сатып алу бағасы: Т - өнімді өткізгеннен бастап, жаңа өнім жинағанға дейінгі кезең (ай есебімен).
Шаруашылықтың жалпы табысы:
2. Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны өзі өндірген өнімін жыл бойына бөліп – бөліп, аралық инфляциялық бағалар бойынша өткізеді Рt < Рт.
Шаруашылықтың жалпы табысы:
мұндағы Qt- аралықтағы әрбір t уақыт кезеңінде өткізілетін өнімнің үлесі.
3.Мемлекет ауыл шаруашылығы өнімінің барлығын бірден, әлде бөліп – бөліп келесі бағамен сатып алады:
мұндағы Рх- өнімді жинап алғаннан кейінгі х – айындағы өнімнің бағасы.
Шаруашылықтың жалпы табысы:
әлде
мұндағы Qх- х айында өткізілген өнімнің мөлшері.
Берілген деректерді қолдана отырып, ауыл шаруашылығы кәсіпорыны үшін неғұрлым қолайлы сату бағасын таңдап алыңыз:
шаруашылықтың әр ай сайынғы шығындары, (инфляцияны ескерусіз)-10млн тенге;
бір айдағы инфляция деңгейі - 9 %;
астықты жинап болғаннан кейін шаруашылық, келесі айларда өз өнімін өткізеді: қыркүйекте – 10%, қазан айы – 20%, қаңтар айы – 30%, маусымда -40%;
1 қыркүйектегі сатып алу бағасы - 28мың теңге;
шаруашылықта өндірілген дән көлемі - 100тонна.
Алынған жалпы табыстан, шаруашылық, барлық өндірістік шығындарын өтеуі қажет, әлеуметтік инфрақұрылымды күту шығындарын өтеп, 5млн. теңге көлемінде алынған несиені қайтаруы қажет. Шаруашылық сатудан түскен ақшаны банкте сақтайды, оның пайыздық ставкасы r= 7,5%.
Өзіңіз таңдаған сатып алу бағасының деңгейінің салдарын, мемлекет көзқарасынан және ауыл шаруашылығы көзқарасынан бағалаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |